Ақпараттың сілтемесін беріп отырыңдар, журналистер!

2011 жылы 25 қаңтар күні «Мәліметтер» сайтында "Угги етігі зиянды ма?" атты мақала жарияланды. Сол жылдың 20 сәуірі күні «Алаш айнасы» газетінің «Білгім келген бір сұрақ» айдарында угги етігінің денсаулыққа зияндылығы туралы материал шықты. Аздап өзгертіліп, мақала қысқартылған нұсқада берілді. Бірақ ешқандай сілтеме жоқ. Салыстырып қарағанда асты қызылмен сызылған сөздер мен сөйлемдер 99,9% дәлдікпен көшірілгендігі анықталды. 0,01% сай келмеуінің себебі біздегі мақалада бір үтірдің қойылмауында.


Суретті шертсеңіз, анық көрінеді
«Алаш айнасы» газетінен де мақала алған кездерім болды. Бірақ міндетті түрде заң талаптары бойынша сілтемесін көрсететінмін.
P.S.
Артық қыламын деп, тыртық қылды. Мақаланың алғашқы сөйлемін басқаша жазамын деп, сөйлемді қате жазып жіберген.
Бөлісу:

39 пікір

araika
«Алаш айнасы»-на не болған? Біртіндеп былықтары ашылуда…
Zako
Бұл дегеніңіз тек бастамасы ғана
meirzhan
Сізде жасырын, бейсаналы құмарлық бар сияқты. «Көшіріңдер, көшіріңдер» деп тілеп тұрған сияқтысыз)
Zako
 Сіз де қайдағыны айтып
19852407
«Імм, көшіріңдер, көшіріңдер, көшіре түсіңдер»
деп тұрған Zako елестеп кетті көзіме
meirzhan
Нақтырақ айтқанда «Білгім келген бір сұрақ» айдарына
satibaldi
«Маган жолдастар айтад: Олжас, саган не болган? Шынында да — маган не болган?» © Олжас Сүлейменов.
asaubota
сілтеме көрсетсе оның несі журналист? өзі сглп дайындағандай қылып апарып береді. андай сұрақтарды өздері дайындайтындарын, адам аты жөндері де өтірік екенін маған таныс барлық журналист айтты.
satibaldi
Бір күні: «Алматыдан madlen -нің құрбылары сұрайды:...» деп шығарып жүрмесін
sammita
шатыспасам аптасына 5 рет шығатын газет. Сондықтан осылай ұрлайды мақалаларды. Өте ұят.
edige
konvict сурак коймаса да койдырып журген газет емес па осы?
Zako
Қазір ғана «Жәрдем» газетінің бас редакторымен сөйлесіп, сайттарындағы ұрлықы мақаланы алып тастауды және келесіде біздің жарнамамызды жариялап беруді талап еттім. Келісті.
***
Шымкенттік «Замана» газетіне хабарластым. Жауапты адамдары жұмысқа келмеген екен. Ұрлықы мақаланың дәл «Замана» газетінде емес, соған еншілес газеттердің бірінде жарияланған болуы мүмкін. Өйткені сол уақыттағы санын қараған бір журналист ұрлықы мақаланы таба алмады. Енді еншілес газеттерінің редакторларынан сұрайды. Бір қызық жағдай: мен сөйлескен журналист менің ауылдасым болып шықты  
***
«Алаш айнасы» газетінің де бас редакторы, редактордың орынбасарлары мен жауапты қызметкерлері жұмыс орнында болмай шықты. Басқа бір қызметкері кейін қайта хабарласуымды сұрады.
edige
Алаш айнасы» газетінің де бас редакторы, редактордың орынбасарлары мен жауапты қызметкерлері жұмыс орнында болмай шықты
Олар гуглден ертеңге мақала іздеу үшін терминалға бірлік салуға кеткен болар
Zako
 саналады.
Ұрлықты соларға бағынышты, қатардағы журиктер жасайды.
19852407
«Алаш айнасы» газетінің де бас редакторы, редактордың орынбасарлары мен жауапты қызметкерлері жұмыс орнында болмай шықты

Республика сарайына концерт көруге кіріп кеткен шығар оптым әнжерден жақын ғой
Erke
Осында бір қыз бар едіғо Алаш айнасында жұмыс жасаймын деген!
satibaldi
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
asaubota
тууу епті, бәрін бүлдірдің.
19852407
Менің есіме бір жігіт түсіп отыр, аты Е қарпінен басталатын
«Мен жалған атпен кіріп отқан жоқпын»
деп шоқынған бір жазбаның астында анеугүні
Zako
Соынмен, бүгінгі күнгі виртуалды рейдті қортындылап жіберейін.
«Алаш айнасындағы» ұры журналистің обалы өзіне. Бас редактордың орынбасарыамен сөйлесіп, мән-жайды түсіндірдім. Егер осы әңгімем бір журналистке зиянын тигізсе, кешіріп қойсын. "Ұрлықтың түбі — қорлық"
***
«Замана» газетіне қатысты қарақшылық әлі соңына таямады. Ол газеттегі (немесе оның еншілес газеттеріндегі) ұрлықы мақаланы Жарас Кемелжан есімді алматылық журналист жазыпты. Сөйтім екі жақтан да Жарас Кемелжанға іздеу салудамыз. Мой мирдан біреуді тауып алып, хат жазып жібердім. Әзірше жауап жоқ.
aikarakoz
сіздің мақсатыңыз — моралдық тұрғыдан басынғандарын жазалау ма, әлде орайы келіп тұрған «материалдық өтемге» қол созу ма?
satibaldi
Аха, аларсың қаззақтардан өтемақы, қапшықпен келуіңізді сұраймыз
Gastarbaiter
қапшықпен келуіңізді сұраймыз
Бірден шелекпен бара берген дұрыс сияқты
19852407
aikarakozге материалдық өтемге қол созу турасында мастер-класс берулеріңізді сұраймын
aikarakoz
к… н туралы жазуға көбісі кірісе бермейді ғой…  бұл тұстан пайда түспейтінін біліп тұрмын
a63a1
к… н
Сіздің көтен сөзінің әр-бір нүктесін ұмытпай, тиянақтылықпен жазатыныңз таңғалдырад
aikarakoz
сыпайыланған түрім ғой
a63a1
Ұлы сөзде ұят жоқ көт депте жазғанның еш сөлекеттігін көрмей отырм
aikarakoz
Руслан, Никжан деген ағаларым айқайлап жүріп, ол мүшелерді нүктемен жеткізе білу қасиетін үйретті
Zako
Бір бетіне көтен емес, эротикалық "ңгіме мен суреттер жариялап, келесі бетіне Құран аяттары мен діни мақалалар жариялайтын «Сырласайық оңаша» газетіне сіздің сол «көтеніңіз» өте қызықты болатынына сенемін  
19852407
Егер осы әңгімем бір журналистке зиянын тигізсе, кешіріп қойсын. "Ұрлықтың түбі — қорлық"
 
Zako, респект саған! Рахаттанып қалдым
Zako
 Көктемнің иісі келіп, тисетін адам таппай, тілдеріңіз бен пернетақталарыңыз қышып жүргенге ұқсайсыздар
Zako
«Алаш айнасы» газеті редакторларында ұят бар болса, газеттегі «Білгім келген бір сұрақ» айдарын ары қарай жүргізбеу керек деп санаймын. Бір емес, бірнеше адамның атынан өздері сұрақ қойып, жауаптарының кейбірін басқа Интернет-ресурстардан ұрлап жатыр. Ұят қой на.

Жақында бір танысымнан «Мына сұрақты сіз жібердіңіз бе?» деп сұрадым. Себебі «Алаш айнасының» атышулы айдарында соның аты-жөні жазылыпты. Бірақ ол да Абай Асанкелдіұлы секілді ішпей-жемей сұрақ қойып жіберіпті.
Botik11
негізі Зако дұрыс айтады)