Тырнақ күтіміне арналған кеңестер

Қазіргі уақытта қыздар арасында тырнақ күтімі маңызды рөлді атқарып келеді. Қолыңыз әдемі, сүйкімді болып көрінсің десеңіз, тырнақ күтіміне жиі назар аударыңыз. Сонда өзіңізді сергек сезінесіз. Әсіресе, көктемде тырнақтарыңыздың жағдайы нашарлайды, сынады, жұқаланады. Қазіргі кезде қыздар салондарға барып маникюр жасатып жатады. Бірақ та салонға бармай-ақ, үйде де күтім жасауға болады. Сондықтан да ерінбей қолыңызға маскалар жасап, крем жағып отырсаңыз болды. Сіздерге бір пайдасы тиеді деген оймен бірнеше маска жасаудың әдісін айта кетейін:
1. Егер де тырнағыңыз сыңғыш болса, онда келесі қоспаны пайдаланып, жүзеге асырыңыз. 1 ас қасық сұйық майды су буына қыздырыңыз, суығаннан кейін 2-3 тамшы А дәруменін, 3 тамшы йод және жарты ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Саусақтарыңызды қоспаға 20 минутқа салып отырыңыз. Артынан қол жуудың қажеті жоқ.
2. Тырнағыңыздың берік және қатты болғанын қаласаңыз, дәріханадан А және Е дәрумендерін сатып алып, ұйықтар алдында оларды тырнаққа жағып отырыңыз.
3. Тырнақты ретке келтірмес бұрын қолыңызды 3-5 минутқа сабынды суға немесе түймедақ (ромашка) тұнбасына салып, жұмсартыңыз. Одан кейін тырнақтың айналасындағы теріні арнайы құралғысымен алып, бір бағытта егеңіз. Бәрін мүлтіксіз орындағаннан кейін үстінен әдемілеп лакпен бояңыз. Осыларды орындасаңыз қолыңыз нәзік болып көрінеді. Тырнақ күтімімен айналасып, әрқашан әдемі болып көрініңіздер!!!
Әрі қарай

Әлсіз тырнақтар


Қолыңыз мамықтай жұмсақ болса да тырнақтарыңыз әдемі болмаса ол ешқашан көз тартпайды. Тырнаққа да күн сайын күтім керек. Әлбетте өз бетіңше маникюр жасау әркезде жақсы нәтиже бермесі анық. Тырнаққа әдемі форма ма артық жалбыр еттерден тазарту ол мамандардың ісі саналады. Әркімге тырнағыңды әрлетпей, бір адамның көмегіне жүгінген абзал болар. Әрбір саусақтың өзі жеке дара күтінуді талап етеді.
Әрі қарай

Тырнағы боялған ескерткіш))))

Ауыл жаққа бардым. Жолай «Ақой» деп аталатын ауылдың үстімен өтеміз. сол жерде Кеңес Одағы кезеңінен қалған алып ескерткіш тұр. Ауылдық жерге алып қой енді. «Ондай ескерткіштер жер-жерлерде бар, несіне айтып тұр» дерсіздер, қызығы сол ескерткіштегі қыздың тырнағы боялған)))



Ерінбей барып еріндері мен тырнақтарын бояған кім екен?
Әрі қарай