Ұлы музыкалық шығармалар. Нұрғиса Тілендиев амиго. "Махамбет"
Қарға адым жерге өлген жерім осы деп шығатын беймаза уақыттар… Жердің апшысын қуырып шабу… Ат үстінде ұйықтау… Ұйқысыздық… Әр қырдың артынан бір жау елестейтін шизофрения… Аттың жалын құшып құлау… Досты майдан даласында құдайға тапсырып қашу… Алатын кектердің санынан жаңылысу… Жаурау. Тіпті үсіп кету… Жауға тұтқиылдан тап беру, бір сәт жеңістен мейлінше ләзат алып қалуға тырысу, бірақ қанша шаттансаң да бір көзіңмен айналаға ұрлана қарап отыру… Күдікшілдік… Бала-шағаны ойлау, бірақ өзіңді тұрмыс қамынан биік ұстау үшін ешкімге көрсетпей қамшымен тартып жіберу… Құрдымға кеткеніңді түсінген сайын тістену, ышқыну…
www.box.com/s/a927e0845854145a2aee
Өз тасым осы шығарманы күніне екі реттен артық тыңдай алмайм, қиын, ауыр… Әлбетте, Вагнердің "Құдайлар төбелесінің" үстінен қақырып кетпесе, төбесінен қарайтын әлем музыка өнерінің жақұттарының бірі.
www.box.com/s/a927e0845854145a2aee
Өз тасым осы шығарманы күніне екі реттен артық тыңдай алмайм, қиын, ауыр… Әлбетте, Вагнердің "Құдайлар төбелесінің" үстінен қақырып кетпесе, төбесінен қарайтын әлем музыка өнерінің жақұттарының бірі.
Білмейм, әлде көп рет залда отырып, оркестрдің орындауында тыңдағандықтан ба екен…
Әр концертте отырған сайын, «Махамбетті», «Көңілді арбакеш» пен «Кішкентай балапандарды» асыға күтетінмін.
Р.Ғайсин тұр «мен де» деп
А.Дүйсенов те қол бұлғайды мені де ұмытпаңдар деп
Өтірік расын білмедім.
Бертін кездері Қаршыға Ахмедияров марқұм күй шығарып жүрді. Бірақ, тыңдап отырсаң, дежавю сезімі кетпейді, бір жерден естіген сияқты боласың да тұрасың.
Күренді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Фазкең қыста Қарағандыда күй кешін де өткізді. Бұл кісі «Серпер» тобының белді әншісі болған марқұм Биғазы Тұтқабековтың әкесі.
Мұхамеджан Тілеуханов деген күйшіні де атап өтуім керек тәрізді. Бекболаттың ағасы. Еліміздің әр аймағында бұндай кісілер бар ғой, тек ешкім назар аудара қоймайды қазір