Танымал алаяқтар ондығы: №3. Кристофер Роканкурт


2001 жылы Канада полициясы француз алаяқты қолға түсіреді. Ол — көптеген афераларымен белгілі Кристофер Роканкурт еді. Кристофер өзін Билл Клинтонның жақын досы және Рокфеллерлер отбасының мүшесімін деп айтыпты.
Әрі қарай

Танымал алаяқтар ондығы: №2. Фрэнк Абегнейл


Фрэнк Уильям Абигнейл — 1960 жылдары жасаған құйтырқы қылмыстарымен танымал. 16 жасынан бастап чектерді қолдан жасап, сол арқылы шоттардан ақша тігіп кетумен айналысады. 5 жыл ішіндегі осындай айласының арқасында 2,5 миллион доллар қолды болған. Қолға түспеудің амалдарын да жетік меңгеріп, түрлі кәсіптің өкілдері ретінде түрленуден алдына жан салмаған.
Әрі қарай

Танымал алаяқтар ондығы: №1. Виктор Люстиг


Виктор Люстиг (1890-1947) — Эйфель мұнарасын сатып жіберген адам.

Люстиг адамзат тарихындағы ең талантты алаяқтардың бірі саналады. Ол үнемі афералар ойластырумен болған, 45 бүркеншік есімі болған және бес тілде еркін сөйлей алған. АҚШ-тың өзінде Люстигті 52 рет тұтқындаған, бірақ қашан да дәлелдің жетіспеуінен босап шығады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс болғанға дейін алаяқтық жолмен трансатлантикалық круиздерде лотореялар ұйымдастырады. 1920-жылы АҚШ-қа көшіп барып, бір-екі жылдың ішінде банкттер мен жеке тұлғаларды алдап, он мыңдаған долларды қалтаға басқан.
Әрі қарай

Д.Б. Купер - күнәсіз қылмыскер

Ол бұған дейін қылмыс жасамақ түгілі, көлігін қате қаңтарғаны үшін салынатын айыппұл да төлемепті.


Д. Б. Купер (ағ. D. B. Cooper, сондай-ақ Dan Cooper) — 1971 жылы Northwest Airlines компаниясынан Боинг-727 ұшағын ұрлап кеткен атақты қылмыскер. Ол ақыры қолға да түскен жоқ, одан кейінгі өмірі де беймәлім.
Әрі қарай

Джон Диллинджер - Америка қоғамының №1 жауы

Бұған дейін 7 бөлімге бөліп әңгімелеген "20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері" тақырыбы кезінде Джон Диллинджердің аты жанама түрде бірнеше рет аталып өтілді. ХХ ғасыр басындағы гангстер-мафиялардың кейбіреуі осы Джон Диллинджермен байланыста болып, онымен бірге бірқатар істерді бірлесе атқарған. Сонымен, Джон Диллинджер деген кім?
Әрі қарай

"Мен сені сүйем, Филлип Моррис" немесе Стивен Рассел деген кім?


Көпшілік Джим Керри мен Юэн Макгрегор түскен педик қылмыскер туралы «Я люблю тебя, Филлип Моррис» комедиясын көрген шығар. Фильмді Гленн Фикарра мен Джон Рекуа түсірген. Бұл жәй кинокомедия деп ойламаңыз. Сюжет өмірде болған оқиғаның негізінде түсірілген, кейіпкерлердің прототиптері де қазір өмірде бар.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Жетінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы постта.

Бұл жолы мафияның кейбір мүшелерімен қатар, мафияға қызмет еткен ұрылар және балалар туралы да айтамын.


Мыналар бизнесмендердан және мафияға қарыздар адамдардан ақша бопсалаумен айналысқан. Тиісті адамынан ақша ала алу мүмкін болмаса, борышкерлердің денсаулықтарына немесе өмірлеріне үлкен қауіптер төндіреді. Қылмыстық істе олар туралы былай делініпті: Өте қауіпті, адамдарды өз ырқына көндіре алады және психологиялық қысым көрсете алады.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Алтыншы бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші постта.

Бұл жолы жалғыз баст қылмыскерлер жайында.

Автомобилдерді ұрлаудың шебері — Фитч. Чикагодан шыққан. Мафияға қызмет еткен, олардың істері үшін ұрланған машиналар жеткізіп отырған. Сонымен қатар әрі қарай бөлшектеп сату үшін де машиналар ұрлайды.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Бесінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші және төртінші постта.

Қандықол жендеттер мен банда мүшелері.


Смит — мафияның «атқыш» жігіттерінің басшысы. Қылмыстық істе былай жазылған: Айтқанына көндіре алады, айлакер және мафия жауларына рақымсыз, өте дәл атады.
Әрі қарай