Мақала, фото ұрлаған газеттердің тізімі

Уа, блогшылар, Интернет белсенділері, еріктілер,
Блогшылардың барлығының арты таза емес екенін білемін (пост ұрлау, сілтеме қоймау, фото ұрлау). Десек те ең ұяты онмыңдаған халыққа тарайтын газет-журналдардың блогтар мен сайттардан мақала, әлеуметтік желілерден отбасылық фотоларды ұрлайтындығы анық қой. Айта-айта ауыз, жүре-жүре аяқ талды. Соттан қайыр болмады алғашқы ұмтылыста. Бірақ онымен тоқтап қалмайық. Соттасу-оттасу ниеттерің болса, хабар күтемін (жеке хат).

Қазақстандағы қазақтілді ұры газеттердің тізімін жасауға көмектесіп жіберсеңіздер екен. Дәлелі болмаса, жазып керегі жоқ.
Мен бастадым:
  1. Алаш айнасы
  2. Жас қазақ
  3. Әйел денсаулығы
  4. Сырласайық оңаша
  5. Ақжүніс
  6. Ауырмаңыз
  7. Шипа
  8. Әйелдер құпиясы информ
  9. Жәрдем
  10. Замана
  11. Тылсым дүние
  12. Шаңырақ.kz
  13. Балбөбек-ай
  14. Ақ босаға
  15. Керек инфо (газет)
  16. Жүз жасаңыз
Шымкент пен Алматыдан басқа қалаларда шығатын газеттерді тексермегендіктен, олар жайлы ақпарат жоқ. Білгендеріңіз жаза отырсаңыздар екен.
фото: nothinginwinnipeg.com
Бөлісу:

59 пікір

meirzhan
Блогшылардың барлығының арты таза емес екенін білемін (пост ұрлау, сілтеме қоймау, фото ұрлау).
Егер блог арқылы ақша тауып отырса арсыз деп айтуға келуші еді.
Zako
Не?
meirzhan
Екінші рет оқу көмектеспей ме?
Zako
Е, солай де. Әрине салыстыруға келмейді. Бірақ сілтемесін бере салса, ештеңесі кетпейді емес пе?!
meirzhan
Ештеңесі кетпейді, бірақ ары таза емес деу артық айтқандық болар. Блогшы деген кәсіп емес. (мысалы бізде)
Zako
Ары емес, арты  Ауыспалы мағынада
meirzhan
упсс. дегенмен мән онша өзгермеді
satibaldi
Мынауың тың пікір эй.
meirzhan
Кэп болсам, рахмет айтуың керек.
satibaldi
KILYZAMAN -ды алғаш тұтқындағаннан қалған дешифраторлар қоймада қалып еді, кэп деген не екенін түсіндіріп жіберсең.
meirzhan
Айқын (бәріне аян) нәрсені айтушы. (Капитан Очевидность). Қазақша «Айқын Төлепберген» деп атайық
satibaldi
Жапономайттардан келген бірдеңе ме сонда?
meirzhan
Оны Сержадан сұрау керек. Мен онша компетентті емеспін.
satibaldi
Енді комптенцияң жеткесін пайдаланып отырған жоқсың ба?
meirzhan
Бөлтірікпен құрбақа жемекпісің?
satibaldi
Сырты қисынды көрінетін гонмен жеңе берем деп ойламақпысың?
meirzhan
Жеңіс керек болса ала бер. Мен ондайдан пас.
Gastarbaiter
Сырты да қисынды көрінбейді, чо то.
Сырты қисынды гон деп мынаны айтад:
«Мұңайған боқтың езуін тіліп жымитсаң да, көзі мұң шашып тұрад»
KILYZAMAN
Е, бббббәсссе! ;-) Санасы ояу бір адам табылды ау арамыздан.
satibaldi
"Қостанай кешқұрымы" газеті, «Жұлдыздар: Кевин Костнер» деген мақалаға Президент Күзетінің қызметкерінің суретін салып қойыпты.
ushkin
Біздің Ақзеренің бір материалын Ақ босаға кәзиті сілтемесіз блогынан ұрлап алып, көшіріп басқан болатын.
Zako
Қосып қоямыз. Бір сәт
ushkin
сосын Қазақстан арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы Ақзеренің бір материалын сюжеттеріне еш сілтемесіз пайдаланды.
Zako
Әзірше газит-журналдарды тізіп жатырмын.
satibaldi
Екінші парда Нығмет ағай Armanjan -ның осында жазғанын оқып беріп, «жас кезімнен осы жазбаларым ғана қалыпты» деп, кемсеңдеді.
satibaldi
«New York Times-те» «Егемен Қаззақстанның» мәдениет айдарындағы «Дидарың-ай!» деген мақаласы жүр.
Albasty
Мынау неғылған жылаңқылық? Плагиаттар деп атай салып, Гуантанамо зынданына лақтыра салыңдарсай. Болмаса, нән гәзетке "Қара тақтаға ілінбеңдер, шешендер" деп жазып қойыңдар да тізі жариялаңдар. Керек тек керек ететіндер үшін, ал мына плагиаттар керек емес
aikarakoz
Аноооу тізімдегі «Ақжүніс» журнал ма, кәзит па? «Ақжүніс» журналы дүниеге енді келгелі жатыр еді ғой деп қоям да…
Zako
Журнал емес, шымкенттік газит. Әлі күнге дейін шығып жатыр екен. Ішін тексеру керек.
balzhan
Бір күні інімнің рефератына деп Егеменнен материялды ысқыртып жатсам, таныс сөздер. Сөйтсем, менің радиоға жасаған хабарымның сөзін айна қатесіз қағазға түсіріп мақаласына қыстырып қойыпты. Радионы тыңдап отырып, оны қағазға түсіртіп азаптанған журналистің де еңбегін бағалау керек пе деп қалдым.
Мен одан ысқыртамын ба десем, ол менен ысқыртып үлгерген екен.
Zako
Газеттің сол санын тауып алуға бола ма?
balzhan
Мен ол кезде менен көшірді деп қарамағандықтан мән бермедім.(Өзім көшіріп отырғаннан болар) Егер сілтемесіз берілген мақалалар көрсем міндетті түрде айтайын.
satibaldi
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
satibaldi
Бұлардың бәрі бекер екен. Бүгін ең сорақысын естідім. Майлымия аудандық газетінің қызметкері N. обылстық газеттің журналисті Майяның әуелі мақаласын, сосын өзін ұрлап кетіпті. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр.
Rozatai
«Жас Алашта» бар осындай әдет. Бірақ, олар пәленшенің, түгеншенің блоКында бар екен деп алдыңды орап кетеді бірдеңе айтайын десең *(
Zako
Егер олардың алдын орау керек болса, блогқа «Көшіруге тыйым салынады » деген мағынадағы ескерту жазып қою керек.
Rozatai
вордпрестегі блогымда болған ондай ескертпе
Zako
Редакциясына әңгіме айтуыңызға болады. Ерік өзіңізде.
Rozatai
өзім журик болғасын, бір жолға түсінуге тырыстым. жалпы, біздің журьелерге «солидарность деген кішкене жетіспейтінін» (Есенгүл Кәпқызы блогында жазды осы мәндес пост)мойындаймын
Zako
Түх, солидарность деген де сөз болып па талай журналистке сауат жетіспей тұрғанда?
Rozatai
бәрін бірдей сөге жамандауға болмайды сауатсыз деп
Zako
Розатай, мен бәрін бірдей жамандадым ба а?
Botik11
соншама больная тема ма не? менің материалдарымды да "Өмір-ай" тағы басқа газеттер алып жариялаған. «Таңшолпан» оқып береді. «Лове радиодағы» танысым да өзімсініп көшіріп алыпты. онда тұрған не бар? көшіре берсін.)))))) айтпақшы «Таңшолпанда» істегенде шымкенттік бір тілшіні плагиаттығы үшін жазаладым.
Adiletshu
Бобурым, өз-өзіңді ұстап бердің ғой
Botik11
ой керемет болыпты. плагиаттар ұстатпайды ғой)))))
Zako
менің материалдарымды да "Өмір-ай" тағы басқа газеттер алып жариялаған. «Таңшолпан» оқып береді. «Лове радиодағы» танысым да өзімсініп көшіріп алыпты. онда тұрған не бар?
Ештеңе жоқ. Автордың рұқсатынсыз жасалатын көшірулерде, яғни қарақшылықта болып тұр барлық мәселе.
Botik11
сосын журналистің ұяты жауап береді
sammita
«Алтын босаға» газетсымағы.
VKM
Соғыс басталып кетіпті ғой Неше тақырыпта «охота на ведьм» болып жатыр
Zako
Соғыс былтыр жазда басталды. Қалып кеткен оқ-дәрілерді утилизациялап жатырмын
Simona
Aқырындa сaу гaзет қaлмaйтын сияқты ғой.  Zako, жaқсы бaстaмa екен!
Zako
Адам болған соң бәріміз де қателесеміз. Бірақ біліп тұрып суға кіш ететіндердің ісін қателік деуге келмейді. Кішкірбайлардың газеттері сау болмайды
ken
Соттасу-оттасу ниеттерің болса, хабар күтемін (жеке хат).
Sayan3-ті осы туралы хабардар етсең, ары қарай өзі-ақ алып кетеді. Бұл туралы ол білмей жүрген болу керек.
Zako
О, ағайын ауылға (Шмкентке) келіп, бұл жақтың тағы бір ұры журналын тауып алдым. Ондағы журналистер balana.kz сайтындағы қалаған мақалаларын қалағандарынша көшіріп алады екен.

Шымкенттік "Әйел денсаулығы" деген ұрылардың газетімен соттаспақ болып, ол іс аяқсыз қалып қойып еді ғой, естеріңізде болса. Олар ұрлықтарын әлі де тоқтатпапты. Балана сайтының атауы өзгеріп кеткен соң «Бәлеқор Сағынның ана мен бала деген сайты емес қой бұл» деп ұрлықтарын жалғастыра берген болса керек  

Бұл жолы уақыт бар. Ұры журналистерді бетімен жібермеуге тырысамын.
bizbike
Асқар Базарбайдың Сергей Ирокез: Несиеден жылдам құтылудың 5 жолы
тақырыбына жазылған посты «Жұмадағы жүздесу» газетінің 15 тамыздағы санында көшірілген сілтемесіз