Gastarbaiter Алматыға бара жатыр...

Құдай біледі, біразыңның ойыңа «барсаң қайтейін?» деген ой келді. Бірақ мен іссапармен, не бір сұмдық мәселе шешу үшін, ия гастрольмен бара жатқан жоқпын.
Жәй, 4-5 күнге демалып, нағашы жұртты аралап, достарымды көріп (көре алсам) қайту үшін бара
Әрі қарай

Көлсайға сапар

Өткенде біраз адамнан Көлсайға барсақ деген ұсыныс түсіп еді. Сол Көлсайға өте қызық жолмен бару туралы ұсыныс түсіп жатыр. ҚазҰУ-дың география факультетінің оқытушылары студенттеріне Көлсайға 10 күндік жаяу жорық ұйымдастырғалы жатыр екен.
Әрі қарай

Каллиграфия

Тойдың болғанан боладысы қызық деген рас-ау. Ғаламарттың Мұқағали Мақатаевтің 80 жылдығына арналған көрмесі ашылуына аз ғана уақыт қалды. Көптен бері керекте пост ілмей кеттім :( ол үшін кешірім сұраймын оқырманан ;). Біздер яғни көмектесуші топ(әр
Әрі қарай

Көлсайға барайық.

Құрметті керекшілер, блогшылар мына жақта мынандай ұсыныс түсіп жатыр, бәріміз жиналып Көлсайға демалуға барсақ қайтеді деген?
Автобус жалдасақ, тамағымызды алсақ. Ол жақта ұйықтайтын орын бар, тамақ жасап беретін кісілерде бар. Ол жаққа екі күн
Әрі қарай

Авто стоп!

Бірнеше жыл бұрын қызық* адамды кездестіргенімді айтқанмын :) бір жерде жазғанмын даж ол туралы. Сонау Орал өңірінен «Авто стоп» планымен 1 ай көлемде бүт КЗны аралау арқылы келе жатқанын тансу барысында білдім. Кездейсоқ, «Шәкен жұлдыздарына» кіре салып со жерде сөйлесіп кетіп едік.
Егер осы постымды көріп отырсаңыз сәлемімді жолдаймын :)

Авто стоп — сол жерде бірінші рет кездестірдім, яғни бұрын соңды тек инеттен оқып жүрген «авто стоп» қарсы алдымда отырды. Сұрақтарым көп болды, қойып үлгермедім/ау деймін :) Түсінгенім, батыс+солтүсітікті бітіріп, енді Алматыға келген түрі екен. Көктөбе, Медеу.т.б. жерлерде болып үлгеріпті. Қызығып қалдым, надо же, жақсы идея екен деп… ;)
Әрі қарай

Тындырғаным сол болды

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Тындырғаным сол болдыБүгінгі күннің басым бөлігі ұлымның пайдасына шешілді. Ұйқымызды қандырып, сағат 11-лерде FUNKY TOWN ойын-сауық орталығына бардық. Карточкаға 3000 теңге салып, ойламаған жерден ұтыс купонын иелендік. Сөйтсек, орталықта «Ойыншықтар айлығы» деген акция өтіп жатыр екен. "Ұтыс бүгін сағат 16:00-де болады",-деді кассадағы қыз. Ал біз айналдырған бір сағаттың ішінде карточкадағы тиынның түбіне құм құйып үлгердік. Сағат төртке дейін не істейміз? Оның үстіне үйіміз қаланың ана шетінде...Қайтсек те осында күтуге тура келеді. Содан асқазанымызды аз-мұз алдарқатып, сол ғимаратта орналасқан Арсенал кинотеатрындағы 3Д форматтағы «Гномео и Джульетта» мультфильміне билет алдық. Мені негізі қандай бір нәрсемен таң қалдыру аса қиын емес-тін. Бірақ, 3Д формат мені кереметтей таңқалдырды деп айта алмаймын. Көзілдірікті бір киіп, бір шешіп өзімше сынама жүргізіп отыр ем, кенет кіре берістен оқыған «Көзілдірік бүлінген жағдайда 6000 теңге айыппұл салынады» деген ескертпе есіме түсіп, мұнымды доғара қойдым.
Сонымен ұтыс уақыты кеп жетті. Мен естуге құмартқан 2546 нөмірі ақыры аталмастан қалды. Бірақ, мен ұтылғам жоқ. Ұлым мәз-мейрам боп, асыр сала ойнады. Оның бір қуанғаны — бізге мың ұтыс. Купонды күйеуім тіркеткен-ді. Әдетте мені "құманқол" деп мазақ қылатын. Өйткені, мен лотерея, ұтыс деген нәрселерде жолым болып көрген емес. Құманқол деген атақ бүгін оның өзіне бағытталды…
Ойын-сауық паркінен келе жатып орталықтағы абажадай бір жарнама банеріне көзім түсті. Үш тілде берілген жарнаманың жапсары — КОКО МОТО деген лонж-бардың ашылуы туралы жар салу екен. Қақалып-шашалып жатқан сол баяғы қазақ тілі. Айналдырған үш сөйлемде сан қате… Бардың ашылу салтанат құрметтіне шықырылған… Бұлай өздерін де, бізді де алдамай-ақ қойғандары жөн болар еді…
Әрі қарай