Д.Б. Купер - күнәсіз қылмыскер

Ол бұған дейін қылмыс жасамақ түгілі, көлігін қате қаңтарғаны үшін салынатын айыппұл да төлемепті.


Д. Б. Купер (ағ. D. B. Cooper, сондай-ақ Dan Cooper) — 1971 жылы Northwest Airlines компаниясынан Боинг-727 ұшағын ұрлап кеткен атақты қылмыскер. Ол ақыры қолға да түскен жоқ, одан кейінгі өмірі де беймәлім.

Ұшақты ұрлау

1971 жылы 24 қараша күні, Дэн Купер деген атпен саяхаттап жүрген адам Боинг 727 ұшағына отырады. Купер артқы орындардың біріне жайғасады. Ұшақ аспанға көтерілгенде ол стюардессаға бір тілім қағаз ұстатады. Өзінің телефонын ұсынып тұр деп ойлаған қыз, қағазға қарамастан қалтасына салып жібереді. Купер оған: «Мисс, қағазды оқығаныңыз дұрыс шығар. Менде бомба бар» дейді. Қағазда былай жазылған екен:
Менің портфелімде бомба бар. Егер қажет деп тапсам, оны іске қосамын. Сіздің ұшағыңыз енді менің қолымда...

Жазбада 200 мың долларды жиырма долларлық купюрамен беру туралы талап жазылған екен. Онда сонымен қатар ақшаны ұшаққа жеткізу инструкциясы да нақты жазылыпты. Әйтпесе ұшақ жарылады деп қорқытты ол.

Жерден Купердің талабын орындаймыз деген хабар келеді. Ұшақ Сиэтл-Такома әуежайында жерге қонады. Купер ұшқышқа машинаны шет жаққа айдап апаруды талап етті. Іште не болып жатқанын снайперлер көрмеу үшін, ұшақтың шамдары сөндірілді. Сосын, қылмыскер жердегілерге ақша мен төрт парашютті бір адам алып келсін деп бұйырды. Әуежай қызметкері бәрін мүлтіксіз орындады. Осыдан кейін Купер іштегі 36 адамды босатып жіберді. Ұшқыш, бір стюардесса (жоғарыда айтылған қыз емес) мен бортинженер жіберілген жоқ.

Осы кезде ұшаққа жанармай құйылып жатқан еді. Осы үзілісті пайдаланып, бір ФБР қызметкері Купермен сөйлесуге келеді. Бірақ Купер оны бірден наққа жібереді.

Ұшақ Купердің бұйрығымен тағы аспанға көтерілді. Қылмыскер стюардессаны салоннан ұшқыш кабинасына кіргізіп жіберіп, машинаның құйрық бөлігіндегі есікті ашып жіберіп, секіріп кетеді. Осыдан кейін оны ешкім көрмепті. Дәл осы кезде ауа-райы бұзылып, аласыпарын дауыл екен. Сондықтан артта ілесіп келе жатқан истребителдер Купердің секіргенін байқамаған.

Ұшақ жерге аман-есен қонғаннан кейін тергеу жүргізілді. Купер төрт парашюттің екеуін пайдаланыпты. Шамасы біреуі бір қап ақша, біреуі өзі үшін. Қалған екі парашют ұшақтың ішінде табылды.

Купердің ұшақтан секіру сәтін көрсететін иллюстрация

Купер мәдениетте
Д.Б. Купердің аты кездесетін көптеген көркем шығармалар бар.


Мысалы «Түрмеден қашу» (Побег / Prison Break) атты американдық сериалда Чарльз Весморленд (Мьюз Уотсон) есімді кейіпкер бар. Кейін ол өзінің Д. Б. Купер екенін мойындайды. Қашқындар түрмеден құтылғаннан кейін соның жасырып кеткен ақшасын пайдалануды көздейді. Аталған кейіпкер түрмеден қашу кезінде қайтыс болады. Өлерінің алдында ол басты кейіпкер — Майклға ақшасының жасырылған жерін айтып кетеді. Қашқындар бірнеше серия бойына сол ақшаның әуресімен жүреді.

Сонымен қатар, «Числа», «Склад 13» сериалдарында, «Трое в каное» фильмінде, т.б. картиналарды оның есімі аталады.

Қызық
Д. Б. Купердің арқасында «Боинг-727» ұшақтары ұшу кезінде артқы есіктің ашуға мүмкіндік бермейтін құрылғымен жабдықталды. Бұл құрылғының аты «Купердің күрегі» деп аталады.
Бөлісу:

13 пікір

patick
«Побег» сериалын көрген шығарсыңдар
asaubota
қызық оқиға екен. Куперге сәттілік көмектескен сияқты, ауа райының жаман боулын айтамын. әлде ол сондай күнге алдын ала дайындалған ба?

айтпақшы сумкасында шынымен бомба болған ба?
patick
айтпақшы сумкасында шынымен бомба болған ба?
Ол да нақты айтылмайды. Купер стюардессаға портфелін ашып қорқытқан екен. Сонда Стюардессаның байқағаны: қызыл цилиндрлер, үлкен батарея мен сымдар.
asaubota
ақшаны аз сұраған екен  бірақ ол кезде ол көп ақша шығар
patick
Оқиғадан кейін бір редакцияға хат келіпті Купердің атынан: Мен бірнеше күннен кейін өлем. Өкініштісі сол — өмірімде ешқандай қызық та, жамандықта болған емес. Сондықтан өмірімнің соңында өз қалауымша өмір сүріп кетейін деп шештім. Ақшаны да сол үшін бопсаладым — деп жазылыпты. Бірақ, журье ептібаймайттарға сенуге бола ма. Ол хаттың Купер жазғанын ешкім дәлелдей алған жоқ.
asaubota
за то сол газет жақсы сатылды дейсің ғо
Zhan
Кино көріп шыққандай оқып шықтым. Күшті.
Erkekyz
Аха, менің де көз алдыма сондай елестеп кетті.
Ramzik
неге 4 парашют суратқан? Мумкін стюардесса мен ұшқыш секірмей қалған көмекшілері шығар?
Ramzik
Егер ақшаны соммен сұрағанда 10нан астам парашют кетер еді.