Караоке – қара, оқы емес пе?

Бiз отбасымызбен ән салғанды ұнатамыз. Осындайда кез келген әннiң әуенi мен сөзi бiр жерден табыла қоятын караокенiң болғаны қандай жақсы! Сол караокемен қанша рет ән салып жүрсек те, оның мән-мағынасына үңiлмеппiз. Караоке деген қазақтың «қара, оқы» деген сөзiне ұқсайды екен. Шынында, осы сөздiң түбiрi қайдан шыққан?

Айғаным САБЫР

Караокенiң отаны – Жапония. Ал атаудың мағынасына келсек, жапон тiлiнде «кара» – бос, «оке» оркестр дегендi бiлдiредi. ХХ ғасырдың екiншi жартысында Дайсукэ Иноун осы бiр құрылғыны ойлап тапқанда, әншiнiң бiр уақыт тынығып, ал жиналған жұрттың өздерiне таратылып берiлген парақшалардағы әндi айта тұруын көздесе керек.

Ал қазiргiдей экранда әннiң мәтiнi жазылып, көрермендердiң соған қарап әндi шырқауы 50-жылдардың соңынан бастап үрдiске айнала бастапты.

www.alashainasy.kz/
Әрі қарай

Теңіз сығандары

Еуропаны кезіп жүретін сығандардан бө­лек теңіз сығандары туралы естіп қалып едім. Сол теңіз сығандары қай жерді мекендейді екен?
Әрі қарай