Саған кім тиеді?

Әркімнің отбасын құру тарихы әр түрлі. Біреулер шын мәнінде қыз-жігіт болып қол ұстасып жүріп үйленеді.Енді біреулер «бешірдегі» шалыс қадамдарынан кейін үйленіп жатады. Менің бір танысымның үйлену тарихы қызық. Үйлену болғанда… болашақ(ол кезде оған үйленетінін ол білмеген) жарымен танысуы. Ораза айыныда болған оқиға. Ораза болғанда да нақ Қадыр түні күні. Сыраға тойып алған танысым өзі тектес жолдастарымен аялдамада шемішке шағып отырады. Өз арамызда «Жібек жолы» аталып кеткен бұл аялдамаға келген жігіттің қыз қолтықтамай кеткені кемде-кем.
Әрі қарай

Күйшілердің және күйші достары барлардың назарына!

Қазан айының 27-29 аралығында Қарағанды қаласында шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы күйшілер конкурсы өтеді. Конкурсқа 16 мен 35 жас аралығындағы домбыра, қылқобыз, қобыз-прима аспаптарында ойнайтын орындаушылар қатыса алады.
Әр облыстан әр аспаптан екі орындаушы қатысады. Сондай-ақ осы тектес конкурстардың Бас жүлдесін және І-орын алғандар қатыстырылмайды.
Конкурс үш кезеңнен тұрады. Шығармалар жатқа орындалады(нотаға қарамай). Бір кезеңде орындалған шығарма келесіде қайталанбайды. Сайыскердің өзі ұсынған бағдарламасын кейін өзгертуге қақысы жоқ. Әр кезеңде үш күйден, оның ішінде Тәттімбет шығармасы болуы талап етіледі.
Әрі қарай

Пойыздың шопыршысы...

Барлық қазақ ауылдарының үстінен темір жол өтпейтіні белгілі. Бірақта көп аудандарда темір жолдардың бары рас. Біздің Қарағанды облысының кей аудандарында темір жол жоқ.Сол себепті ауылдардың балалары пойызға әскерге кетіп бара жатып бірінші рет мініп жатады(Разъездердің баладары мектепке пойызбен баратынын айтпай-ақ қояйын). Мектептен кейін оқуға түскендері «общий» вагондар арқылы пойыздың не екенін біліп алады. Не оқуға түспеген, не басқа жаққа пойызбен қыдырып бармаған бір ағамыз (1975-ші жылғы) өзін әскерге шығарып сап тұрған жігіттерге :«Жігіттер, пойыздың шопыршысы қай жерінде отырады, жолда дәрет қысса...» десе керек…
Әрі қарай

Холодец...

Рахо(Роха емес) атты жолдасыммен «Дозор» шекаралық нарядына шықтық. Бізге берілген шекаралық аймақтың 36 шақырымын 5-6 сағатта айналып шығуымыз керек. Шекараның ана басына және мына басына сол күні болғаныңды анықтайтын белгі жазып кетуің керек заң бойынша. Жаз мезгілінде борпылдақ топыраққа (КСП-контрольна следовая полоса,12 метр соқамен жыртып, малалап тастаған арнайы жолақ),қыста қардың бетіне жазып кетесің.
Әрі қарай

Не дейд?

LifeNews-тің хабарлауы бойынша аяғында төс үрпісі бар ағылшын қызы (немесе келіншегі) мамандарды қатты таңқалдыруда.Бұған дейін бетте, иық тұсында кездескен «артық төс» аяқтан бірінші рет табылған екен.Үрпінің тұсы кәдімгі қалыпты жағдайдағыдай қоңырқай түсті және ұсақ қылдары бар.

Мына жерден алынды
Әрі қарай

Естімеген елде көп

Бұл жазбаны жазғаныма бір жыл болған шығар. «Жастар порталында» жарияланған болатын. Аршаттың қарбыз жайлы жазғанын оқып, қыстыра кетуді жөн санадым.

Біздің ауылдағы Боқай мырза облыс көлемін қызанақпен қамтамасыз етпек.
Оқиғаны басынан баяндасақ. Боқай мырза өзінің қызанақ бизнесімен айналысып кететінін білмеген, яғни бұл жолға мақсатсыз түрде келген екен.Мән-жәйді таратып айтсақ;
Әрі қарай

Алматылық блогерлермен кездесу

Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды.
Әрі қарай

Бір саусағы шолақ (молақ) қыз

Ауылда нанды табаға жауып, қидың қызуымен пісіреді. Біздің ауылда солай әйтеуір. Нан таусылып қалу деген мәселе болады кейде. Сол кезде көрші үйден бір таба нан сұрап аласың. Бір күні біздің үйде нан таусылып қалды, қырсыққанда қантта бітуге таяпты(мыналар жарымаған сорлылар екен демеңіздер, бұл сонау 90-шы жылдар, әйтеуір 90-91ші жылдың біреуі).
Әрі қарай

Абзалмен кездесу

Бір қалада жүріп бір адаммен кездеспей жүре беруге болады. Бір қалада тұратындардың барлығының бірін-бірі тануы шарт емес және мүмкін емес. Бірақ, бір қалада тұрып «Керекинфо» секілді бірегей сайтта жүріп бір-бірімізді танымасақ ұятта ел-жұртан. «Тіфу, қарабет» демей ме кездескенде. Ел-жұртты айтам.
Әрі қарай