Мақала, фото ұрлаған газеттердің тізімі
Уа, блогшылар, Интернет белсенділері, еріктілер,
Блогшылардың барлығының арты таза емес екенін білемін (пост ұрлау, сілтеме қоймау, фото ұрлау). Десек те ең ұяты онмыңдаған халыққа тарайтын газет-журналдардың блогтар мен сайттардан мақала, әлеуметтік желілерден отбасылық фотоларды ұрлайтындығы анық қой. Айта-айта ауыз, жүре-жүре аяқ талды. Соттан қайыр болмады алғашқы ұмтылыста. Бірақ онымен тоқтап қалмайық. Соттасу-оттасу ниеттерің болса, хабар күтемін (жеке хат).
Әрі қарай

Ұры әрі сауатсыз қазақ журналистеріне қарсы күрес қауымдастығы қазақ журналистикасының күйе-күйе қара қазанында қайнап жүрген ұры, біліктілігі төмен, сауатсыз, қала берді, ұятсыз журналистерінің заңсыз әрекеттерін әшкерелеуге арналған ашық қорым.

Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын «Замана» атты облыстық газет бар. Оқуға-тұрарлық және тұрмайтын мақалақалалар мен емші-бақсыларды пиарлайтын мақалаларды жиі жариялап тұрады. Бүгіндікке сол газеттің Интернеттегі сайтынан қарақшылық жолмен алынған үш мақаланы таптым. Бұрынғы блогта жазған мақалам және кейін «Мәліметтер» мен «Ана мен бала» сайттарында жарияланған мақалаларымыз аздап өзгертіліп, өңделіп, басқа авторлардың атынан жарияланып кеткен.