Ойын
***
Бұныкі де дұрыс емес, енді! «Осы ойынды қалаған өзі ғой?»деп өз-өзін ақтағандай болады.Бірақ бұл бер жағы ғана. Ойынға бір кірсең одан тысқары шығудың қиындығын бұл сезіппе еді сонда, сезсе өстер ме еді?! Қалай басталып еді өзі?
***
Ол кезде кешкі күзетшілікте істейтін. Оқудың ақшасын төлеудің қамы.Сол күні кешқұрым түнгі кезекшілігін қабылдап алып, өткен-кеткендерге көз тастап, шағып тұрған шемішкесін шірене лақтырып тұрған. Іші пысып тұрған бұл, анадайда аяқтарын еріне басып келе жатқан 4-5 қызды көрген. Жалпы, өзінің осал тұсы осы қыздар екенін білетін жігітіміз. Бірақ, Аллаға аян, қыздарға деген еш арамдық ойларға бармаушы еді. Ал, мына қыздардың жүрістері мен күлкілерінің өзі-ақ, олардың осы жүрістерінің еш мәні жоқтығын аңғартып-ақ тұр. Бұл қатарласа берген қыздармен амандасып, олардан шемішкесін шағысып жіберуін өтінді. Қыздардың ҚарМУ-да оқитынын да сұрап біліп алды. Олар да өз кезектерінде мұны сырттай танитындарын, ҚарМУ шаңырағында өтіп тұратын жыр кештерінен көргендерін айтып қалды.
***
Ертесіне кешке жігіт жанына жолдасын ертіп, кеше ғана мекен-жайын алған кірпіш үйдің көздеулі подъезінің алдына келді. Келісілгендей қыздардың аттарын атап, бір-екі рет ысқырыпта алды. Екінші қабаттағы көк терезе ашылып, одан Гүлнұр бұларға қарап жымиып, өздерінің 1-2 минөтте шығатындарын айтты.
-Айбек, мына қыздың саған деген көзқарасы жылы ма деп қалдым-деп Жандос бұны бүйірден түртіп өтті.
-Оны уақыт көрсетер, кеше ғана ол қыздың жігітім бар деп отырғаны.
Жігіттер әр-ненің басын шатып отырғанда, қыздарда шықты құлпырып. Сөйтіп 3 қыз,2 жігіттен құрылған топ, кешкі Майқұдық көшелерінің біріне түсіп, бір-бірімен одан әрі жақынырақ таныса түсті. Бір бұрыштағы кафеге кіріп, аздап салқын су ішіп шыққанда, олар бір-бірін бұрыннан білетіндей сыр алысып қалған. Қыздарды үйлеріне әкелген олар, есік алдында тағы біраз әңгімелесіп отырып қалды.қыздардың өтініші бойынша екеуі кезектесіп өлеңдерін оқыды. Майқұдықтың мұң басқан аспаны, махаббат жайлы жырлардың тыңдаушыларын еріксіз ойға жетелегендей ме қалай?
жалғасы мында

20 пікір