Эстафета. Менен бір ыстық тамақ пен бір салат!

Алты жеңге мен бес әпкенің ортасында өскендіктен тамақ істеу мұқтаждығына ұрынбаппын. Сонда да болса Ернұр берген эстафетаны пайдаланып сіздерге бірдеңе ұсына алады екенмін.
Шоққа піскен картоп

Алдымен, үлкен емес орташа (екі -үш жасар баланың жұдырығндай) картоптарды іріктеп алыңыз. Тамақ пісірген пештің (қойдың қиының шоғы ерекше дәм береді)шоғына картоптарды көмеміз. Картоптың күйіп кетпеуі үшін шоқтың лебіне қолыңызды 10 санағанша ұстап тұра алсаңыз жеткілікті. Дәл уақытын түйсігіңіз арқылы сезіп, шамалыдан соң күлге піскен ыстық картопты үргілеп жеп отырасыз.

ПыСы: Суретін инеттен алғым келмеді. Өзім… отырайын енді күлге картоп көміп мусорканын қасында… бомждармен суретке түсіп…
Нан салаты

Жаңа ғана сеператордан шыққан сұйық қаймақтан бір кесеге құйып аласыз. Жаңа ғана пештен шыққан нанның бірер тілімін кесіп алып (суыған нанмен де жақсы негізі)жаңағы қаймақ толы кесеге үзіп-үзіп саласыз да араластырасыз. Нанның барлық үзімі қаймаққа шыланғаны дұрыс. Салатымыз әзір.

Эстафетаны салтанатты түрде Патикке ұсынамын!
Бөлісу:

39 пікір

madlen
suret jok pa ne? :)
madlen
oqymai turyp jaza salyppyn, kewirinizwi :)
sammita
Әбіл, көпшілігі сепатор, онымен сүт айыру дегенді білмейді. Майды да біздер сияқты қаймақтан бұлғап алмайды екен.
Abilakim
Азшылықтың көпшілікте шаруасы жоқ. Біздің елде.
ErNur
ПыСы: Суретін инеттен алғым келмеді. Өзім… отырайын енді күлге картоп көміп мусорканын қасында… бомждармен суретке түсіп…
Әбіләкімнің күйе-күйе болып отырғанын елестетіп… шегім қатты :)))))))
madlen
musorkanyn qasynda kartop komgen jaksy wygar, da? :)))
Abilakim
Дегенмен жеп көрулеріңді ұсынамын. Нан салаты да керемет дәмді…
madlen
onda sguwenka salat jasasam bolady eken :)))))))
Abilakim
Банан қосатыныңды айтпай-ақ қоюыңа болады
sammita
сепаратордан шыққан қаймақ жоқпед?
madlen
nan salaty uwin jedel turde separator satyp alu kerk boldy...:)))
sammita
ал негізі сіздің жақта қолдана ма ондайды?
Abilakim
Бізде бәрі кампутер демекші, ауылдағы қатындар казір токқа тығып қойып сериалдарын қарай береді.
sammita
қайсысы болса да айырмасы жоқ қой. Кей жерде шикі қаймақ, піскен қаймақ деп атайды. Оны сүттен сүзіп аладык. Майды сүттен шайқайды. Соны анықтағым келген.
madlen
arine koldanady.
Korwi aiel bireuden sut satyp algan goi balasyna, soitse ol sut separatordan wykkan kaldyk sut eken. Balasynyn iwi auyryp hai-vai wygargan…

Sosyn separatordyn janynda saraida jatatyn bir mai wygaratyn zat boldy… Onyn aty kandai ekenin bilmeim...Masloboika, kajetsya
TERISKEI
Шоққа піскен картоп — бұрын мамам далада табаға нан жауып біткен соң, ағам екеуміз артынша 2-3 картопты ыстық күліне домалатып алушы ек. расында өте дәмдә болады ондай картоптар!
serjan
Қалай тамақ пісіру керектігін қыздарға қалдырайық
edige
Мунда еркектердің өнерін біліп отырмыз, сонымен катар тәжірибе алмасып
sammita
саған таяқ тигенше тамақ қалмайтын болдее:))
edige
Тойда; — «Менікі де апамдікіндей» деген кыз сияқты құтылмасақ болғаны сөзсіз
serjan
Онан да әйелдер тамақ істеуге көмектесші дегенде, қалай құтылудың жолын айтсаңдаршы, жігіттер!!!
Abilakim
құтыла алмай жүрмісің?!
patick
Ептібайматтар, менің ұсынатын тағамдарым балықтан жасалатынын алдын ала назарбыларыңа салғым келеді, нақтың.
Abilakim
Былықтан жасалмаса болды да…
satibaldi
Құрыдың patick, колись нақ))))))))
patick
Нағылдисің, нақ :)))))
qisyq
Жатшиш, әнас десей
satibaldi
Шығар қанішкендік пергаменттердегі жазбаларды )))
VKM
мяяя, Абилаким де тамақ істейді екен ғой, жеңгемізге жағаласып деп ойлап қалсам, жәәәәй екен ғой)))Былай дәмді девойлаймын :)))
Abilakim
Аптасына бір рет жеңгең екеуміздің демалысымыз сәйкес келмей қалады. сондай кезде не бишпакет жеймін не кафе жағалап кетемін))))
serjan
Мен жұмыртқаны жақсы қуырам, сосын етті дәмді етіп асамын.
satibaldi
Мен жұмыртқаны жақсы қуырам
Тұнған субективизм.
сосын етті дәмді етіп асамын.
Шылқыған субъективизм.
serjan
Мынаныңда әзілді түсінбей сандырақтайтын кезі болады екен-ау.
sammita
мынаның емес мына кісінің деңіз.
KILYZAMAN
… Сатекеңде адвокатура ТУТ как ТУТтың жібек өрер көбелектеріндей… Тыпа, Тыпа, Тыпа :-)
KILYZAMAN
Жақсылап тұздалып, сақталған етті асқан кезімде барғой — жуаның неге жіңішкерек болмадым екен деп өкініп қалатындай болады :-) Шын айтамын…
Erlan
Жаңа бауыздалған қойдың, тамағынан төсіне дейін орып, төсін кесіп ап ұлтарақтай етіп, ішкі бетіне яғни майына тұз себіп, сыртқы бетін жүн жағына, пайлнікпен үйтесін абден, тамақ дайын, Төстік деген осы ауыз тиіп коргендеріңіз барма?
KILYZAMAN
Не жездеңді(күйеубалада болуы мүмкін) жақсылап күткенісің, не қайын жұртыңнан осы астың дәмін татқансыңау бауырым :-)
Erkekyz
Ия, картоп шыныменде тәтті болады шоққа піскені.