"Халықтың дауысы" біздің ауылда

— Әлгі сендерге берген анкеталарды толтырып болдыңдар ма? — деді ауыл әкімінің орынбасары, орта жастағы әйел.
— Йә, йә толтырып жатырмыз, бірақ әлі бітпеді-ау деймін.-деп күмілжи жауап берді біздің директор.
— Ой енді сендерге 300 дейін ғана бердік қой, бізге қарашы 1000 анкета толтыруымыз керек-деді дауысын қатаңдатып.
— Жарайды, жарайды толтырамыз ғой.
-Панаделникке дейін бітіріңдер давай, тездетіңдер енді мен сол күні ауданға өткіземін, енді тез-тез жазып беріп құтылайық та-деп сөзінің соңын жұмсартты.
Бұл директор екеуіміздің ауылдық әкімшілікке бір жұмыспен кірген кездегі болған диалогтар еді.
келесі күні бізде харбалас басталды, «НұрОтанның» ауыл халқына деп жіберген сауалнамаларын, яғыни ұсыныс жазатын парақшаларын әр мұғалім 15 тен бөліп алып ысқырттық, ұсыныс дегенді қарша бораттық.Енді не істейсің ауыл адамдарына барып ұсыныс жазыңыз десең еститінің; «Е тағы сайлау ма?» немесе «Ойбой өзің жаза салшы, бәрібір іске аспайды ғой» деген сияқты сөздер.
Бұл күнде «Жаңалықтардан» бір айтылмай қоймайтын «Халықтың дауысы» акциясының ауылдағы көрінісі.
Әрі қарай

Мотоцикліңнің артында кім отырғанын қалайсың?

Тақырыпта көрсетілген сұрақ бойынша Ұлыбританияда сауалнама жүргізілген екен. Сауалнамада "Әйелдерден және еркектерден мотоцикліңнің артында кім отырғанын қалайсың?" делінген.
Сауалнаманың нәтижелері бойынша әйелдер арасынан 31 пайызбен тележүргізуші Сьюзи Пери алға шығыпты.
Актриса Анджелина Джолидің өз арқасына жабысып отыруын сауалнамаға жауап берушілердің 18 пайызы қалаған екен.
Әрі қарай

Сауалнама: Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?


Ақымақ әйел сұлу бола алмайды!©
Төменде бір ай ішінде жүргізілген кішігірім сауалнаманың нәтижелерін қарап көріңіздер.

— Арулардың қай типін таңдар едіңіз?

Ақылды, салмақты,
39.1%
Ақ көңіл, ашық мінезді
33%
Ерке, қылықты
9.6%
Ұялшақ, тіл алғыш
7.8%
Сұлу болса, қалғаны маңызсыз
6.1%
Ер мінезді, еркекшора
4.3%

Дауыс бергендердің саны: 115 адам

Сауалнама Beu.kz -жігіттер порталында жүргізілген.
Әрі қарай