Хан,сурет һәм суретші

Баяғы бір заманда Қарахан атты хан болыпты. ағын ғана мемлекетті басқарып отырсада өз маңайындағы басқа елдерді шошытып, ара-тұра шабуылдар жасап ықтырып алады екен. күндердің күнінде бір патшаның қызы Қараханнан өз суретін беріп жіберуді өтініпті. Хан өз еліндегі суретші атаулының бәрін жинапты. Қарахан оң жақ қолы кеміс, бетінде ақтаңдақ дақтары бар жәнеде ақсақ адам екен(соғысып жүріп жаралады ма,әлде туайы солай ма білмеймін.Әйтеуір екінші топтағы мүгедек болған ғой). Кімде-кім суретін өзі ойлағандай салып берер болса соған ат басындай алтын беретінін жариялапты. Суретші біткен ханның суретін салуға кірісіпті. Жарқыратып, асқақтатып, айбынын асырып, кемдігін жасырып салған суретшілерді де, өз кейіпі қалай болса суретке де солай салған суретшілерді де жазалапты.Бірін асыпты, енді бірін ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіртіпті. Ханың ауласы қан сасыпты. Не керек елде суретші қалмады-ау деген шақта «Мен салып беремін» деп он үш-он төрт жасар түбіт мұрт бозбала келіпті. Мұны естіген ел-жұрт "Өледі-ау байғұс бала"-дан басқа түк айтпапты. Содан бала суретін салуға кірісіпті. Бір сағат салды ма, бір күн салдыма,әлде бір апта ма нақты дерек жоқ (анығы ешқандай фотошоп пайдаланбағаны). «Суретіңіз дайын, хан ием!». Қарахан бала салған суретті қолына алып, бір бозарып, бір қызарып қарапты. Арғымаққа мінген ханның қыстың көзі қырауда аңға шыққаны бейнеленіпті. Оң қолының кемісін садақ тартып тұрғанымен білдірмей жіберіпті. Кемсітті деуге де келмес. Бетіндегі ақтаңдақтарды жапалақтап жауған қармен жасырыпты (қар бетке жабысады ғой енді). Атта отырғандықтан сол аяғының қысқалығы да білінбей кетіпті. еш әсірелеу де, кемсіту де жоқ. сөйтіп Қарахан өнерлі өренге ат басындай алтынын беріп шығарып салыпты. Қызын бермепті. Соған қарағанда үйленбей жүріп қалған ханға ұқсайды.

ПыСЫ: Аңыздың желісі ақын Жұматай Жақыпбаевтың «Хан суреті» атты өлеңінен алынды. Өлеңнің сөңында бұл аңызды оқысаң, басқаларға айта жүр делінген екен. Ақынның басқа өлеңдерін оқып жүргеніммен, мына өлеңін оқымаппын.
Әрі қарай

Менің вассалымның вассалы...

Кәпөн әскерден келген соң ауылда бір-екі ай ғана жүріп қалаға жұмыс іздеп кетті. Ауылдық жердегі жастар бригадасы құрығалы қашан? Обалы нешік бұл әскерден келгенде де, қалаға жұмысқа кеткенде де өзінен кішкентайла (щеголдары) жөн-жоралғысын жасап, «брат, Ақ жол!Қайда жүрсең де аман жүр! Ауылға келген кезде ысқырып қалсаң дайын тұрамыз( деп шығарып салды. Кәпөннің тамағына өксік тығылып, көзіне жас келді. Өңешіне келген өксікті щеголдарына көрсетпей арақпен қоса жұтып жіберді.
Кәпөн сол кеткеннен мол кетті.Не жұмыс істегенін бір Құдай одан кейін өзі білер. Бірақ араға 4 жыл салып ауылға ат басын бұрды. Киім киісі бәрі ептеп өзгерген. Жаңа болмаса да жарасымды етіп киіп алғаны көрініп тұр. Бала кезі өткен ауылға келіп тұрған соң ба, әлде кезінде өзін шығарып салған жастардың сөзі есіне түсті ме кеудесінде бір желік пайда болды. Ауылдың дүкенінің артында темекі шегіп тұрған 4 жеткіншек көзіне түсті.
»Әй, қыртымбайлар бері кеңдерш! Ағаларың қаладан кеп жатыр, бірдеңе құймайсыңдар ма?". Аналар бізге айтып тұрсың ба дегендей бұған сәл аңырайып қарап қалды. «Неге бағжиып тұрсыңдар, сендерге айтам!» «Сендей братты танымайды екенбіз, не дегенмен бізге өкпелеме» деп ана төртеуі бұны тепкінің астына ала жөнелді. Кәпөн бір қолымен бетін, екінші қолымен қарақұсын қорғаштап бүктетіліп жата берді. Бір уақытта аналар шаршады ма әлде осыда жетер деді ме екен әйтеуір бұны жайына тастап кете берді. Орнынан ауырсына тұрып, ағасының үйіне келе жатқан Кәпөннің құлағына баяғыда тарихтан беретін ағайдың айтқан «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» деген сөздері қайта естіліп тұрды.
Әрі қарай

Жүзіп(малтып) үйрену

Адам ананың құрсағында суда жатқанымен суға жүзуді үйреніп тумайды екен. Бала кезім Қарасу деп аталатын жайлауда өтті. Түбі көрінбей қарайып жататындықтан солай атаған халық. Дегенмен бастауын бұлақтан алатын басқа бір өзенде бартын маңайда 1 шақырымдай жерде.Суы қыста да қатпайды(бұлақ қой). Жаздың ыстық күнінің өзінде суы салқын болып тұрады. Шөп шауып келген ағаларым сол өзенге түседі кешкілік.Кейде күннің ыстығына шыдамай күндіз де түсіп алады. Түн ішінде барып түссе де менің не шатағым бар. Қайткенмен де ағаларым мені өздерімен өзенге апаруға құмар. Менің жүзе алмайтынымды қызық көре ме, кезек-кезек суға лақтырады.Мен бір батып-бір шығып әлекпін. Ішке біраз суда кетеді.Қолдарынан сытылып шығып киімдерімді сонда қалдырып үйге қашып келген кездерімде болды.Бірақ әлекедей жалаңдаған 4 ағамнан қашып құтылудың сәті бірде түссе тоғызында түспеуші еді.Қанша лақтырсада, иегімнен ұстап тұрып жүзуді үйретсе де үйрене алмай қойдым. Содан өздігімнен жүзіп үйренуге бел будым. Малды сол өзен жаққа жайып, атымды шідерлеп қойып көлемі өзім шамалас ағашты кеудеме басып, аяғымды шалпылдатып жүріп он күннің жобасында жүзуді үйренгендей болдым. алғашқыда шет жақтарында жүздім. Кейін терең жерлеріне жүзіп барып көрдім. Күндердің күнінде ағаларыммен өзенге тағы келдім. Әшейінде шешінбей қоятын мен, машинадан түсе сала шешініп, суға күмп ете қалдым. Анандай жерден бірақ шығып ағаларымды бір таңқалдырып едім.
Әрі қарай

Өміріңе немқұрайлы қарама

Серік Сейтманның сөзіне жазылған ән.Мағынасы жақсы сөздерінің. Кейде түрімізге қарамай тасып кететініміз болады емес пе? Тәубамызға келіп отыруымыз керек екенін,қандай қиындықты көрсекте жасымау керегін айтады.

Әрі қарай

Шошқа тағалаушы

Боқай мырзаның айналыспаған шаруасы жоқ.Қазақша айтсақ «тышпаған төбесі қалмады». Колхоздар тарқамай тұрған сонау бір кездерде шошқа тағалаушы болып та жұмыс істеп көрді.Абырой бермеді. Ел бос отырған біреуді көрсе «Не істеп отырсың, шошқа тағалап отырсың ба?» деп мазақтайтын болды.
Кеңес үкіметі құлады. Шошқашы Мекалай шошқалардың бәрін жеке меншіктеп алды. Боқайдың балалары аштан өлуі керек пе? Жоқ, Боқайда өзінше тірлік қылмаққа ниеттенді. Жар жағалап, столбылардың басындағы қарғаның ұяларынан жұмыртқа жинады көктемгі мезгілде. Жылда балапандарын 21 күн дегенде шығаратын шұбар тауық 12-13 күнде алғашқы балапандарын басып шықты.
Әрі қарай

Қасым Олжаспен қоштасу

Енді бізге ешкім келіп оқымайды өлеңін
Аңыз болып қалады әлі «Анар» жайлы өлеңің
Төмен санап көпшілікті өзіңнен
Қай биікке шығам дейсің Өренім?!
Жеткен жері сол ма бәлкім өреңнің…
Жә, жә! Жарар! Қарайлама артыңа
Мүмкін біздер жете алмадық парқыңа
Қол сағатың күн нұрына жарқылдап
Жаза бергін осы жазған қалпыңда!
Әрі қарай

Биттің күнделігінен (Қыздарға оқуға тиым салынады)

2011/07/26
Менің мекенім шашы селдірей бастаған дирижердің басы. көзімді ашқалы көріп келе жатқаным осы бас. Басқа бастың керегі де жоқ. Кеше бір концертке бардым. Негізі концертке көп барамын. Айына 5-6 рет. Барам дегеннен гөрі бардық дегенім дұрыс болар. Содан, қожайын Бетховеннің 4 симфониясын ойнады. Бұл өзі 4 бөлімнен тұрады ғой. Басында жәй ғана басталып, арасында ойнақы әуен ойнап, арт жағына қарай жын ұрғандай құтырынатын жерлері бар. Содан төбенің ең ұшар басына шығып алып "қанша адам жиналды екен" деп жан-жағыма қарап отырғанмын.
Әрі қарай

Халал памперс

Менің бір таныстарым(отбасысымен намаз оқиды) халал тағамдарды күнделікті қолданады. Тіпті киімдерінің өзін «доңыздың түгі жоқ па екен» деп таңдап алады. Дүкендерге барғанда «Халал ма?» деп әке-шешесінің сұрайтыны балаларының да құлағына сіңсе керек.Бір күні кішкентайларының қолма-қол ауыстыра қоятын памперстері таусылып қалыпты. Содан 6-ға толып қалған ұлдарын есік алдындағы дүкенге жүгіртіп жіберіпті. Дүкенші де ол отбасын жақсы танып алған, памперстің размеріне дейін білетін болса керек. Содан балақай шауып отырып дүкенге кіріп «Тәте, маған екі халал памперс беріңізші» депті)))
Әрі қарай