Джон Диллинджер - Америка қоғамының №1 жауы
Бұған дейін 7 бөлімге бөліп әңгімелеген "20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері" тақырыбы кезінде Джон Диллинджердің аты жанама түрде бірнеше рет аталып өтілді. ХХ ғасыр басындағы гангстер-мафиялардың кейбіреуі осы Джон Диллинджермен байланыста болып, онымен бірге бірқатар істерді бірлесе атқарған. Сонымен, Джон Диллинджер деген кім?
Джон Герберт Диллинджер (John Herbert Dillinger) — 1903 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Американың атақты қылмыскері, ФБР классификациясы бойынша Нөмірі бірінші қоғам жауы. Қысқа өмірінде бірнеше полицейді өлтіріп, жиырма шақты банкті тонаған және екі рет түрмеден қашқан.
Өмірбаяны
Ұлы тоқырау заманының ұлы тонаушысы. Тонау кәсібін қылмыс өнеріне жеткізген тұңғыш адам. Банда жұмысын жоспарлы түрде әрекет ететін өте берік біріккен топқа айналдыра алды. Көьінесе байларды тонағандықтан, халық оны аңызға айналдырды, оны қарапайым адамдардың байларға деген реніші үшін кек қайтарушы деп қарады оған. Осындай романтизацияның салдарынан Диллинджер өткен ғасырдағы 30-жылдар символдарының біріне айналды. Оны жұрт Робин Гуд деп те атады. Оның өмірбаянының негізінде көптеген гангстерлік фильмдер түсірілді (бұл туралы кейінірек).
Ол жастайынан қылмыс жасауға құлықты болып өседі. 9 жасында «12 жексұрын» деген банда құрады. Олар көп кешікпей көмір ұрлау кезінде қолға түседі. Бірақ Джон түрмеге қамалған жоқ, ата-ана қамқорлығына қалдырылды.
Ер жетіп, үйленгеннен кейін достарымен бірге гастроном тонап, қолға түседі. Бірінші рет осы кезде түрмеге отырып шығады. Бірақ, түрмеден ол көптеген қулық-сұмдықтарға үйреніп, жаңа достар тауып шықты. Түрмеде отырып-ақ, олар болашақ тонау әрекетін жоспарлаған. Әдейі үлгілі, тәртіпті болып көрініп, қамаудан мерзімінен бұрын босап шығады да, жоспарлаған тонау операциясына кірісіп кетеді.
Кейін Джон тағы қолға түседі. Бірақ онда көп отырмады. Достары түрмені шабуылмен басып алып, оны босатып алады. Джон талай рет полиция қолынан сытылып құтылып кеткен. Қамауға алынған күннің өзінде достары құтқарып алады.
Несімен данышпан?
Диллинджер өркениеттің соңғы жетістіктерін қылмысқа жұмсай білген тұңғыш адам. Ол кепілдікке адам тұтқындауды бірінші болып қолданды, қолға түспеу үшін пластикалық операция жасатқан және саусағындағы іздерді химиялық жолмен кетірген.
Атаманның ақыры
Ол кино көргенді өте қатты сүйетін. Осы әлсіздігі оның өліміне себепші болды. «Манхэттен трагедиясы» фильмін көріп болғаннан кейін, кинотеатрдан шығып келе жатқанда ФБР жендеттері қоршап алып, ескертусіз залппен атып өлтірген. Бұл қаза 1934 жылы 22 шілде күні орын алды. Оның жасырынып жүрген жерін жезөкше көңілдесі Анна Сейдж полицияға айтып қойған көрінеді.
Дегенмен кейбір деректер бойынша өлген адамның Джон емес екені айтылады. Ол өзінің орнына басқа адамды қойып, өзі басқа мекенге қашып кетті деп айтылады.
Джон кинода
Джонның кейбір оқиғалары кино кейіпкерлері үшін ұрланған. Оның рөлінде Мартин Шин, Джонни Депп секілді танымал актерлер ойнады.
Диллинджер туралы фильмдер:
«Диллинджер» (1945) — режиссёр Макс Носсек (Max Nosseck)
«Диллинджер мёртв» (1969) — режиссёр М. Феррери
«Диллинджер» (1973) — режиссёр Дж. Миллиус
«The Lady in Red» (1979) — режиссёр Льюис Тиг (Lewis Teague)
«Диллинджер» (1991) («История Диллинджера») — режиссёр Р. Эйнрайт
«Диллинджер и Капоне» (1995) — режиссёр Дж. Парди
«Джонни Д.» (2009) — режиссёр Майкл Манн

7 пікір