Ахи мен Үхти

427-ші нөмірде не айтылмады десеңші. Айналып келіп дін мәселесіне де тірелдік қой. Дәл сол кезде ол тақырыпта сөз қозғауға лайықты жағдайда болмасақта…
Дін-өте нәзік ғылым. Оның шегіне жету мүмкін емес. Пендеге түсініксіз жақтары да бар. Бірақ, исламда біліміңді жетілдіріп отырғаның абзал делінеді. Тәуелсіздігімізді алған жылдары біздің еліміз жесір қатын секілді еді. Не түрлі діни ағымдарға есігіміз шалқасынан ашылды. Әлі де сол. Ақырзаман алдында ақиқатқа балаған Ислам діні де 73 (шатыспасам) тармаққа бөлінеді екен. Оның әр қайсысы өзін ақиқат жолындамыз деп біледі.
Жә, кіріспем ұзап кетті! Менің айтпағым мынау еді. Халық арасында «Алматника» атауымен тез тарап кеткен арзан бағалы киім-кешек сататын дүкендер бар. Осының сатушылары кілең (еркектері де әйелдері де) дін жолын ұстанғандар. Алла олардың ниетін қабыл етсін. Енді бұлардың сөздері қалай?! Бір-бірін «Ахи» немесе "Үхти" деп атайды. Бұлары «Апа» және «Аға»деген түрлері екен.Бір-екі қыздың «соткамен» сөйлесіп тұрғандарын да көрдім. Жырқ-жырқ күлкі. Арасында «Ахи, сен Алланың сүйген құлысың ғой» деп қояды. Оны қайдан біледі екен?! Жеке көлігім болмағандықтан жұма күндері жұма намазына бара алмаймын. Жұмыс арасында барып -келу мүмкіндігі жоқ. Үлгере алмаймын үзіліс уақыты бойынша. Бір-екі рет барғанымда мешіттен шыққан сақалдылардың бір-бірімен "Үхтилесіп" жатқандарын да көргенмін кезінде. Бұлардікі дұрыс, я бұрыс дей алмаймын. Бірақта осы жазбаны осы жердегі «Ахилерім» мен "Үхтилеріме" ұсынуды жөн көрдім.
Бөлісу:

22 пікір

e_zhalgas
Иа, сол 427-дегі айтылғандар естен кетпейді әлі. еміс-еміс қана есте қалғанына қарамастан. )))) діннің де таяқтыкі сияқты екі ұшы бар екенін ұмытып кете беретін сияқты бәрі де. Дін мен Сенімді шатастырып ала береді.
asaubota
аби мен аблалар да бар :) абишка, аблашка деген еркелетілген түрлері де жоқ емес :)
TERISKEI
..."мешіттен шыққан сақалдылардың бір-бірімен "Үхтилесіп" жатқандарын да көргенмін" — Әбеке, сақалдылар болса, «ахиласады» бір-бірімен, орамалдылары «ухтилеседі»...:))))
Abilakim
Солардың ішінде жүрген сен білесің))))
ErNur
Мен бәріненде енді тағы сондай күн болар ма кен деп ойлап отырмын, сырласатын, сыралататын :)
konvict
«Алматинки» дегенге ұқсас екен
meirzhan
Дінге алыспын дейтін адамдар алыстығына осындай көркем мінезі жоқ мұсылмандарды кінәлайды. Олардың айтуы бойынша: «Мен сақалы өскен немесе хиджаб киген мұсылман көрдім, маған жаман көзбен қарап, ауыр сөз айтты. Сондықтан мен дінге берілген дұрыс деп санамаймын.»
Әрине ондайлар болуы мүмкін, бірақ бәрі ондай емес. Меніңше бұл ақталуға көбірек ұқсайды.
bagaline
Меніңше бұл ақталуға көбірек ұқсайды. 
Меніңше бұл қаралауға көбірек ұқсайды
meirzhan
Қаралай отырып ақталу дейік.
bagaline
«көркем мінезі жоқ болса, неге ол образға кіреді?» десем ше
meirzhan
Мен ешкімді ақтап тұрғаным жоқ. Бірақ кейбірі образға кіріп жүрсе, кейбірінің шын ниеттері бар. Бірақ білім, парасаты жетпейтін шығар, және де мінезді түзетудің өзі қиын.
bagaline
сол үшін НӘН де хиджапқа қарсы шығар, а?
meirzhan
Президенттің бұл сөздері шыны керек оқыс болды.
Санасы кеңесстік атеизм кезінде қалыптасқан адамнан хиджапты қодаймын деген пікірдіе есту мүмкін деп ойлайсыз ба. Және сонымен қоса лидерлерге тән қасиет — көпшіліктің пікірін ұстану. (саяси ұпай деміз бе).

Мұсылман атына кір келтіріп жүргендердің болуы елдің Исламға қайта оралу процесінде болатын заңды құбылыс деп қарастыру керек шығар. Біз кімьіз деген сұраққа өздігінше жауап іздеуге тырысып жүр бұлар. Кейбірі адасуда.

Президенттің бұл сөзі «Хиджаб киюшілер — секта» деген стереотиптің сақталуына "үлес" қосты, хиджапқа қарсы адамдарға сенім ұялатты.
bagaline
сол сөзінен кейін ауылдағы К700тің кілтін ұстап қатайған қыңыр-қырсық қазақтар НӘНге дауыс беретін боп шешті, өзі келінідей сақалтай Сәит ибн Уаққас Сәдуақастан басқа
meirzhan
Жақында "Қазақ жастары тәуелсіздік құндылығын бағалай ма?" деген тақырыпта пікір-сайыс өткен болатын. Сондағы менің ұстанатын позициям: «Иә, бағалайды» деген болды. Дайын жоспар, кейс болмағандықтан он минут ішінде аргументтер құру керек болды. Бір аргумент ретінде дін мәселесін алдым. Яғни, уәжім мынадай болды: "Қазақ жастарының тәуелсіздікті бағлайтынының белгісі — дінге бет бұруы. Қазіргі кезде жұма намазына баратындардың көпшілігі жастар. Тәуелсіздік алғанға дейін дінімізді ұстануда кедергілер болды. Жастар тәуелсіздіктің мәнін түсініп, бағалағандықтан дінге бет бұруда".
Мұнда дінмен тәуелсіздіктің байланысы айқын сияқты. Бірақ біздің қарсыластар, даттаудың жөні осы екен деді ме «дін мен тәуелсіздіктің байланысы қандай? дін саясатан бөлек. біз зайырлы елміз. жастардың 70 пайызы сектанттар» — деп жауап қайырды. Меніңше дебат болса да бұлай сөйлеуге болмайды. (әлде бұларға кеңестік саясат өтіп кеткен бе) Қанша зайырлы дегенімізбен ол басқа ұлттың діндарларына қарасты айтылған. Ал біз қазақ тұтас мұсылманбыз.
urimtal
Сосын бір-біріне «брат» деген қаратпа сөзді қолданатындары ұнамайды. Қазақтың «Бауырым» деген әдемі сөзі жүрегіме жақын.
meirzhan
Осы сөзді көп қолданып, үйреніп кетуі соншалық, бұл сөз қазақ сөзі боп кеткен сияқты
omarbirat
Расында да иманды болған осы екен деп, бір-біріне «ахи», «браттап», ыңғайы келіп қалса, бесін, екінті, ақшам деген сияқты бұрыннан қолданылып келе жатқан сөздерді зухр, аср, иша деп арабша баламаларымен айтатындары біртүрлі көрінеді. Балақты изар дей ме. Оларға тек оразаны саум, намазды салат деу қалған сияқты. Кім қалай атаса да, әрине, мейлі ғой. Бірақ сонда да :))
asaubota
мақала авторының айтқысы келген де сол ау деймін, тіл бұзылып жара жатқан сияқты.
Abilakim
сол ғой сол… Сиырдың үстіне түйеқұс жұмыртқалаған заман қайтып келер ме?!
konvict
Oda, Salon, Hocik, Sagal, Merhaba менің білетінім осылар екен
Gastarbaiter
Ентелеген сымақтар арақ ішіп алса бітті, әңгімесі билікпен басталып, аяғы фәлсафа мен діннен бірақ шығады.
Тыбаймайыт, қарапайым әңгімеден садаға кеткір, дені дұрыс бөтелкелес те жоқ қазір.