Кішігірім квест

БасқаНЕТтерде қызықты квест болып жатқанда, «миии күшті» деп оқып отыратын едім. Сосын осындайды неге өзім жасап көрмеске деп, өзімше бастағалы отырмын. Мынау енді алғашқы квестім болғандықтан қиын емес, қарапайым етіп жасадым. Бақылап көрейін, сіздерге ұнап жатса, кейін бұдан да күрделісін жасармын.

Ойын шарты былай. Сілтемеден архив файлды жүктеп аласыз. Ощм ақ сандыңтың ішінде көк сандық дегендей, архивтің ішінде архив бар, бес дәрежелі. Яғни бес архив бірінің ішіне бірі салынған. Әр архивті кілт сөз енгізу арқылы ғана аша аласыз. Кілт сол архивпен бірге келген файлдарда жасырылған. Сіздің мақсатыңыз, әр архивке дұрыс кілт сөзін тауып, соңына дейін жету.

Өтініш: Пікірге кілт сөзді жарияламауыңызды сұраймын. Талқылауға болады, бірақ жауабын жазып басқа біреудің кәйіпін бұзбаңыздар.

Ал кеттік! Мұрағатты мына жерден жүктеп аласыз.
hosting.users.kz/0.rar
Әрі қарай