Миға "жабысып" қалған әннен құтылудың жолдары

Сана мен сезім: Миға жабысып қалған әннен құтылудың жолдары

Кейде бір ән басымыздың ішінде айналып тұра береді, кетпей қояды. Жаман ән де емес, бірақ жұмыс істеуге, басқа іске толық зейін қоюға кедергі келтіреді. Қалай құтыларымызды білмей дал боламыз.

Ғылым не дейді бұл туралы?

Алғашқылардың бірі болып бұл феноменді Джеймс Джей Келарис атты Цинциннати университетіндегі бір ғалым зерттеген екен. Оның айтуынша түрлі дыбыс, музыкаларды тыңдаумен айналысатын мида бір есту аймағы бар. Музыка қосылған кезде бұл аймақтың қабығы қозғалып, дыбысты қабылдай бастайды. Кейін миға бір ән естілгендей болып, жалған сигналдар түскен кезде осы қабық қайтадан қозғалып кетеді де, соңғы тыңдалған әнді қайтадан "қосады".

Дартмут колледжінде қызық эксперимент жасалыпты. Адамдарға өздеріне таныс әнді тыңдатып, кейін ортасынан тарс үзе салған кезде мидағы есту аймағы тыныштық орнаған кезде өзінен өзі қосылып, әнді мидың ішінде өзі әрі қарай "қоса" берген. Ал, таныс емес әнді қосып, кейін тоқтатқан кезде МРТ-сканер ондай толқындарды байқамаған.

Айра Хайман атты ғалымның айтуынша адамның миындағы бұл «плеерде» сүйікті әндер плейлисті болады екен. Ми қабығы яғни бостан босқа кез-келген әнді қоса бермейді, тек адамның өзіне шынымен ұнайтын әндер ғана қосылады. Мысалы, Қайрат Нұртастың әндерін «айтып» жүрсеңіз — демек, ол сізге ұнайды деген сөз ;)

Жабысқақ әндер хит-парадын әлем бойынша мыналар бастайды екен




Құтылу жолдары қалай?

— Басқа бір әнді айтып көріңіз ішіңізден немесе басқа бір әуенді музыкалық аспап болмаса саусақтарыңызбен үстелді тарсылдатып;

— Сана мен денеңізді басқа арнаға бұрып көріңіз. Мысалы, жүгіру немесе бір жаттығулар жасау;

— Жаңағы әнді басынан соңына дейін мұқият тыңдап шығыңыз. Бәлкім әннің бір сөздері «тұрып» қалған шығар еске түспей қалып?

— Радио немесе басқа ән қосыңыз;

— Жабысқақ әнді басқа біреуге тыңдатып көріңіз. Эстафета эффекті де көмектесуі мүмкін;

— Қатты бір нәрсені тістеп, шайнап көріңіз.

Егер бұл әдістер көмектеспесе немесе жиі қайталанатын болса психологқа барған жөн. Мұндай нәрсе әйелдерде және психологиялық обсессивтілігі бар адамдарда көбірек байқалады екен.

Айтпақшы, бүгін қай ән сізге жабысып қалды? :)
Әрі қарай

Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Ақпарат әлемді билейді. Ақпаратты таратудың әртүрлі технологияларының дамуы біздің планетамызды үлкен «ауылға» айналдырғандай және бізді ол «ауылда» шынымен не болып жатқаны қызықтырады, дегенмен, сол болып жатқан жағдайлар туралы басқалардың не жазып, не айтатындығы одан сайын қызықтыра түсетіндігі шындық.
Біздің жетістігіміз бен өз өмірімізде қаншалықты алға жылжығанымыз санамызға қандай ақпаратты саралап енгізгенімізге байланысты.
Ақпаратқа ие болғандар әлемді билейді. Осы сөздің дәлелі ретінде австралиялық интернет-журналист, хакер Джулиан Пол Ассанжды (Julian Paul Assange) келтіруге болады. Wikileaks сайтын құрушы Ассанж 1971 жылы шілде айының 3 күні Австралияда дүниеге келген. Үлкен көлемде шпиондық жанжалдар, биліктің жоғары эшелонындағы жемқорлық, әлемдік державалардың дипломатияларының «жасырын» тұстары мен әскери қылмыстары туралы құпия құжаттарды көпшілік назарына жариялаған. 
Мемлекеттік құпия құжаттарды жариялау қылмыспен теңеледі. Және бұл үшін бас бостандығынан айрылатынын, тіпті өміріне де қауіп төнетінін біле тұра Ассанж осы «батырлығын» қалай және не мақсатпен жасады?
Wikileaks сайты өз жұмысын 2006 жылы бастаған екен. Алдағы уақытта қандай деңгейде жұмыс жүргізетінін білген Ассанж негізгі сервердің «үйі» Швеция болады деп шешті. Себебі, бұл ел журналистерге деген түзу ниетімен танымал. Сайттың басты ерекшеліктері: Интерфейс қарапайым және түсінікті, белгілі техникалық білімі жоқ адам да жеңіл қолдана алады; кез-келген адам өзіне белгілі болған құпия құжаттарды еш кедергісіз сайтқа жібере алады; криптографиялық технологияларды қолданудың нәтижесінде ақпарат жіберуші толықтай жасырын түрде қалады (анонимно) және оған ешқандай қауіп-қатер төнбейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары ретінде құжаттар Wikileaks сайтына шықпас бұрын порталдың барлық серверлеріне көшірме жасалып, бір уақытта шығады. Нәтижесінде ақпарат қай жерден жіберілгенін анықтау мүмкін болмайды. 
Джулиан Ассанж Wikileaks сайтымен шектелмей, Ауғанстандағы соғысқа қатысты 100 мың, Ирактағы соғысқа қатысты 10 мыңдай құжаттарды баспасөз беттеріне де жариялауға берген. Олардың қатарында «әл-Жазира», «The Guardian», «Der Spiegel» және «The New York Times» секілді газет редакциялары бар. 
Бұл құжаттарды жариялау бұқара халыққа осы елдерде ғана емес, әлемде не болып жатырғанын жақсы түсінуге көмектеседі деген болатын Джулиан және ол қолында Пентагонның 15 мыңға жуық құпия құжаттары бар екенін де мәлімдеді. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Бүгінгі таңда Ассанж Лондондағы Эквадордың елшілігінен саяси баспана алып, сонда отыр. 2013 жылдың тамыз айында Wikileaks сайтында 400 гигабайттық құпия материалдарға сілтеме салынған. Бірақ, құжаттар құпия кодпен сақталған. Құпия код  Джулиан Ассанжға немесе Wikileaks сайтының негізгі өкілдеріне қауіп төнген жағдайда жарияланады делінген.
Жасаған істерінен сөз бостандығын қалыптастырып, әлемде әділдік орнату, адам құқығын қорғау, құпияларды жариялау арқылы басқарушы элитаны «аяғын аңдап басуға» итермелегендей көрінеді. Алайда, бір емес, бірнеше әлемдік «айдаһарлардың» құйрығын басқан бір адамға барлығы жүріп қарсы тұра алмағаны қалай деген заңды сұрақ туады. 
Интернет-журналистің АҚШ-тан бастап, көптеген батыс елдерінің мемлекеттік «құпия» құжаттарын жариялап, қылмыс жасағанына қарамастан, оны халықаралық арнайы қызмет органдары іздеу салып, ұстай алмай жүргендігіне сену қиын. Wikileaks сайтында жарық көрген құжаттардың көпшілігінің АҚШ-қа қатысы бар. Америка Құрама Штаттары бәріне белгілі көп мөлшердегі ақшалай ғана емес, адами ресурстарымен, хакерлерімен, ұлттық қауіпсіздік агенттіктерімен қалайша бір сайтты жауып, жұмысын тоқтатуға күші жетпей отыр?
Джулиан Ассанж Остинда өткен технологияны дамытуға арналған South by Southwest халықаралық конференциясында Skype арқылы сөз сөйлеп, «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Ұлыбританияның мемлекеттік байланыс орталығы біздің планетамызға «тыңшылық» жүргізетін болады, себебі, бұл бағыттағы олардың мүмкіндіктері 1,5 жыл сайын екі есе өсу үстінде» екенін мәлімдеді. 
«Әрбір адамды бақылау мүмкіндігі көп ұзамай шындыққа айналады, бұл алдағы бірнеше жылда шешілетін мәселе» деді Ассанж. Сонымен қатар өз сөзіне «біз жаңа тоталитарлық әлемге аяқ басып келеміз, Сталин немесе Пол Пот кезіндегідей емес, әрине,  тоталитарлық-тұрақты бақылау жүргізу мағынасында» дегенді сенімді түрде қосып айтты [1]. 
Америкалық лингвист, философ, саяси аналитик – Ноам Хомский өзінің зерттеулерінде «БАҚ көмегімен адамдарды басқарудың 10 әдісін» келтірген болатын [2]. Солардың ішінде «бірте-бірте енгізу» мен «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу» әдістері бар. Америка Құрама Штаттарының арнайы бақылау агенттіктері адамдарға бақылауды күшейтпесе, әлсіретпейтіні анық. Дүние жүзі бойынша көптеген мемлекеттер мен адамдар арасындағы ақпараттық-коммуникациялық байланыстарды, интернет желісіндегі процестерді, смс-хаттамаларды, пошта жәшігі арқылы хат алмасуларды, ұялы телефондармен сөйлесулердің барлығын бақылап отыратындығын, жазылып, сақталатындығын 2013 жылы Американың арнайы агенттіктерінде жұмыс жасаған Эдуард Сноуден мәлімдеген болатын. Онымен қоса «PRISM», «X-Keycore», «Tempora» сынды жобалар туралы да құпия құжаттарды жариялауға берген. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Әскери адамдарға «бұрынғы» деген сөз қолданылмайтыны белгілі. Ал Сноуден сынды арнайы қызмет өкілдерін «бұрынғы» деп айтуға тіптен келмейді. Қандай «қылмыс» жасаса да оның бір себебі, анық «миссиясы» бар. Сноуденнің «миссиясы» Американың әлемге бақылау орнататындығы туралы «құлаққағыс» ретінде тұспалдап көрсету, аудиторияны соған дайындау немесе осы арқылы алдын ала қоғамның реакциясын біліп, саналарына судай сіңіргісі келген шығар. Бұл ақпарат интернет арқылы бұқараға тез жетіп, таралып, уақыт өте келе қалыпты жағдай ретінде қабылданатын болады. Осылайша Ноам Хомскийдің БАҚ арқылы басқарудың бірінші әдісін байқауға болады.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Екіншісі, «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу». Жоғарғы «система» адамдардың физиологиясымен қатар психикасы туралы да өте көп мөлшерде ақпарат жинап, басымдыққа ие болды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында интернет, әлеуметтік желілер арқылы бұқара халық туралы әр түрлі бағытта деректер жинақталады. Олар Facebook, Twitter, Instagram т.б. тіркелу кезінде (аты-жөніңіз, суретіңіз, телефон нөміріңіз, айналысатын кәсібіңіз), қолдану кезінде (күнделікті суреттеріңіз, немен айналысатыныңыз, қызығушылықтарыңыз, GPS арқылы әрдайым жүрген жеріңіз, ой-пікіріңіз) тағы да басқа әркімнің өзі жазған ақпараттары арқылы қолданушының психикасын толықтай зерттеп біледі. Ал адамның психикасын білу дегеніміз – сол адамның қоршаған ортадағы болған оқиғаны түсінуін, елестетуін, қабылдауын, ерік, сезімін білу деген сөз. Психиканың жоғары нысаны – адам санасы. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адам санасы басқарылады деген сөз. Адам санасын басқару – күштеп емес, адамдарды «саналы» түрде өзіне тиімді жаққа бұру, керек іс-қимылдарға итермелеу. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Байқап қарасақ, тарихы тереңде жатқан АҚШ-қа Wikileaks сайтында жарияланған «құпия» құжаттар ешбір кесірін тигізбейтіндей. Құжаттар қатысты болған мемлекеттік өкілдер не жазаға тартылып, не өз орнынан түсті дегенді естімедік. Сноуденнің мәлімдемесінен кейін АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттіктері мен барлау орталықтары «бақылауын» тоқтатты деп ешкім айта алмайды. Тарихта бірнеше рет кездесетін «ақпараттың жайылып кетулері» Американы басқалардың алдында одан сайын күшті қылып көрсететіндей. Әлемді мысымызбен басып отырмыз дегендей пиғылдарын үсті-үстіне дәлелдей түсетіндей.
Ресейлік жазушы, журналист, саяси сарапшы Д.Ю.Лысков pravda.ru сайтындағы жарияланымында былай дейді: «Wikileaks жеке мақсаттармен жасалған дүние ме, әлде АҚШ мемлекеттік департаментінің қаруы ма?» деген пікірталаста басы ашық тұрған нәрсені назардан шығарып аламыз, ол – Wikileaks-тың АҚШ тапсырысымен жасалғандығы.
Алайда, Wikileaks-ты кім жасағаны маңызды емес. Джулиан Ассанж бен оның ең басты ақпарат берушісі Бредли Меннингтің оқиғалары шынайы ма, әлде ойдан шығарылған «аңыз ба», оған ешкім ешқашан нақты жауап бере алмайды. Себебі, қандай жағдай болмасын күмән болуы заңдылық» [3]. 
Ең бастысы бірнеше жыл ішінде ғаламторда әлемнің назарын өзіне аудартқан ақпараттық ресурс таралды. Бұл ақпараттық ресурс ғаламшарымыздың көптеген мемлекеттерімен қатар, экономикалық аймақтарының да саясатына айтулы өзгерістер әкелді. 
«Тек бір ғана нәрсеге сенімді бола аламыз, яғни, ештеңеге ақи-тақи сенімді болмау керек» — деп Үлкен Плиний айтқандай [4], бұл ақпараттық ресурсты кім шығарғанын нақты айта алмаймыз. Оның мұндай жұмбақтығы оған тағы да күш қоса түсетіндей. Қалай болғанда да Wikileaks ақпараттық қоғамда әлемдік деңгейде көрініс берген ең ықпалды ақпараттық қару ретінде тарихқа енгені анық.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

(Суреттер интернет желісінен алынған)

Мені
twitter: twitter.com/Raiymbek94
Facebook: www.facebook.com/raimbek.ramazanov?ref=tn_tnmn
желілерінде оқыңыз. Рахмет!
Әрі қарай

"Еркінмін" деп айта аласызба?!

Ақпарат тарату арқылы бұқараның санасына әсер ету процесінің басталғанына бірнеше жүзжылдықтар өтті. Ол сонау алғашқы болып шыққан газеттерден бастау алып, одан кейін радио, теледидар көмегімен іске асырылса, 21 ғасырда ғаламтордың ғаламат күшін сезіндік.
Қазір басым топ өкілдері бұқара халықты өз қалауына қамшылап, арбауына айдап отыр. Стереотиптер салу арқылы адамдарды алдап қана қоймай, құлша құрдымға қуып, организмді ғана емес, сананы улауда. Дегенін істетіп, қарапайым халықты аузына қаратып отыр. Және бұның бәрі күш қолдану емес, адамның ойлау жүйесіне әсер ету арқылы жүзеге асырылуда. Ал адамның ойлау жүйесіне әсер ету бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен(газет, теледидар, интернет жүйесі, әлеуметтік желілер) істелуде.
Адам өз таңдауын жасаудан қалған сияқты. Мысалы, киім таңдауды алайық. Киімді әрине қай кездегідей сән үлгісіне («мода») қарап алады. Ал, сол моданың мода екенін кім шешеді?! Сол брендтің иесі немесе жарнамашылар. Біздің таңдауымызды әлде әр сезонға «моданы» анықтап, таңдап беретін соларғой. Олар өздеріне ұнағанын не қалағанын «мода» десе болды сол киім үлгісі әлемге тарайды. Айнала бәрі киіп жүргеннен кейін біз де сол жақсы екен деп сатып алып, киюге ынтызар боламыз. БАҚ-нан күнде жарнамалап жатқаннан кейін біздің миымызға, санамызға орнығып алатыны соншалық біздің таңдауымыз соған тартады да тұрады.
Менің мамандығым — PR (Public relations) Қазақша қоғаммен байланыс. Қысқаша мазмұндайтын болсақ: PR — бұл бұқараның санасын бұғаулап бағындыру. Яғни, қарапайым халықтың санасын, ойын басқару, сол арқылы ыңғайлы іс-әрекеттерге итермелеп, қалаулы таңдаулар жасату. Бұл жаңағы айтқан тауар таңдауға да қолданылады. Манипуляциялау деуге де болады. Таңдау туралы тағы бірер мысал келтірсек, ыдыс жуу керек болғанда не керек? ойыңызға алғаш келетіні — FAIRY. түгелдей болмаса да көпшілігі солай. Санамызға құйып тастағаны соншалық басқа жуғыш заттардың бар екені, олардың сапасы fairy ден артық болуы мүмкін екені ойымызға кіріп те шықпайды. Жаңа жыл жақындаса ойға тағы да бірінші келетіні «Соса соla» сусыны ия?
Жарайды, тауардан алшақтайық. Теледидардан көретін, интернеттен оқитын жаңалықтарға келсек. Қандай жаңалық көрсек соны рас деп есептейміз. Әрине, өтірік дей алмаймын. Бірақ жалпы осы «шынайы» мен «шынайы емес» дегенді кім қалай түсінеді?(«реально», «не реально») иә, сіздердің араларыңызда мен интернеттен көрген барлық жаңалыққа бірден сене кетпеймін, бірінші оқимын, содан кейін ойланып, анализ жасаймын дейтіндер кездесуі мүмкін. БІрақ сол анализді жасау үшін де салыстыратын ақпарат керек яғни екінші ақпарат көзі. Оның рас екеніне кім кепіл? Бұл жағдай тек интернеттегі ақпаратқа емес, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының бәріне байланысты.
Бір PR маманы лекциясында мынадай ой айтқан болатын: «Мен, ЕШҚАШАН, ЕШКІМГЕ 100%-ға сенбеймін! Маған Панама мойнағы Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың арасын бөліп тұр десе сенбеймін. Фотодан. бейнероликтен көрсетсе 90% сенермін, ал, панама мойнағымен өткізіп, көзбен көрсетсе 99,9% сенермін. Бірақ көзбен көргенге де 100% сенбеймін. Себебі, көз де кей кезде алдамшы.» Бұл сөздерден кейін «Секрет» документалды фильміндегі «көзбен көрген шынайы емес, адамның ойындағы нәрсе шынайы» деген ой келді.
Адам басқалардан ерекше ойлағанның өзінде ойлау жүйесі — қоршаған ортасының, бұқаралық ақпарат құралдарының сол адамның ойына, санасына салып қойған стереотиптерінен, былайша айтқанда «шекарасынан» немесе санаға салған «шеңберінен» шыға алмайтындай.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен ғасырлар бойы адамдарды алдау туралы ойымның соңғы жағында ең толғандыратын нәрсе туралы жазғым келді. Ол адамзат тарихында ашылған ең ірі жаңалықтардың бірі АЙҒА ЕҢ АЛҒАШ ҚОНҒАН НАСАНЫҢ (АҚШ) қонуы. Алдауы мүмкін деген күдіктердің ең ірісі осы, біртүрлі көрінсе де)
«Иллюминаттар» деген сөз таныс шығар. Құпия символдардың шешімін іздеп табушыларды осылай атайды. Иллюминаттардың зерттеулеріне көңіл аударсақ НАСА-ның алғашқы айға қонуын жоққа шығарады. Сонда НАСА бүкіл адамзатты алдағаны ма? Бір қызығы менің бұлай ойлауыма әсер еткен ақпараттар да интернеттен алынған бұл менің ойым ғана.
Сонымен не шынайы? не шынайы емес?! осыған дейін айдан анық болып көрінген, көзбен көргеніміз, құлақпен естігеніміздің бәрі өтірік шығар? Бізді алдаған шығар деген ой тек мені ғана алаңдатады дегенге сенбеймін. Бұның бәрі менің ойларым және ойландыратын нәрселерді мысалға келтірсек өте көп. Сіздер қалай ойлайсыздар?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!
Әрі қарай

Ызы шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен

Ыза шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен!

«Қайғы мен ыза қысқан соң зар шығады тілімнен» «Түгел білем қайда екен деп іздеген. Жапа жалғыз білімнен бақ шықпайды, Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген» (Абай) Ертерек бір заманда, дін мұсылман аманда; Әбілда деген әулиеге, парсы елінің бір қатын патшасы сауал қойыпты; -Алдында тағам бар болса да, оны өзі жемейді, аш отырады, сонда да ол әлгі тағамын басқаларға береді, бұл қандай адам? Әулие жауабы; -Бұл ақырзамандағы молдалар, олар халыққа дінді насихаттайды, бірақ өздері ешқандай амал қылмайды. Сұрақ; -Адам баласына неше жерден қорлық келеді? Жауап; -Төрт жерден қорлық болады: 1) шақырмаған жерге бару, 2) өтірік жала жабу, 3) дұшпаныңнан қажет нәрсеңді сұрау, 4) өліктен қалжа сұрау. Сұрақ; -Әр адамда қанша асыл болады? Әулие атамыздың жауабы; -Төрт асыл болады. Әуелгі асыл-иман, оның ұрысы-азғырушы шайтан болады. Екінші асыл-намаз. Оның ұрысы-күпірлік, яғни аяттарға теріс пәтуа жасау, ой жору, ортақ қосу. Үшінші асыл-ілім, оның ұрысы- тәкәпарлық, яғни өздерінен артық ілімді жоқ және тура жолдамыз деп өздеріне-өздері баға беру. Төртінші асыл-мейрімділік, оның ұрысы-бақылдық, мейрімсіздік, ата-ана аманатына, үмметтік салт дәстүріне қиянат жасау. Осындай аталарымыздың пәтуасынан, биғатарынан жоғарыдай мақал пайда болып және; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін.». «Бүлінген елден бүлдіргісін алма!» деп дін пәтуасын ортасын жол-жобасын алмай, діннің жібін ире білген елдерден, қызылбастардан келетін діни жолдан абай болыңдар деп біздерге аманаттапты. Ал енді Оңғар қажы Өмірбектің; Дат (09.11 201, №38) басылымына берген аманат туралы сұхбатында; «Құранда қолынан да, ісінен де ешкімге залалы тимеген адам ғана мұсылман бола алады деп жазылған… Біз жетпіс жыл бойы мұсылмандықтан безген халықпыз. (Астапыралла! біздің әке-шешелеріміз, ұры, залым, зиянкес, 70-жыл кәпір болыпты.) Ал тәуелсіздік тұсында келген ислам жұрттың берекесін алды. (Тағы да астапыралла деңіз! Береке берітін ислам, берекетсіздікке әкелетін ислам болып бөлінеді екен.) Өйткені бізде діни сауат немесе негіз болмады. (Астапыралла! Аманат та, уәде де; жан, рух сияқты негіз болмаған.) кім айтса, соған ердік. Қазақтың өзінің ұлтық дәстүрі ислам қағидаттарына сай келеді.» Абай атамыз қазақтың әулиелерінің намаз оқу, дұға жасау дәстүрінің өзінің қызылбастар намазынан көп ерекшелігі бар екенін жазғанын, бірде-бір муфтият діншілерінен оқыған де айтқандарын естігенде емеспін. Сонда Оңғар қажымыз қай дәстүрді, қандай бесінші (мүмкін қызылбастан келген қажылық дәстүрді) мұсылмандық қарызды меңзеп отырғаны белгісіз. Діни және сөз сауатына өзіңіз баға беріңіз оқушым… Енді қазақ әулиелерінің діни сауаттылығы қандай болған? «… Сау жүрек тесіле ме оқ батпаса, Оқ орнынан біздің ой-шыққан маса. Айық адам аңғармас ішкі сырды, Байқайды сол тесіктен мас қараса. Араққа ақыл, мастыққа ой билетпек,-Оңай емес ертерек ойланбаса. Тәкәпар өзімшілді құдай ұрар, Ақылына бас имей шалқаласа. Сопыларға біздің жар бір қараса, Жар нұрымен жүрегін араласа. Жанын жан, ескі иманын иман демей, Байғұстар қалар еді-ау таң-тамаша.» Шәкәрім атамыз, данның да иманның егіз екі екенін және ескірген иманды заман білімінен, құран құпия сырлары мен Раббымыздан түсіп тұратын, уахи, аян, түстермен жаңалап отыруды насихатап кетіпті. Абай атамыздың «Имансыздық намазда, Қызылбастың салған жол..» деген өсиетінің шешімі де осында. Арақ-тәндегі қара қышқыл жындық, нәпсілік қуатпен, ал мастық- үш қышқылдың өз ара аласумен және әйелдік жыныстық шараппен де байланысты пенденің «жын-шайтанға» айналуын ескертеді. Енді ілімен білімнің ортасын ұстай білмеуге бірден-бір себепші, қазіргі таңдағы рухани ауру, және көптеген білімді, ілімді жастарымыз және масхаб діншілерінің ең үлкен қателігі- ол, сыншылдық! Және бұл қасиетті бір жақты қабылдап, өздерін сынай бастасаң ашуға басып, құса салу, осы миларындағы сары суға айналған жын қуаттары мен жүректеріндегі шайтандық тіл қуатарының арасының, мойын арқылы қосылып кетуінен, мастық пайда болады. Ал мастық-дегеніміз; «Өзінің жасына, қоғамдағы орнына, отанына жасаған қызметінен қарамай «Мұны мен білемін, сен білмейсің, саған ескертіп жатырмын, бұл қате жолыңнан қайт!» деген ұғымен; Жол дегеніміз-ЗАМАН, ҒЫЛЫМ, Алла тағаланың «Өзі» екенін, өздерін «намазхан» атағандар, дін имамдарының да көбі түсінбейді. Пайғамбарымыз; «Білімді адамның пәлекеті-өзін басқалардан жоғары санауы» деп ескертіпті. Ал енді ілімен білім ортасы дегенімізді пайғамбарымыз; «Адамзатқа екі түрлі білім беріледі, бірі құпия ділінде, бірі тілінде» деген. Бұл өсиетті тіл білімін арап тілі деп өзгертіп алған діншілеріміз. Негізінен құранға қарсылық және аятта; «Дәуітке, Сүлейменге ғылым берілді де, құс тілі үйретілді» деп ескерткен. Және сонымен бірге, таудың, шерік әскерлердің, жындардың, шайтан тілімен барлық өнерлердің де тілі берілген. Құранда қанша тіл білмі бар екенін ашық санмен белгілеп, пайғамбарымыз сандық мәнін де ескертіп кеткен. Ал, алпы әлем білімінде де, философияда да бұл ұғымдар ежелден ислам дініне дейін де бар. Қытайлықтар ділді «ЦИ» ал тілдік білім, пайғамбарлық қасиетті «ЦИГУН» деп атаған. Ал қазақта бұл ұғымды философ, психолог ғалымдармыз жоғалтып, сонан өздері де, ұлтты этнос, нәсілді ұлт деп шатасқан. Діл білімінің негізін, қарапайым түсіндірмесін, Абай атамыз 223-санымен белгілеп ашып берген. Енді діл білімі дегеніміз, әр ұлттың тілдік, үндік, таңбалық ерекшелігі және әйелдер қанында болатын 11-жұлдыздық таяқшалар түрінде кездесіп, және қандай әйелдің текті, қаны таза екенін анықтайтын тәсілін де білеміз. Әйел затының қанымен, еркек қанын араластыруға да болмайтынын, көптеген рухани аурудың осындай жағдайдан пайда болкын да әлем әзір білмейді. Қазақ әулиелері ғана біледі! Және қазақта бұрын 4-ші топ қаны болмаған. Енді 4-ші топ өзге нәсілдерден қазаққа қандай ділдік үндерді алып келді?.. Осындай ата жолындағы генетикалық білімдердің, қазіргі таңда шет елдің ғалымдарына миллиондаған қаражатқа сатуға болатын ақпараттар болғанмен, қазақтың бір қара баласы жаңалық қылып ашып, әлемдік сыйлық алып, қазақтың аруақтық білімінің, әлем алдында даңқын асыратын болса, деген үмітпен ғана сабыр сақтап күтеміз. Бұл туралы әлем ғалымдарының гентика білімін ақтарып шығып, тек қазаққа ғана тән ақпарат және масхаб, т, б сопылық, діни топтардың және еліміздегі өздерін тәкәпарлықпен білімді санайтындарға арналған әулие баларымыздың дайындап қойған оқпаны екені де хақ. Барлық нәрсенің ортасында «Аруақ» яғни Құдайдың құдірет қолы, қандағы ділі бар! Бұл туралы алғашқы ақпаратарды «Діл- дініңнің, тіл-иманыңның айнасы» деген тақырыппен Укепедия сайтына орналастырып қойдым. Керек болғандар іздеп барар… Оқырмандар! Абай атмыздың бұл сөз жұбағын шешіп көріңдер! Неге, қалай білімнен ыза шығады? Ілімнен қандай қайғылар шығады?
Әрі қарай