Мұхтар ШЕРІМ. ҚАҒЫНҒАН ҚАНДЕН...
Қандекеңді бәріңіз білетін шығарсыздар? Қанден итті айтамын да? Анаған да, мынаған да үре беретін ше? Көлеңке көрінсе де, шәуілдей беретін… Ресей думасының депутаты Владимир Жириновский, ия, ия Жырындовский Алла тағаланың құдыретімен… астапыралла, таңертең көзін тырнап ашқаны сол, қойнында қасынып жатқан қатыны қарғып тұрып:
--Мама—а-а! Ит… Итпісің?—деп сұрады қалшылдап.
--Итің не ей? Владимирмін, байыңмын...—деп есінеді ол.
--Айнаға қарашы, басың иттің басына айналып кетіпті!
Жындыбас атып тұрып айнаға қараған, тік тұрған шашы да, өзі де шалқа-сы¬нан түсті. Әйелі айқайлап жылап жүр:
--Айттым ғой саған, қазақтарға тиіспе, киесі ұрады деп! Енді не болды? Ит бас болдың!
--Боже мой! Маған не болған?
--Ит болдың! Қанден күшік болдың! Овчарка болсаң да мейлі ғой!
--Мен Қазақстан туралы не деп едім?—деп сұрады Жырындовский.
--Анау Лимонов деген есалаңға қосылып, сен де үрдің. Бұрыннан үріп келесің ғой! «Қазақстанды тарату керек, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан обшым Орта Азия Ресейдің округтары болуы керек, орталығы-- Верный қаласы! Алматы сөзін қазақтар шығарып алған...» дедің бе, дедің! Украйнаны да бөліп алғың келе қалды! Не болды саған, итім-ау… ой извени, жаным-ау?»--деген әйелі отыра қалып жылап жатқан. Бірте-бірте қанден күшікке тұтас айналған Жырындовский пәтерінен шығып кетті… Қыңсылап анда барды, мұнда барды. Қоқыстың жанына келіп, бір аяғын көтеріп, дәрет сындырып тұр еді. Орыстың бір алқашы құйрығына бір тепті. Бұл қыңсылай қашты. Жырындовский екенін қайдан білсін ол? Содан вокзалға келді. Қарын аш, іші ұлып барады. «Шіркін-ай, бір үзім нан болса… Оттап жүргенімнің бәрі тоқшылықтың арқасында екен ғой...» деп ойлады қанден күшік. Бір әйелге ілесіп пойызға отырғаны есінде. Ұйықтап тұрса, Алматыда, өзінше айтсақ, «Верныйда» жүр екен, құйрығын бұтына қысып. Аш… Сілекейі шұбырып, кафеге кірді. Тамақтанайын деп. Бірақ иттерге мұнда орын жоқ қой. Сүмірейіп тұрған. Даяшы келіншек:
--Кет! Пошел вон!—деді. Бұл мүләйімсіп қарады.
--Кешіріңіз, мадам, бір тілім нан беріңізші маған...—деді жәй ғана.
--Ойбай! Мына күшік қазақша сөйлеп тұр! Ит те сөйлейді екен!—деп аң-таң қалды даяшы. Өзгелер де жетіп келді.
--Сен кімнің итісің?—деп сұрады даяшы келіншек.
--Путиннің…
Бірақ тамашалап тұрғандар сенбеді.
--Ақырзаманның иті ғой бұл! Итке дейін сөйлеп кетті!—десті олар.
--Аты-жөнің кім?—деп сұрады тағы бір кісі.
--Жириновский…
Жұрт қыран-топан күлкіге батты. Сөйлейтін итті естіп, вокзал бастығы келді. Жырындовскийді қөтеріп, басынан сипады. Басынан сипағанда бар ғой, көңілі босап кетті… Бір кездері қазақтың нанын жегені есіне түсті. «Бұл енді біздің үйдің иті болады!» деген бастық Жырындовскийді алып кетті. Бір айдың ішінде семіріп, тығыншықтай болды. Енді ол иесіне: «Ей, қазақ, Лимоновша айтсам, сендерде бұрын қала болмаған, сендер көшпелі қазақсыңдар!» дейтінді, шәуілдеп үретінді шығарды. Ашуланған вокзал бастығы қанден күшікті бір теуіп көшеге шығарып тастады. Бір кезде біреу алдына нан лақтырды. Қараса, көзі қысық кәріс жігіттері тұр екен…
Әрі қарай