1. Керекинфо дегенде ойыңа ең алдымен не келеді, немесе кім келеді?
Атына сай «еркін блог». Керекинфо десе — әрбір құбылыс пен оқиғаның біз ойламаған тұстары келеді. Оның үстіне айтылғандардың көбі шындыққа жанаспаса да жанға жақын. Нағыз троллингтің ордасы дер ем.
Сүйікті футболшыңды өтірік құлай қалған, жарақат ала салған малдың кесірінен қызыл картамен алаңнан қуып жіберіп, «сукі, өлтірем!» деп, экранға жұдырығыңды түйгендердің ішінде барсың ба?
Басқа тілден кірген, қолданыста жүрген тұрмыстық-техникалық заттар көп. Телефон, телевизор, сотка, компьютер, колонка және т.б. көп. Енді қазекем өз кезегінде қарап отырмай, осы терминдердің барлығын қазақшаға аударып шығады. Нәтижесінде қазақша жаңа сөздер пайда болады. Естіген құлақ қызық аудармалар көп. Телефон — сымтетік, сотка — ұялы сымтетік, немесе қалтафон, телевизор — теледидар, көгілдір экран деп жатамыз, айта берсең тізбектеліп кете береді.
Бүгін таңертең жұмысқа келсек, әріптес ағамыз (әрі ұстазымыз) екі жаңа сөз үйреніп келдім деп жаңалығын айта отырды. «Кондиционер» сөзінің қазақшасы қандай деп сұрақ қойды. «Салқындатқыш, желдеткіш және тб» сөздерді айттық, дұрыс емес деп жауап қайтарды. ФБ-дан сұрап көрдім, жауап келмеді. Бір уақытта табылды жауабы: «Ауабаптағыш!» біреулеріңіз естіген де боларсыздар, бірақ маған қызық көрінді. Салқындатқыш сияқты көрінеді кондер, бірақ ол толық мәнін ашып бере алмайды, ал «Ауабаптағыш» шынында да сәйкес келетін сияқты, арнайы шектегі ауаны баптайтын міндеті болғандықтан.
Екіншісін айтайын ба? Аға прокурор деген, «кәттә прокурор» екен)))))))))))))))))))))))))
Ескерту: Аяғы ауыр әйелдерге, ми-жүйке ауруына шалдыққандарға, жүрегіне жақын қабылдағыш адамдарға және aza мен оның байқауына төрелік ететін қазылар алқасына бұл жазба оқуға ұсынылмайды.
Барлық оқиғалар өмірден алынған, қандай да бір фантазиямен бірдей болуы сәйкестік деп бағаланады.
Жазба жеке адамның субъективті көзқарасы мен ұсыныстарын білдіреді және ақиқаттың анасы, шындықтың шешесі болуды көздемейді.
Тұғырнама атаулыны зорлап жатқан Blogcamp туралы жазбалардың қатарында жылт етіп көрініп қалу үшін кәлләмізді кернеп, жадымыздың гигабайттарын алып жатқан жағдайлар туралы жазуға бел шештік.
Биылғы ҚазКВН чемпионы ақтөбелік «Экспресс» командасы. Жоғары лигаға биыл ғана шыққан команданың финалға жетуінің өзін жетістік көріп, финалда көп ешкім жеңіс күтпеген еді. Алайда «Экспресс» 5 қарсыласын артта қалдырып, биылғы жылғы чемпиондықты жеңіп алды.
«Экспресс» салмақты, ойландыратын әзілімен ерекшеленген команда. Осы жеңісті салмақты әзілдің жеңісі деп бағалаймын. Арзан әзіл жеңілді. Бұл оқиға қазақша КВН-ға революциялық әсер береді деген ойдамын. Бұдан кейін командалар жеңіләзілдікті қойып, әзіл сапасына көңіл бөледі деген сенімдемін.
Қарға адым жерге өлген жерім осы деп шығатын беймаза уақыттар… Жердің апшысын қуырып шабу… Ат үстінде ұйықтау… Ұйқысыздық… Әр қырдың артынан бір жау елестейтін шизофрения… Аттың жалын құшып құлау… Досты майдан даласында құдайға
Мадагаскар фандарының бірі едім. Биыл жасаушылар бізді қуантайын деп отыр. Мадагаскарлықтардың Еуропадағы саяхаты туралы 3-ші бөлімі шығайын деп жатыр.