11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Онша қызықты емес, әрі сүреңсіз өткен Эль класикодан соң Мадридтіктер өз алаңында Барселонамен Ноу кампта 90 минут тең ойнап, қосымша минуттарда ұтылған, бұрынғы жылдары еурокубоктардың тұрақты қатысушысы болған Севильяны қабылдаған еді. Реалға бұл жеңіс ауадай қажет болды, себебі каталондықтар мен матрасниктерді тым ұзатып алуға болмайды. Бұл ойында Мадридтіктер құмарынан шыққанша гол соғумен болды, голдан тау тұрғызды десек артық емес…

Бұған дейін командалар 143 мәрте кездесіпті, Реалдықтар 74 ойында жеңсе, Севильялықтар 42 ойында жеңісті тойлаған, қалған 27 матч тең есеппен аяқталыпты. Голдар айырмасы 311-200

Сонымен:.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

«Реал Мадрид» — «Севилья» 7:3 (3:2)

Голдар: 1:0 — Бэйл (13), 2:0 — Бэйл (27), 3:0 — Роналду (пен. 32), 3:1 — Ракитич (пен. 38), 3:2 — Бакка (40), 4:2 — Бензема (53), 5:2 — Роналду (60), 5:3 — Ракитич (63), 6:3 — Роналду (71), 7:3 — Бензема (80)

Ассистенттер: 1:0 — Бензема; 3:2 — Самперио; 4:2 — Бэйл; 5:2 — Бэйл; 5:3 — Перотти; 6:3 — Бензема; 7:3 — Марсело

Соғылмаған пенальти: Ракитич (қисық ұшты, 74)

«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Арбелоа, Варан, С. Рамос, Марсело; Хедира (Ди Мария, 82), Ильярраменди (Х. Алонсо, 64); Бэйл, Иско (Модрич, 71), Роналду; Бензема

«Севилья»: Бету; Диогу, Пареха, Карришу, Ф. Наварро, А. Морено; Самперио (Перотти, 62), М'Биа, Ракитич, Витоло (Рейес, 83); Бакка (Гамейро, 62)

Арбитр: Х. Тейшейра Витьенес

Ескерту: А. Морено (25), С. Рамос (37), М'Биа (59; 76), Арбелоа (65), Хедира (66), Пареха (90+3)

Алаңнан қуылды: М'Биа (76)

Матч статистикасы:
Қақпаға тура соққы: 10-6
Бұрыштама: 2-1
Оффсайд: 2-3



Енді ойын жайында айта кетсем:

Матч басталар алдында Анчелотти бапкер алаңға 3 шабуылшымен шығатынын айтқан еді, олардың кім екенінде ұғу қиын болмады. Роналду мен Бензема жұбына Бейл немесе Ди Мария қосылатыны анық еді. Анчи бапкер алғашқысын таңдапты және таңдаудан қателеспеген секілді, Бейл Реалға келгелі өзінің ең жақсы ойынын көрсетті, дубль авторы атанды:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу
Егер Бейлды 90 миллион тұрмайды десеңіз келісейін, алайда мынадай балеттік трюкті жасай алмайтыныңызға сенімім кәміл, байғұс Модрич керемет алданды;
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Роналдудың атына айтылған ФИФА президенті Блаттердің сөзі өзінің абыройына нұқсан келтірген секілді, Роналдуда көп күттірмей жауап берді. Севильямен соңғы өткен 5 матчта 11 гол соққан сұрмерген Роналду бұл жолы да қанжығасын жақсылап майлады, хет трик авторы атанды, сонымен қатар ойынымен Блаттерге жауабын да берді, қараңыз(Блаттер Роналдуды алаңдағы командирлердің бірі ғана деген болатын):
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Үздік ойыншы әрине Роналду, Бейлдің де еңбегі ерен. Қорғаныстағы жігіттер ойыны әлі де түзелер емес, Рамос өзін тәрбиелеп өсірген Севильяға қарсы барын салып ойнағысы келмеді ме, әйтеуір, мынадай сұмдық голдарды жібере бастадық:

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Исконың алғашқы минуттардан ойыны жаман болмады, голдардың көбісіне қатысты. Алонсоның ұзақ мерзімді жарақатынан соң алаңға алғаш шықса да өз ойынын жоғалтқан жоқ. Анчи бапкердің осындай эмоционалды адам екенін білмеппін, рысбек саған тренер:


Айта кетерлігі Роналду осы хет тригінен соң Реалдың сапында көп гол соққан ойыншылар арасынан шабуылшы Пушкашты басып озып 5 орынға жайғасты, Раульге дейін жетуіңе тілектеспіз!!!
ХАЛА МАДРИД !!!
Бөлісу:

1 пікір

konyrat
91 тенгел! к «ТАУЫК» жарады, жаксы ойнады.