Эстафета. Менен бір ыстық тамақ пен бір салат!

Алты жеңге мен бес әпкенің ортасында өскендіктен тамақ істеу мұқтаждығына ұрынбаппын. Сонда да болса Ернұр берген эстафетаны пайдаланып сіздерге бірдеңе ұсына алады екенмін.
Шоққа піскен картоп

Алдымен, үлкен емес орташа (екі -үш жасар баланың жұдырығндай) картоптарды іріктеп алыңыз. Тамақ пісірген пештің (қойдың қиының шоғы ерекше дәм береді)шоғына картоптарды көмеміз. Картоптың күйіп кетпеуі үшін шоқтың лебіне қолыңызды 10 санағанша ұстап тұра алсаңыз жеткілікті. Дәл уақытын түйсігіңіз арқылы сезіп, шамалыдан соң күлге піскен ыстық картопты үргілеп жеп отырасыз.
Әрі қарай

...келе жатыр...

Алдымызда ғарышкерлер күні келе жатыр. Біздің ғарышкерлеріміздің де ғарыш саламыздың да оңып жатпағаны белгілі. Бірақ, тойшыл қазақ осы күнге орай мерекелік шара өткізбесе ішкен асы бойына сіңбейді. Бәрі дұрыс қой. Айтатын әндерге келсек… дені орыс тілінде. Гагариннан бастап әйтеуір Олжастың «Адамға табын жер ендісімен» аяқтап жатамыз. Менің өтінішім, ғарыш жайлы, ғарышкерлер жайлы қазақша әндер бар ма? Саят Қамшыгердің сөзіне жазылған балаларға арналған " Мен ғарышкер боламын" атты ән бар деп естідім. Бар болса бөлісе отырсаңыздар.
Әрі қарай

Бетперде

-Қайырлы күн, қымбатты көрермендер! Әр сенбіде өздеріңіз сағына күтетін, ашық әңгіме алаңы «Бетперде» бағдарламасы өз жұмысын бастайды! Сонымен, біздің бүгінгі қонағымызыз қай министрліктен келіп отырған жұмбақ күйінде қалуын өтінген министр ағамыз!

-Министр мырза, бағдарламамызға қош келдіңіз дей отырып алғашқы сұрағымды қойып кетсем. Бетіңізге неліктен маска киіп шықтыңыз және ол неге түлкінің маскасы?
Әрі қарай

Вешірге дайындық...вешір...

Мереке қарсаңында әр жылғылар әр үйде жиналып вешір жасайды. Сондай оқиғалар біздің ауылда былай өрбитін. Әуелі, ептеп тиын-тебеннің басын құраймыз. Содан кейін барып жаңағы ақшаға не келетінін есептейміз. Тәтті-пәттілерді үлкендер жағы арқылы ауданнан алдыртамыз. Ал ішімдік жағын ауылдағы төшкілерден аламыз.Қыс болса ақшаға, жаз аяғы болса екі қап бидайға бір вино (нағыз қанаушылық екен ғой) аламыз.Ақ арақты да ұмытпаймыз. Өзімізден он жас үлкендерден бастап бізге кіріп шығатындарға бір-бір шөлмек дайындап қоямыз.
Вешір басталады. БІреу жүгіріп келеді.
-74-тер келді, кіруге ұялып тұр қыздардан…
Бір шөлмекті құшақтап қораның артына немесе дәлізде ағалардан ақ тілек тыңдаймыз. Осылай кете береді. 78-79дан бастап столға отырып кетеді. Арамыз 5-6 жас қой енді,ұят емес тә…
Арт жағында кластың қыздары үлкендермен кетіп қалады. Қыздарға жынданғаннан не пайда… Жылдар өтеді вешірлерге жастау қыздарды тарта бастайсың. Кластың қыздары бұнымызды жақтырмайды мұндайда. Оларды ешкім вешірге әкетпейтін болғанда бұл күндері…
Әрі қарай

Ойын. (Жалғасы)

***

Айбек үй қапырық болған соң балконға шықты. Жарты аспанның жұлдыздары жымың-жымың етеді. әнебір жұлдыз бұған тілін шығарғандай ма қалай өзі? Ол қыздармен өткен әңгімені еске алды.

Жандос пен Бақытгүл артта келе жатты. өзі Гүлнұр мен Саяның ортасында, екеуіне кезек әзіл тастап келе жатқан. әңгіме қыз бен жігіт тақырыбына ауысты. Сөзден сөз шығып Гүлнұр «Егер кәзіргі жігіті өзін тастап кетсе, Айбекпен жүре салам» деп айтып салды. Айбек жүрегіне біреу біз сұғып алғандай күйге түсті. Сонда қалай, әншейінде жігіттерді кінәлап шыға келетін қыздар, өздерінің осы қылықтарына не дейді екен? Әрине бес саусақ бірдей емес, жігіттерде де бар қателік және тап сондай қателікті қыздардан да табуға болады. Гүлнұрдың бұнысы несі? Ойыны ма? Ойындағысын айтып қалды не де болса. Ойын Сая бөліп жіберді:
Әрі қарай

Ойын

***

Бұныкі де дұрыс емес, енді! «Осы ойынды қалаған өзі ғой?»деп өз-өзін ақтағандай болады.Бірақ бұл бер жағы ғана. Ойынға бір кірсең одан тысқары шығудың қиындығын бұл сезіппе еді сонда, сезсе өстер ме еді?! Қалай басталып еді өзі?
Әрі қарай

Біз айтқан тақпақтар....

Біздің кезіміздегі оқулықтардың тақпақтарының өзі тәрбие еді ғой. Қазіргі оқулықтардың бетін ашпаған соң білмейді екенмін тақпақтарын. Осы жерге есімізде қалған тақпақтарды жазсақ қалай болады?
***
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Әрі қарай

Өтірік әңгімелер.

"Қыз өсірдім дегенше қырсық өсірдім дегейсің" дегенді ата-бабаларымыз қалай дәл айтып кеткен. Қилызман бабалар сөзінің осынша дәлдігіне не разы боларын білмей не жыларын білмей дел-сал күйде отыр. Текті жерден келгендердің де бетін қайтармаппа еді осы жалғыз қызы үшін. Ал, оның істегені мынау.Қашты да кетті. Әшейінде бөлмесінен қуып шығара алмайтын қызы Айгерімге бұндай жыны келмес.
-Әке, мусорды мен төгіп келейін-дегенде неге секем алмады екен бұ шіркін?! Әй, мені де атып өлтіретін Сатыбалды адам жоқ деп күйініп кетті. Ойбай-ау, мусор қара пакетте ғой. Қызы көк пакетті қолына ұстап көз алдында шығып кетті -ау. «Жә, бақытты болсын!»дейін десе сондағы тапқаны анау ма? Қалқаң құлақ скелет! Ойбай-ау ондай қалқаң құлақтар өзіміздің қалада да толып жатқан жоқ па, а? Қилызаман алдындағы жарты бөтелке «Хаоманы» стаканға құймай-ақ өңешіне төңкере салды.
Әрі қарай

Қолының сұғы бар мысық

Калифорния штатында Дасти атты клептоманмен ауыратын мысықтың тұратындығы анықталды. Клептоман- дегеніміз қазақшаласақ қолының сұғы бар адам.Адамның еркінен тыс болатын құбылыс па бірдеңе менің түсінігімше.Бұндай аурудың бар екенін біреуміз бұрыннан білсек, біріміз түрік сериалындағы Пелин арқылы білдік.Әңгімемізге қайта оралсақ.

Әрі қарай