Аққу ұшқан күн немесе күнделіктен үзінді

Жаз. Екеуміз үй маңындағы ескі қаша жанында тұрмыз. Сырттан қарағанда əңгімеміз қызық болып көрінгенімен, жанарымызға толассыз келіп тығылып тұрған көздің мөлдір жасын əзер ұстаудамыз. Күлкі астындағы қалың мұң. Ортақ таныстарымызды сұрап біраз тұрдық.Бір мезет сен де, мен де үндемей қалдық. Қараңғы далаға түскен айдың əлсіз сəулесімен мұнарлана көрініп тұрған тау басына қадала қарап сен тұрсың, жасыл желегі мен қатқыл тастарын жаңа көргендей жерге қадала қарап мен тұрмын. Арадағы үнсіздік денемді мұздатып барады. Неге келгеніңді де айтпадың? Ішім сезіп тұрса да, өзі айтсын деген едім. Тағы да үнсізсің. Əдеттегідей өзім сөз бастадым:

— Екеуміз көріспегелі біраз уақыт өтіп кетіпті ғой, иә?- дедім. Менің тосыннан сөйлегенімді күтпедің бе,əлде қалың ойыңды дауысым шошытты ма селк ете қалдың.

-Ау! Аа, иә біраз болып қалыпты. Жоғалып кеттің ғой, хабарласпайсың да-дедің.

«Мен бе хабарсыз кеткен, қашанғы мен, неге мен? Сен неге іздемейсің, неге келмейсің, неге айтпайсың?»- деп дауыстап айтқым келгенімен тағы да сыпайылықпен сен арамызға құрып берген шекарадан аса алмай кері қайттым. Сəл жымиып қарап:

-Уақыт болмады хабарласуға,- дедім. Тағы да үнсіздік.

Бұл жолғы үнсіздікті сен жойдың.

-Қалың киініп шық, жүріп қайтайық. Жарайды дегендей басымды изеп ишара білдіріп үйге қарай бет алдым. Үстіме қалың киім киіп, аяқ киімімді ауыстыра салысымен көп күттірмейін деп тездете басып қайта шықтым.

-Кеттік пе?

— Аха, кеттік.

Жол жиегінің екі бөлігіне бөлініп арамызға қойған шекара іспетті ортаны бөле жатқан арықты бойлай жүріп келеміз. Даладан иттердің үрген дауысы ғана естіледі.

— Қалаға қашан қайтасың? Əлі біраз боласың ба?- деп сұрақ қойдың.

— Иа, біраз қаламын. Сен қашан келдің?

— Жаңа ғана келдім. Сен ауылда деген соң келгенім ғой, көріп кетейін деп.

Күткенім осы сөз болса керек. Езуім еркімнен тыс жымиып тұр. Тағысын- тағы əңгімелермен қалай айналып үй алдына қайта келгенімізді де байқамай қалыппын. Уақыт та біршама болып қалыпты.

-«Жарайды, мен кірейін»-, дегенім сол еді, бойыңа бар батылдықты жыйғандай болып қолымнан ұстадың.

— Тоқтай тұршы,- деп тоқтаттың. Тоқтап тұрмын, тыңдап тұрмын дегендей қос кірпігімді əлсін-əлсін қағып қарап тұрдым.

— Қайырлы түн!- дедің. «Бары осы ма, неге өткенге оралайық демейсің, неге басынан көрейік демейсің, қателік сенен де, менен де емес қой деп неге айтпайсың?» деген сан мыңдаған сауал ішімде тулап қоя берді. Үмітім үзілді дегендей жымиып тез артқа бұрылдым. Көзіме әу бастан тұнған мөлтек жасымды бұл жолы ұстап тұра алмадым. Еріксіз шығып кетті.

Түсіндім. Бір біткен оқиға қайта басталмайтынын түсіндім. Арамызға түскен адамдардың жеңіске жеткенін түсіндім. Біздің хикая соңына да жеткенін түсіндім. Мен бəрін дəл осы күні түсіндім. Сені алғаш көрген күннен «аққу» дейтін едім. Ақтығың мен түр əлпетің үшін ғана емес, махаббатың үшін де солай дейтінмін. Бүгін мен сол аққуымнан айырылдым. Жетімкөлге аққулар оралмағаны сынды, менің де аққуым жүрегімнен ұшып кетті. Ол енді оралмайды.

Уайтхиллдық Уайтмәунтейнде

Oral B қаласы (көктем) / Орал қаласы (life)
Уайтхиллдық Хэтроуда (қыс)
Уайтхиллдық Уайтхиллда (қыс) / Жаздың соңғы түні

Енді міне, Ақтау.

Иса пайғамбардың кезекті 2015 жылдығына берілген 4 күндік демалыста Каспийдің толқынын көрем деп шештім. Естеріңізде болса, дәл 1 жыл бұрын Атырауда болғам. Қолдан келгенше, қалтам көтергенше демекші, жыл сайын Қазақстанның өзім үшін жаңа облыс орталықтарында болуды мақсат еткенім рас. Ал негізгі мақсат — Қазақстанды визуалды құшақтау, ойша игеру. Үнемі гастрольде жүретін өнер иелері не кәсіпкерлер секілді немесе командировкада жүретін өзге де мамандық иесі болмасам да, бұл мәселені уақытынан бұрын шешем дегенім шығар бәлкім. Қазақияның кез келген қаласын атай қалғанда, басты көшелері мен орталықтарын еске түсіріп ойша қорытып жібергеннің пайдасы болмаса, кедергісі қанша?!) Оның үстіне жаңа таныстықтар.
Әрі қарай

Махаббат Апталығына: Тағдыр

Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес…

Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін «Жорға» Астанада өтетін Роза Қуанышқызының «Шақырады Көктемінде» билейді.
ПыСы: Жақында Серік хабарласып Розаның айтатын 4-5 әнін топтап, бас-аяғы бүтін бір композиция жасағысы келетінін айтты. Сондағы орындалар ән мен қойылар биге кіріспе сөз керек екен. "Өлең керек! 4 шумақ, ол төрт жерде оқылады, жеке тұрғанда да, тұтас алғанда да мағнасын сақтайтын өлең жазшы..." Әне, талап қайда жатыр Содан мынау өлең жазылды… Қарап жіберіңіздерші....



Тағдыр!

Санамда жауабы жоқ сан сұрақ тұр,
Жанымды отқа тастап, қамшылап жүр…
Жалғыздық – дерт!
Көрермін!
Көнемін де…
Жазылса пешенеме жалқы тағдыр…
Жалғанның жанарында жарты бақ тұр…
Әрі қарай

Аққуда бар адалдық...

Болашақ қалыңдығымен кездесуден келе жатқан Ербол жан жағына ойлана көз салды. Ары-бері сабылып жүрген адамдардың жүзіне қараған ол түрлі ойдың жетегіне кетті. Бірінің бар дүние ауыртпалығын құдды өзі ғана арқалап жүргендай-ақ қабағы қатулы болса, бірі бүкіл әлем ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрғандай кербезденіп, тәкаппарланып кетіп барады.
Әрі қарай

Эстетиканың үйінде...

Бүгін таңертең Эстетиканың «Гүлстанына» қонаққа бардым.
Барлықтарыңыз оның твиттеріндегі:
@Estetika9: Бақтағы әсем гүлдердің иісі мұрынымды жарып барады)) Кең тыныстап, сарайым бір ашылып отыр)) Осының өзі бір бақыт екен))

Гүлстанда магнолия гүлдеді)))) Биыл магнолиямыз молынан гүлдеп, айналға көрік беріп-ақ тұр))
Көктемнің жайма шуақ түндері-ай))) Салқын самал мен гүлдердің жұпар иісі мені «ару көктемге» ғашық етуде))
деген сынды көптегееееен твиттерін оқыған боларсыз.

Шындығындада
Әрі қарай

Мәдени жаңалық

Ақпан айының бірінші жұлдызынан бастап Оман сұлтандығының астанасы Мускатта (Масқат) халықаралық шығармашылық фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль ақпанның 25-ші жұлдызына дейін жалғасын таппақ. Осы шара аясында Қазақстанның атынан Қарағанды облысының мәдениет басқармасына қарасты Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі және «Аққу» хореографиялық би ансамблі, дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы ретінде ҚР мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркеновтар барып қайтты. Шетелдіктердің біздің елдің киімі мен халық аспаптарына қызығушылықпен қарайтындығы осы фестиваль аясында тағы да белгілі болғандай.
Әрі қарай

Аққулы көл

Аққу пәктік пен тазалықты, адалдықты пір тұтатын киелі құс. Қазақ халқы аққуларды ежелден махаббаттың символы мен сезім патшайымына балаған…

Блог - rakisheva: Аққулы көл
Әрі қарай