Журналистерге сауат ашу дәрістері. 1-сабақ: копирайтиң, рирайтиң және қарақшылық
О заман сыртқы әлемнен оқшауланған кеңестік заман болатын. Қазір жан-жағымыз ашық, Интернет деген ғаламат бар. Білмегеніңді үйрену үшін, ең болмағанда, орыс тілін білсең жеткілікті.
Дәрісімізге оралсақ… Мақала жазуда мынадай түсініктер бар: копирайтиң (copywriting, copyright сөзімен байланысы жоқ), рирайтиң (rewriting) және қарақшылық (piracy).
Копирайтиң дегеніміз мақаланы басынан бастап соңына дейін өзіңіздің жазып шығуыңыз. Әдетте, мұндай мақалалар жарнамалық, пиарлық немесе тауар туралы мәлімет беру сипатында болады. Бірақ үнемі олай емес. Мақала жазу барысында ғылыми еңбектерден үзінді келтіріп, статистикалық деректерді кірістіруіңізге болады. Бастысы, мақаладағы сөйлемдердің басым бөлігі көшірмеден құралмау керек.
Рирайтиң (rewriting — қайта жазу, өзгертіп жазу) дегеніміз жазылып қойған мақаланы мағыналық жағынан өзгертпей, бірақ сөйлемдерінің құрылымы жағынан өзгертіп, қайта жазу. Бұл амал авторлық құқықты бұзбау мақсатында және сайттар үшін іздеу моторларына жақсы "іліну" мақсатында жасалады.
Қарақшылық дегеніміз жазылып қойған дайын мақаланы рұқсатсыз алып, заңға қайшы әрекет (авторын және ақпарат көзін көрсетпеу) арқылы екінші бір сайтта немесе баспа өнімдерінде қазқалпында немесе қысқартылған нұсқасында жариялау.
Білгісі келген бір сұрақ: Қарақшылық пен қайта жариялаудың айырмашылығы неде?
Жасалатын әрекетте айырмашылық жоқ: дайын мақаланы көшіріп алып, қайта жариялайсыз. Айырмашылық жасалған әрекеттің заңдылық тұрғысында рұқсат етілген немесе рұқсат етілмеген болуында. Түсінікті етіп айтсам, сіз көшіріп жариялайтын мақаланың авторы немесе авторлық құқығының иесі мақаланы көшіруге рұқсат еткен бе, жоқ әлде рұқсат етпеген бе, мәселе осында. Мысалы, «Алаштың қисық айнасы» сатиралы газетінде «Осы газеттегі мақаланы көшіріп жариялағанда газетке сілтеме жасалуы міндетті» дейді. Демек, ол газеттің мақаласын көшірсеңіз, қарақшылық жасаған болмайсыз. Ал "… жазбаша рұқсатынсыз жариялауға болмайды" деген ескертуі бар газеттердің немесе сайттың мақаласын редакцияның немесе автордың жазбаша рұқсатынсыз жарияласаңыз, қарақшы боласыз. Өйткені ол әрекет заңға қайшы келеді.
Журналистерге сауат ашу дәрістері. 2-сабақ: Дайджест деген не?
Суреттің алынған жері: shard-copywriting.ru
қазіргі заманда ең болмағанда сөйлеу емес түсіне алатындай дәрежеде ағылшын тілін білу керек жастар. оның қасында орыс тілі парыз сияқты бірдеме. сол орыс тілінен де дұрыс аудара алмайды ғой бідің журье. соңындағы жалғауларын ажырата алмай еркекті әйел қылып, қала ататрының соңын қате жазып жүреді. бір Гугл кешірсін бұларды.
Зато олар Аэйр Астана ұшақтарында бар)))))
«Алаш айнасы атындағы журналистерді есіркеу және қорғау қауымдастығы» деп мысал үшін.
Кім жүргізетінін білем, ұят болыпты
Әйтпесе, материал ұрлығы жөнінде осы жерде жүз адамның айтары бар болуы дікә. Кідәк. Тьпуй епті — кәдік.
Есіктерінің алдына «отырып кет».
— Ойбай, зачем?!
— Чтобы сказать, что мне насрать на вас, и ваше мнение! © Айжанатабынға ұқсайтын бір қыз.
лучшегазеттің тақырыптары неге шұбалыңқы? Көзім талып, көзілдіргім түсіп қала жаздайдыDaaaa
Абай Асанкелдіұлы, Тараз
«Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбатырақ.»
Айталық, уақыт машинасы бар делік. Сонда: Кеннедиді кім атқанын неге прокурор Уоррен со заманға барып, өзі қарап қайтпайды деген заңсыз сұрақ туады.
Демек, уақыт машинасы жоқ.
Гаста, тізімге қосып қой