13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі

Ювентуспен өткен тартысты кездесуден соң Мадридтіктер Испан премьер-лигасының 13-ші турында Бернабеуде өткен маусымда Реалдықтарға біраз қиындық тудырған, мінезді Сан-Себастьянның Сосьедадын қабылдады. Құрамында Гризманн, Вела, Прието секілді саңлақтар бар, осы жылғы ЧЛ-да ойнауға мүмкіндік алған бұл командамен ойын тартысты өтер деп топшылады көпшілік қауым. Алайда, алғашқы таймның өзінде-ақ матч тағдыры шешіліп қойылды. Бұны Реалдың мықтылығы, Роналдудың керемет формасы немесе Сосьедадьтықтардың нашар ойыны деуіңізге де болады. Алайда кезекті 3 ұпай астаналықтарға оңай келді.

Реал Сосьедад жайлы білеріңіз көп шығар, өткен маусымда Ла Лигада Валенсияны артта қалдырып ЧЛ-ға жолдама алды. Сол маусым олардың соңғы жылдары өткізген керемет маусымы болатын, Реалмен өткен матчтардағы Приетоның табандылығы, соққан голдары, Барселонадан 2 ойында да ұпай алу кез-келген команданың қолынан келе бермес. Қаізіргі жағдайы да жаман емес, тренер ауыстырса да құрамында Илларадан басқа белді ойыншыларды сақтап қала алды.

Мадридтіктер мен Сосьедадтықтар осыған дейін 134 кездесу өткізіпті, астаналықтар еншісінде 74 жеңіс, баск елінің өкілдерінде 23 жеңіс, 37 матч тең есеппен аяқталған. голдар айырмасы 285-163.

Сонымен:

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
«Реал Мадрид» — «Реал Сосьедад» 5:1 (4:0)

Голдар: 1:0 — Роналду (12), 2:0 — Бензема (18), 3:0 — Роналду (пен. 26), 4:0 — Хедира (36), 4:1 — Гризманн (61), 5:1 — Роналду (76)

Ассистенттер: 1:0 — Бензема; 2:0 — Роналду; 4:0 — Бэйл

«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль, Варан, Пепе, Арбелоа; Х. Алонсо (Ильярраменди, 70), Хедира (Иско, 77), Модрич; Бэйл, Бензема (Мората, 83), Роналду

«Реал Сосьедад»: К. Браво; К. Мартинес (Ансотеги, 59), М. Гонсалес, И. Мартинес, Хосе Анхель; Маркель, Элустондо (Сурутуса, 46); Вела, Х. Прието, Гризманн; Сеферович (Де ла Белья, 46)

Арбитр: Мартинес Мунуэра

Ескерту: Пепе (29), Арбелоа (53), М. Гонсалес (75)

Матчтың қысқаша статистикасы:

Қақпаға соққы: 18 — 9
Тура соққы: 12 — 5
Бұрыштама: 2 — 7(!!!)



Бірден матчтың бас қаһарманы жайында:

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Ол әрине, португалдық сұрмерген Роналду. ЧЛ-да, Ла Лигада соңғы матчтарда гол соғудан шаршамай келетін Роналду бұл жолы қанжығасын 3 голмен майлады. Бұл сұрмергеннің Ла Лигадағы 19-шы хет-тригі, соның арқасында Ла Лига тарихындағы 15-ші үздік сұрмерген атанды.

Кешегі матчтағы соққан 3 голы үш түрлі жағдайда болды, Бенземаның керемет пасын голға айналдырды, пенальтиде мүлт кетпеді, айып добын да керемет орындады.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригіМадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Серхио Рамос сары қағаздар есебінен бұл ойынға қатыса алмады, 2-ші капитан саналатын Марселода жарақаты болғандықтан капитандық Пепеге бұйырды. Сосьедадтықтардың сапынан жалғыз голды Гризманға соғуға да жағдай жасап берген осы Пепе болды, Лопес сол гол сәтінде шарасыз қалды.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Реалдықтардың керемет ойынына себепкер ертінде Алонсоның алаңға қайта оралуын айтуға болады. Орталық шепте Хедира, Модричпен жұп құрап керемет ойын өткізді.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Хедираның да гол соғуы сирек, керемет пас берген Бейлді де айта кеткен жөн. Алвес секілді шабуылшы саналатын Роналдудың ауынан өткізбесе де Сосьедадтың қорғаушысының бұтының арасынан әдемі өткізе білді. Айырмашылығы да осында.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Касильяс секілді көлеңкеде қап жүрген Исконың ойыны жүрер емес, барлығына себепкер сол Бейл, қазір Реал 4 — 3 — 3 схемасына көшу үстінде, әзірге нәтиже жаман емес.
Касильястың бұндай күйде отырғанын көрудің өзі әдетке айналып барады
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі

__________________________________________________________________________________________________
Испан Лигасындағы басқа да матчтарға келер болсақ, турнир кестесінің көш басындағы Атлетико мен Барселона мачтарын бүгін өткізеді. Мадридтік Атлетико Валенсиялық Вильярреалға, Каталондықтар севильядағы Бетиске қонаққа барады.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Су жаңа стадионға көшкен Бильбаолықтар әлі жеңіліп көрмепті, кешегі өткен Левантемен матчта да сол сценарий қайталанды. Атлетик шабуылдаса да голды Левантеліктер салды, кейіннен намысқа тырысқан алаң иелері 3 ұпайды олжалады. Бұрынғы қаһарлы басктерден ғана тұратын Бильбаолықтар өз-өзіне келе бастаған секілді.
Атлетик – Леванте 2:1 (0:1, 2:0)
Голдар: 0:1 – 34 Барраль, 1:1 – 72 М.Рико, 2:1 – 84 Адурис.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Астаналық команда саналатын Хетафе өз алаңында ұпай жоғалтып алды, қонаққа келген Эльчемен тең ойнады. Хетафе осы маусымда жоғары орындарға ұмтылып келеді, ал Эльченің лигаға келгені кеше болса да ойыны жақсы. Эльче құрамында негізгі құрам ойыншылары саналатын көп ойыншының алаңға шықпағанын ескерсек алған 1 ұпайға қуануы тиіс.
Хетафе – Эльче 1:1 (1:0, 0:1)
Голдар: 1:0 – 18 Леон, 1:1 – 61 Боачи.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Андалусиялық дерби саналған Гранада мен Малага матчы да қызыққа толы болды. Өткен жылғы ЧЛ-да сенсация жасаған Малагалықтардан қазір ештеме де қалмаған секілді. Мүмкін, шейхтерінің ақшасы таусылды ма екен?! Роналду секілді Эль-Арабиде осы турда хет-трик жасады.
Гранада – Малага 3:1 (0:0, 3:1)
Голдар: 1:0 – 48 Эль-Араби, 1:1 – 54 Хуанми, 2:1 – 59 Эль-Араби, 3:1 – 77 Эль-Араби.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Испанияда қызықты бір команда бар, өз алаңындағы ойындардың көп бөлігінде жеңіле беретін сельта жайлы айтып отырмын. Сенбесеңіз статистикасын қараңыз, осы жолы да сол тенденция орын алды. Өз алаңында Райо Вальеканоны қабылдаған Виголықтар толықтай ұтылды. Бұл жағдайды Сельта қарғысы деп атай берсекті болатын секілді. Пако Хеместің командасының орындауындағы кезекті әдемі ойын:
Сельта – Райо Вальекано 0:2 (0:1, 0:1)
Голдар: 0:1 – 24 Виера, 0:2 – 72 Ларривей.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 13 - тур. Ла Лига. Криштианудың 19-шы хет-тригі
Кезінде өз алаңында кез-келген испандық гранд саналатын командаға тойтарыс бере алатын команда саналған Памплондық Осасуна сол кейіптерінен жаңылған секілді. Кешегі матчта өз алаңында қарапайым ғана Альмерияны қабылдаған Осасуналықтар жеңілістін ащы дәмін татты. Алайда қызығы сол, Осасуна шабуылдаса да гол соққан Альмерия. «Сен соқпасаң саған соғады» дегенді бекер айтпаса керек.
Осасуна – Альмерия 0:1 (0:1, 0:0)
Голдар: 0:1 – 18 Родри.

Келесі турда Реалдықтар Альмерияға қонаққа барады. ХАЛА МАДРИД !!!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше