Айналайын LINUX:))))

Linux — бұл…
Әуелі бұл сөзбен таныс емес адамдар үшін бір-екі ауыз түсініктеме беріп кетейін!
Linux — қолданушылар саны күннен күнге өсіп келе жатқан, қолдануға өте ыңғайлы, менің түсінігімдегі және менің практикамдағы ең мықты операциялық жүйе. Жүйені алғаш рет жазған Финляндия Университетінің жас студенті Линус Торвальдс атты жігіт. Осы жүйенің себебімен қазіргі таңда әлемдегі көптеген компьютер қолданушылары максималды қорғаныс, жылдам жұмыс, ең бастысы қаржылай үнемделумен қамтамасыз етіліп отыр. Өйткені Linux жүйесі арнайы лицензиямен тегін таратылады. Менің қолданатыным — Linux Ubuntu 10.10!

Осыдан бірнеше ай бұрын бір мәселелерге байланысты компьютеріме Windows 7 орнатқан едім. Алдын жұмыс істеп көрмегендіктен бе, ыңғайсыз болып көрінді.(XP ұнайтын еді. Қартайды ғой ол байғұс. Бірақ жұмысы баяғыдай.) Шынымды айтсам, мүлдем ұнамады. Күні кеше, қайтадан Linux орнаттым. Сағынып қалыппын. Экраны көз алдымда билегенін-ай:) (Ол да сағынған сияқты)
Әрі қарай

Адамның түрі бір-біріне ұқсайды деген рас екен-ау! ;)

Күнделікті әдетке басып өзім кіретін сайттарды аралап отырған едім. Маліметтер.орг сайтына қонаққа келіп аралап отқан жайым бар. Кенет Санжар Сұлтанов атты мақалаға көзім түсті. Оқи келе шет елде жүрген, Қазақстандық жас режисер екенін білдім. Толық білгім келіп суретіне тап болдым. Оо-ппп-аааааа! Мынау бауырым тура құйып қойған өзіміздің Қара Сақал емес па деп күліп отырмын.)) Байқап қараңыздаршы шынымен де, адамға адам ұқсайты деген осы екен ғой.
Ұқсастық
Әрі қарай

ЖАҒЫМПАЗДЫҚ СИНДРОМЫ

Бір күні ағам маған мынадай бір қызық жіберді. Нағыз авторы кім екенін білмеймін. Бірақ, сіздерге де көмегі тиер деген ниетпен жариялап отырмын. Оқырмандар арасында авторы болса хабарласуын өтінемін. Алғысым шексіз бұл кісіге.

Бұл «жұқпалы дерттің» синдромдары туралы кішкене ақпарат бере кетейік. «Жағымпаздық кеселі» негізінен ғашықтық дертіне ұқсас. Бірақ бұл «дерт» жұқпалы әрі аса қауіпті. Бұл «дертке» шалдыққан жанның көзіне өзінен лауазымы жоғары тұлға ерекше жаратылған тұлғадай болып көріне бастайды. «Көз алды бұлдырап», ол «тұлғаның» кемшіліктерін көруден қалады. Оның әр-бір сөзіне «басы айналып, құлағы тұнады». Аталмыш «тұлғаға» тіл тигізгендерді ерекше жек көріп, кектене қарайды. Оны қорғау үшін ар-ұяттан да безуге баруы мүмкін. «Ерек тұлғаның» қолын сүйіп, туфлиін жалағысы келуі де ғажап емес. Шаханов мырзаның ондай жандарды «ТЖ» деп тыжырыну себебі де осы. Сонымен қатар, мұндай «ауруға» шалдыққан адамдар «түс ажырату» қабілетінен айырылып, ақ пен қараны, яғни өтірік пен шындықты ажырата адмай қалып жатады. Өкінішке қарай, бұл кеселге ешқандай дәрілік препараттар көмектеспейді. Белгілісі — ар-ұяты күшті адамдар ғана бұл «кеселге» шалдықпай, аман қала алады. Яғни, «жағымпаздақ дерті» иммунитеті әлсіздерге емес, ар-ұяты әлсіздерге тез жұққыш.
Әрі қарай

Сенбі. Кофеделия. MiniBlogCamp. Vol 2

Думать следует до и после съёмки, никогда во время её.
Анри Картье-Брессон

Өткенда жазған жазбамда суреттер фэйсбуктегі альбомымда деп көрсетіп едім. Бұл жолы бір оншақты суретті жеке бермек болдым. Жалпы суреттерді Мақпал жариялаған екен, менікі индивидуалды, детальді суреттер:)
Әрі қарай