Бұл жазып отырғаным хадис пе, хадис болса сахих па білмеймін. Сондықтан мысал әңгіме деп айта берейін. Сіздердің кейбіріңіз басқаша (дұрысырақ) нұсқасын білулеріңіз де мүмкін.
Бір қария аулада отырып адамдарды бақылап отырады екен. Бір көршісінің үнемі Жаратушыға жалбарынып күнәсін кешуді сұрап отыратынын байқапты. Өтіп бара жатқан басқа көршісінен осының мән-жайын сұрапты. Ол «Бұ кісінің жасаған күнәсі ауыр, сондықтан да осылай кешірім сұрап отырады» деп жауап беріпті. Қария «Сенің күнәң жоқ па?» деп сұрағанда әлгі «Менікі ұсақ -түйек күнәлар ғой» деп жауап береді. Содан екі көршісін қасына шақырып алған қария «Сен екеуің маған өз күнәларың қандай деп есептесеңдер, сондай көлемді тас әкеліңдерші» депті. ана екеуі шамалыдан соң айтылған тастарды әкеледі. Алладан кешірім сұрап отыратын көршісі дәу қара тас әкелсе, екіншісі ұсақ тастарды етегіне салып әкеліпті. Қария:«Енді осы тастарды орындарына қойыңдар»
Сонда ұсақ-тас әкелген көршісі «ақсақал, мен бұл тастарды орындарына қоя алмаймын,қайсын қай жерден алғанымды білмеймін» деп жауап беріпті. Қария: «Балам, сенің ірілі-ұсақты күнәларың да сондай көп. Қайсын қай жерде жасағаныңды білмейсің.Әсілі күнәнің үлкен кішісі болмайды. сондықтан да Алладан кешірім сұраудың артықшылығы жоқ» деп жауап беріпті.