Қияр ұрлаған түн...
Түн.Ауыл сыртындағы құмға сіңіп жоқ болуға айналған жылға жақтан құрбақаның құрылы естіледі аңда-санда. Ара-тұра шегірткелер де шырылдап қояды.Ауыл тұрғындарының бәрі дерлік келін түсіп жатқан үй жақта. Тек осынау аз ғана топ өздерінің қара ниеттерін асыру мақсатында алға қарай жер бауырлап келе жатыр.
Әрі қарай


Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
