Күнәнің көлемі...

Бұл жазып отырғаным хадис пе, хадис болса сахих па білмеймін. Сондықтан мысал әңгіме деп айта берейін. Сіздердің кейбіріңіз басқаша (дұрысырақ) нұсқасын білулеріңіз де мүмкін.
Бір қария аулада отырып адамдарды бақылап отырады екен. Бір көршісінің үнемі Жаратушыға жалбарынып күнәсін кешуді сұрап отыратынын байқапты. Өтіп бара жатқан басқа көршісінен осының мән-жайын сұрапты. Ол «Бұ кісінің жасаған күнәсі ауыр, сондықтан да осылай кешірім сұрап отырады» деп жауап беріпті. Қария «Сенің күнәң жоқ па?» деп сұрағанда әлгі «Менікі ұсақ -түйек күнәлар ғой» деп жауап береді. Содан екі көршісін қасына шақырып алған қария «Сен екеуің маған өз күнәларың қандай деп есептесеңдер, сондай көлемді тас әкеліңдерші» депті. ана екеуі шамалыдан соң айтылған тастарды әкеледі. Алладан кешірім сұрап отыратын көршісі дәу қара тас әкелсе, екіншісі ұсақ тастарды етегіне салып әкеліпті. Қария:«Енді осы тастарды орындарына қойыңдар»
Сонда ұсақ-тас әкелген көршісі «ақсақал, мен бұл тастарды орындарына қоя алмаймын,қайсын қай жерден алғанымды білмеймін» деп жауап беріпті. Қария: «Балам, сенің ірілі-ұсақты күнәларың да сондай көп. Қайсын қай жерде жасағаныңды білмейсің.Әсілі күнәнің үлкен кішісі болмайды. сондықтан да Алладан кешірім сұраудың артықшылығы жоқ» деп жауап беріпті.
Әрі қарай

Киік ауған жыл...

Бір кездері мына сар далада маңғырған киіктер жайылып жүретін десе бізден кейінгілер сене қоймас. Біздің өзіміз сол киіктердің ауып бара жатқандағы соңғы көшін көрген ұрпақ болармыз бәлкім… Бәлкім олар аумаған шығар, ауып емес, құрып бара жатқан болар сол кездерде… Қайткенмен де адам қолымен жасалған қиянат еді бұл осынау әдемі жаратылыс иелеріне…
Әрі қарай

Сондай күндер де болған...

Қазіргі оқушыларда бәрі бар. Қағаз-қаламдарының түр түрі жетерлік. Сонау бір жылдары «ручкалардың» өзі қат болып кеткен. Шарикті стержіндері болушы еді.«Ручкамның пастысы бітіп қалды» деген әңгімелер болатын сол замандарда. Пастының басын тіспен жұлып алып, пастысы біткен досыңа үріп сия құясың. Бензіні біткен мәшинеге бензін бергендей… Отырасың сосын аузыңның маңы көкала сияланып…
Фломастер дегендер де қолға көп тие бермейтін. кеуіп қалған фломастерге одекалон тамызтып алып әрі қарай қолдана беруші едік…
Әрі қарай

Шамаң келсе "Шаманы" айт...

Жарылғапбердінің «Шамасы». Консерватория бітіргендердің 50ден бірі орындайтын шығар сірә. Өте қиын ән. Әннің тарихына келсек «бұл ән Жарылғапбердінікі емес» дейтіндер де бар. Ия, Жарылғапберді жеткізуші болуы да мүмкін. Дегенмен, бұл ән әзірше Жарылғапбердінің «Шамасы»
Әрі қарай

Үштен беске

Бұрынырақта мектептерде мынандай қызық үрдіс бар болатын. Үшінші кластан соң бесінші класқа секіртіп жіберу деген. Мен бейбақ сол секіріп үлгергендердің соңғысы едім. Төртінші класс қайда қалады, не үшін секіртеді сол кезде? Әлде дайындық сыныбынан өткендерді ғана секіртті ме? Олай дейтінім біз «нөлебай» оқыдық. БІріншіге көшкенде «нөлебай» оқымағандар келіп 1«б» класы бола қалды. Осылайша бастауыш кластарды «а» мен «б» болып оқып жүрдік. Әйтпесе кішкене қазақ ауылында класқа симай жатқан бала жоқтын. Уобщым, біз үштен кейін секіріп кеттік беске, аналар қалды төрт оқып. Осылайша бір-ақ күнде біз оларға «старшак» атандық.
Әрі қарай

Жұлдыздың саны қанша?

Аспан әлемін зерттеушілер жұлдыздардың нақты санын тапқан да болар кім білсін?! Менің баяндайын деп отырған әңгімем телескопты ойлап таппай тұрған кездердің әңгімесі.
Баяғыда бір айтыста өзін жеңіп бара жатқан ақын жігітті сөзден жеңбек болған қыз әлгіден аспандағы жұлдыздың дәл санын айтуын сұрапты. Жігітте тосылып қалмапты.
Әрине малдың санын баққан білер
Ел үшін ер жігіттер атқа мінер
Еркек сорлы еңкеңдеп не біледі
Жұлдызды шалқасынан жатқан білер-деп салыпты.
Әрі қарай

Суық торғайдың (воробей) құйрығы неге күрек?

Баяғы өткен заманда жер бетіндегі жануарлар мен жәндіктерді үш басты айдаһар билеп-төстеп тұрыпты. Елін 20 жыл билеген айдаһар қартайып айықпас дертке душар болыпты. Жан-жақтан алдырған емшілер кәрілікке қарсы ем таба алмай қиналыпты. Тек біреуі ғана «Патшамыз әлемдегі ең тәтті қанды ішсе құлан-таза айығады» деп диагноз қойыпты. Патшаның уәзірі бұл істі масаға тапсырыпты. Талай қанның дәмін татқан маса кімнің қаны тәтті екенін жақсы білетін. Мақсатты түрде адам қанын, оның ішінде жас сәбидің қанын іздеуге қолына колбасын алып жолға шықты.
Әрі қарай

Әлө, бұл маяк...

Қалта телефондарының қазақстандықтардың барлығына дерлік қол жетімді бола бастаған кез. Бір студент досымыз да (бізде студентпіз әрине) өзіне сотка алды. Полифания, түрлі-түсті дисплей… керемет опшым! «Былай хат жазасың»,«былай звандайсың», «маяк тастасаң бірлік кетпейді» деп жамырап білгенімізді айтып жатырмыз. Бәріміздің ақылымызды миы қабылдап үлгермеген болуы керек кешке анау туысқандарына, былай звондапты:
-Әлө, бұл маяк… Мен ғой (атын айтады) маякпен звондап тұрмын единитса кетпейд дейді ғой.Айта беріңіз. Апамдар аман ба? Қасқа аттың аяғы жазылды ма...?
Маягы тегін болмаған досымыз келесі күні бізбен сөйлеспей қойды)))
Әрі қарай

Қыз бен жігіт айтысы

Мені "Ұятсыз!" деп бәткәрдәлайын деп отырсаңыз әр жағын оқымай-ақ қойыңыз!
Баяғыда бір ақын жігіт (Жамбылдың жас кезі дегенде қауесет бар) Тарбағатай жақта қызыл сөздің биесін сауып сүтін ішкен ақын қыз бар дегенді естиді. Содан әлгі қызды сөзден жықпақ болып жігітіміз жолға шығыпты. Ол заманда сотка деген жоқ, бірақ әлгі ақын жігіттің келе жатқанын қыз каким та обрызым естіп алып алдынан шығыпты. Екеуінің кездескен жері Тарбағатайдың етегі болса керек.

Мен тұрмын Тарбағатай саласында
Сен тұрсың тарбағатай саласында
Екеуімз осы жерде айтысамыз
Жеңілсең маған қатын боласың ба?- депті жігіт ат үстінен түспестен.
Әрі қарай