12 - тур. Ла Лига. Нағыз дерби

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 12 - тур. Ла Лига. Нағыз дерби

Бернабеуде өткен 10 гол соғылған шоудан соң арада көп уақыт өтпесе де Мадридтіктер жақын маңайда орналасқан, Мадридтік команда болып саналатын Райо Вальеканоға қонаққа барған еді. Бұны футбол тілінде дерби деп атайды, ал дербидің қызықсыз өтуі(Эспаньол мен Барселона секілді) дерби деген атауға дақ түсірері анық. Кешегі матч қызықсыз өтті десеңіз, матчты көрмегеніңіз. Бұл ойында да алдыңғы Севильямен өткен ойын секілді барлық нәрсе болды.
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары

Ертең біреулерге "ғашықтар" күні болса, біз секілді жанкүйерлері үшін футбол мерекесі. Көптен күттірген Чемпиондар лигасымен қауышамыз, түн ұйқымызды төрт бөліп сүйікті командамызға қолдау білдіреміз және тіккен бәсіміз сәтті шығуын тілеп отырамыз. Чемпиондар лигасының топтық кезеңі артта қалып енді іріктелген кіл мықтылардан тұратын плей офф кезеңі басталды, осы сәтті пайдалана отырып топтық кезеңге қатысты қызықты статистикаларды ұсынбақшымын, сіздерге ұнайды деген ниетте жоқ емес.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары

Қысқаша әрі барлық статистикаға ортақ мәлімет: 6 турда жалпы саны 280 гол соғылған, 275 гол+5 автогол. 175 ойыншы гол соққан екен.


Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары
1. Топтық кезеңде гол соққан жас және кәрі ойыншы
— Ең жас ойыншы Дортмундтық Боруссияның қорғаушысы, неміс Феликс Пасслак (29.05.1998 жыл)
Ол 2016 жылдың 22-ші қарашасында ЧЛ 5 турында Польшаның Легиясына қарсы ойында 81 минутта гол соққан болатын. Гол соққандағы жасы — 18 жас 182 күн

— Ең кәрі ойыншы Туриндік Ювентустың қорғаушысы, бразилиялық Дани Алвес (06.05.1983 жыл)
Ол 2016 жылдың 29-шы қыркүйегінде ЧЛ 2 турында Хорватияның Динамо Загребіне қарсы ойында 85 минутта гол соққан болатын. Гол соққандағы жасы — 33 жас 153 күн

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары
2. Топтардың гол статистикасы
Барлығы 280 гол соғылғанын жазған едік, енді голдарды топтарға тарқататын болсақ:

  • А тобы — 40 гол (14%)
  • B тобы — 38 гол (14%)
  • C тобы — 42 гол (15%)
  • D тобы — 31 гол (11%)
  • E тобы — 28 гол (10%)
  • F тобы — 51 гол (18%)
  • G тобы — 27 гол (10%)
  • H тобы — 23 гол (8%)


Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары
3. Көп гол соққан ТОП 5 команда
ЧЛ топтық кезеңінде ең көп гол соққан команда — Дортмунд. Ерекше шабуылдау стилімен, жас ойыншыларымен, контршабуылдарымен танымал команда барлығы 6 матчта 21 гол соғыпты, статистикаға сенсек бұл топтық кезеңнің тарихи рекорды екен. Уәде еткен ТОП 5 төмендегідей:

  1. Боруссия Дортмунд — 21 гол (3,5 гол/матч)
  2. Барселона — 20 гол (3,3 гол/матч)
  3. Арсенал — 18 гол (3 гол/матч)
  4. Реал Мадрид — 16 гол (2,6 гол/матч)
  5. Бавария — 14 гол (2,3 гол/матч)


Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары
4. Турлардың голдар статистикасы
Соғылған 280 голды 6 турға бөліп көрсетсек қалай болады екен?

  • 1 тур — 50 гол (18%)
  • 2 тур — 47 гол (17%)
  • 3 тур — 46 гол (16%)
  • 4 тур — 41 гол (15%)
  • 5 тур — 48 гол (17%)
  • 6 тур — 49 гол (17%)


Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең статистикалары
5. Гол соққан ойыншылардың туған жылы, айы бойынша статистикасы

Статистиканың ең қызық әрі мақтанатын тұсына келген секілдіміз.
— айлар бойынша
Барлығы 174 ойыншы гол соққанын жазған едім, енді гол соққандардың туған айы бойынша сараптап көретін болсақ. Сіздің айда туғандар көп гол соққан, көшбасшылық қасиеті, бомбардирлік қасиеті бар деп мақтанып алсаңыз болады:)

  1. қаңтар — 17 ойыншы
  2. ақпан — 19 ойыншы
  3. наурыз — 17 ойыншы
  4. сәуір — 11 ойыншы
  5. мамыр — 22 ойыншы
  6. маусым — 13 ойыншы
  7. шілде — 16 ойыншы
  8. тамыз — 13 ойыншы
  9. қыркүйек — 14 ойыншы
  10. қазан — 8 ойыншы
  11. қараша — 13 ойыншы
  12. желтоқсан — 11 ойыншы

— жылдар бойынша
Келесі кезек гол соққан ойыншылардың жылдары бойынша статистикада, туған айыңызбен мақтана алмасаңыз жылыңызбен яғни құрдастарыңызбен мақтануға мүмкіндік туып тұр:)

  • 1983 жыл — 4 гол
  • 1984 жыл — 7 гол
  • 1985 жыл — 6 гол
  • 1986 жыл — 11 гол
  • 1987 жыл — 47 гол
  • 1988 жыл — 34 гол
  • 1989 жыл — 23 гол
  • 1990 жыл — 28 гол
  • 1991 жыл — 29 гол
  • 1992 жыл — 14 гол
  • 1993 жыл — 20 гол
  • 1994 жыл — 16 гол
  • 1995 жыл — 17 гол
  • 1996 жыл — 14 гол
  • 1997 жыл — 3 гол
  • 1998 жыл — 1 гол


Статистикада аз-маз қателіктер болуы мүмкін, сіздерге ұнады деген ойдамын. Сүйікті командаңызға сәттілік және Hala Madrid!
Әрі қарай

14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Әлем чемпионатына баратын құрамалар тізімі анықталғаннан соң, ел назары осы сенбіде басталатын Еуропа біріншіліктеріне ауғаны рас. «Фифа вирусы» деп аталатын ресми расталмаған ауру түрі осы жолы көп командаға кесірін тигізбей кетпеді. Мысал ретінде, мадридтік Реал сапынан Хедира, Варан, Ди Мария мен Коентрау секілді негізгі құрам ойыншылары жарақат алып тынды. Бір ғана Хедираның жарақаты не тұрады десеңізші, қайдағы жолдастық кездесу үшін Бразилияға бара алмау қаупі төніп отыр.
Әрі қарай

11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Онша қызықты емес, әрі сүреңсіз өткен Эль класикодан соң Мадридтіктер өз алаңында Барселонамен Ноу кампта 90 минут тең ойнап, қосымша минуттарда ұтылған, бұрынғы жылдары еурокубоктардың тұрақты қатысушысы болған Севильяны қабылдаған еді. Реалға бұл жеңіс ауадай қажет болды, себебі каталондықтар мен матрасниктерді тым ұзатып алуға болмайды. Бұл ойында Мадридтіктер құмарынан шыққанша гол соғумен болды, голдан тау тұрғызды десек артық емес…
Әрі қарай

13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі

Ювентуспен өткен тартысты кездесуден соң Мадридтіктер Испан премьер-лигасының 13-ші турында Бернабеуде өткен маусымда Реалдықтарға біраз қиындық тудырған, мінезді Сан-Себастьянның Сосьедадын қабылдады. Құрамында Гризманн, Вела, Прието секілді саңлақтар бар, осы жылғы ЧЛ-да ойнауға мүмкіндік алған бұл командамен ойын тартысты өтер деп топшылады көпшілік қауым. Алайда, алғашқы таймның өзінде-ақ матч тағдыры шешіліп қойылды. Бұны Реалдың мықтылығы, Роналдудың керемет формасы немесе Сосьедадьтықтардың нашар ойыны деуіңізге де болады. Алайда кезекті 3 ұпай астаналықтарға оңай келді.
Әрі қарай

5 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 5 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, Мадридтіктерді ренжітудің қажеті жоқ секілді. Ашуына тисең осылай оңдырмайды, кешегі өткен бір қаланың қос командасы арасындағы кішігірім дербиден осындай ой түйдім. Мүмкін, Хетафе Реалға қарсылас деп ойламассыздар, бірақ бұл футбол, доп-домалақ, алаң-төрт бұрыш деген
Әрі қарай

Бүгінгі матч-4

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Бүгінгі матч-4
ХАЛА МАДРИД !!! Ұлттық құрамалар кездесуінен соң Еуропада чемпионаттар қайта қызуға бет алды. Әдеттегідей Испан Ла Лигасының кезекті турына шолу жасамақпын. Өткен турды жұмыс жағдайларына байланысты жаза алмаған едім, бірден 4 турдан бастағанды жөн көріп отырмын.
Әрі қарай

Ертеңгі матч-2

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч-2
ХАЛА МАДРИД !!! Испан Ла Лигасының кезекті 3-ші турына шолу жасамақпын. Осы турдан Мадридтіктердің бабына қаншалықты келгенін байқауға болады. Себебі қарсылас анау мынау Бетис пен Гранада емес, Испан елінде абыройлы саналатын басктерден құралған Билбаоның Атлетигі(Атлетикомен шатастырмаңыздар). Бірақ, қарсылас қанша мықты болса да Реалдың дәл осы жолы сүрінуі мүмкін емес секілді меніңше, өйткені Реал өз алаңында Ла Лиганың соңғы өткен 45 матчта ұтылмаған екен(Атлетикодан жеңілу Испан кубогында орын алғанын ескертеміз!!!).
Әрі қарай