Журналистерге сауат ашу дәрістері. 1-сабақ: копирайтиң, рирайтиң және қарақшылық


О заман сыртқы әлемнен оқшауланған кеңестік заман болатын. Қазір жан-жағымыз ашық, Интернет деген ғаламат бар. Білмегеніңді үйрену үшін, ең болмағанда, орыс тілін білсең жеткілікті.

Дәрісімізге оралсақ… Мақала жазуда мынадай түсініктер бар: копирайтиң (copywriting, copyright сөзімен байланысы жоқ), рирайтиң (rewriting) және қарақшылық (piracy).

Копирайтиң дегеніміз мақаланы басынан бастап соңына дейін өзіңіздің жазып шығуыңыз. Әдетте, мұндай мақалалар жарнамалық, пиарлық немесе тауар туралы мәлімет беру сипатында болады. Бірақ үнемі олай емес. Мақала жазу барысында ғылыми еңбектерден үзінді келтіріп, статистикалық деректерді кірістіруіңізге болады. Бастысы, мақаладағы сөйлемдердің басым бөлігі көшірмеден құралмау керек.
Әрі қарай