20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Жетінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы постта.

Бұл жолы мафияның кейбір мүшелерімен қатар, мафияға қызмет еткен ұрылар және балалар туралы да айтамын.


Мыналар бизнесмендердан және мафияға қарыздар адамдардан ақша бопсалаумен айналысқан. Тиісті адамынан ақша ала алу мүмкін болмаса, борышкерлердің денсаулықтарына немесе өмірлеріне үлкен қауіптер төндіреді. Қылмыстық істе олар туралы былай делініпті: Өте қауіпті, адамдарды өз ырқына көндіре алады және психологиялық қысым көрсете алады.


Ұрланған құнды заттарды сатып алушы. Мафияға жұмыс істеген. Жезөкшелер мен ұрылардан бәрін сатып алып, жоғары бағаға сатумен айналысқан.


Үй тонаушы. Ұрлағанымен қоймай, қажет болса үй иелерін де өлтіреді. Қылмыстық істе былай делінген: Өте айлакер, епті, адамдардың аяушылық сезімін ояту үшін ақылы кем болып көрінгенді ұнатады.

Кішкентай Шмидт. Қаңғыбас, ұры. Мафияға қызмет еткен, дүкендер мен притондар арасында хат-хабар жеткізетін курьер болды. Полицияға қолға түсіп қалған кезде, құнды хаттарын лезде шайнап жұтып қойып отырған.


Мистер Скукерман — құнды қағаздар саласында қулық істермен айланысқан. Мафия үшін порттарда алаяқтық істер жасаған.


Дүкендер мен тұрғын үйлерді тонаушы жиырма жасар ұры. Оның есебінде үйлерді, дүкендерді тонау, қалтаға түсу ұрлықтары, қыз зорлау бар. Қылмыстық істе былай делінгін: Өте қауіпті, епті, айлакер, қашып кетуге және байбалам салуға бейім.


Мюррей — пәтер тонаушы. Бұл ұрының бір ерекшелігі сол — тапқан олжаларының бәрін ішімдікке және жезөкшелерге шашып отырған. Өзінің осы әлсіздігінің кесіренен ақыры байып үлгермеді.


Вальтер Смит — аса қауіпті бандит, көшенің құдайы. Көбінесе көше қантөгістеріне және мафияның кісі өлтіру тапсырыстарымен айланысқан. Қаруды ұнатпаған, сондықтан адамдарды жалаң қолымен өлтіреді: қараңғы көшелерден құрбанын ұстап алып, басын қайырып тыныш жер жастандырады. Қылмыстық істе былай делінген: Өте қауіпті, садисттік әуестігі бар, тістеп алуы мүмкін. Қорқу сезімі мүлдем жоқ. Жалғыз қамалсын.


Эллис — Чикаго гангстерлерінің банда авторитеті. Қылмыстарды ұйымдастырумен айналысқан, серіктерін қылмыс жасауға азғырған. Олжаны бөлісуді толықтай өз бақылауында ұстаған. Қылмыстық істе былай деп жазылған: Өте қатігез және қауіпті, лидерлік қабілеті жоғары, полиция мен заңды жек көреді.


Осымен жеті бөлімге созылған тақырып тамам. 20-ғасырдың басында Американың қылмыс әлемі осындай тұлғаларымен ерекшеленді. Қоғамда мафияның, гангстерлердің, ұйымдасқан қылмыстық топтардың ықпалдары үстем болды. Алдағы уақытта бұл тақырып аясында кейбір детальдарға қайта ораламын. Соның ішінде, атақты кейбір адамдарға жекелей тоқталмақпын. Мысалы, бұған дейін бірнеше рет аты аталған Джон Диллинджер бөлек қарастыруға тұрарлық адам. Келесі жолыққанша.
Бөлісу:

8 пікір

patick
Бұл ба бітті осымен
VKM
Рахмет, Патик.Қызықинфо болды
kokbori
Мынаның бәрін білгенде, масондар туралы да білетін боларсың. Соларды жазшы, ол қызықинфо емес, керекинфо болар еді, Патик
patick
ондайлар қызықтырмайды
kokbori
Бізді қызықтырып көрсейші
TERISKEY
ол туралы деректер менде аз ғана бар еді, алайда ол өте құпия деген желеу тағылған деседі берген кісі
kokbori
Онда бөліссейші бізбен, нағыз болмаса жекеге жаз