Компьютерді смартфоннан басқару

Алдыңғы мақаламда Смартфонда мәтінді компьютер арқылы енгізуге қажетті қосымшаны жазған едім. Енді осыда керісінше компьютерді Смартфон арқылы басқару қосымшасы жайлы қысқаша нұсқауды қарастырдым. Бұл қосымшаның нұсқалары Android-қа да, IOS-қа да бар.
IT маманның кеңестері: Компьютерді смартфоннан басқару
WifiMouse – компьютерді смартфон арқылы басқаруға мүмкідік беретін қосымша. Бұл:
• сенсорды тышқан мен пернетақта орнына қолдануға;
• компьютерді сөндіруге, сөндіріріп-қосуға, ұйқыға жіберуге;
• ойнатқышты басқаруға;
• қажет десеңіз Презентацияларды да (Power Point) басқаруға мүмкіндік береді.
• Қажетті сілтемелер:
• Компьютерге: http://wifimouse.necta.us/
• Android-қа: Wifi Mouse
• Iphone-ға: WiFi Mouse
• IPad-қа: WiFi Mouse HD Free
Төмендегі видеода бағдарламаларды орнату процесін көрсеттім:
Әрі қарай

Android-қа WIFI пернетақта

WIFI клавиатура – смартфон пернетақтасын компьютер браузерімен басқаруға көмек беретін қосымша. Яғни браузердің көмегімен смартфонда мәтіндерді теру мүмкіндігі бар.
Компьютер мен телефон арасында байланыс орнату үшін екі құрылғы да бір WIFI желіге қосулы болу керек.
Орындалатын қадамдар:
1. Бағдарламаны жүктеп алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: WiFi Клавиатура.
2. Орнатқаннан кейін төмендегі терезе ашылады.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
3. Қосымшаны баптап алуымыз қажет:
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
4. Бағдарламаны іске қосып, қызылмен белгіленген адресті кез келген браузердің адрес жолына тереміз.
Ол әр телефонда әртүрлі болады.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта
5. Бірақ «Жазу жазатын аймақта» терген мәтініңіз браузерде көрінбей, тек смартфонның мәтін аймағында көрінеді.
IT маманның кеңестері: Android-қа WIFI пернетақта


Әрі қарай

Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.

Android қосымшаларын Windows-та қолданудың көптеген жолдары бар. Соған байланысты түрлі эмуляторларды мысалға келтіруге болады. Ғаламторды шарлап, BlueStacks деген ыңғайлы да түсінікті бағдарламаны таптым. Бірақ оны эмулятор деуге келмейді, себебі Apk файлдарды ашатын Player-дың қызметін атқарады және ол эмуляторда қажет ететін барлық баптауларды автоматты түрде жасайды. Енді бағдарламаның өзіне көшейік.
1. Бағдарламаны мына сілтеме бойынша жүктейміз → www.bluestacks.com/
2. Оны орнатамыз (орнату процесі мен оптимизация 5-10 мин уақыт алады).
3. Орнатылып болған соң төмендегідей терезе ашылады.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
4. Ендігі қадамда «пернетақтаны» баптап алуымыз керек. «Все приложения» бетіне өтеміз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
5. Настройки.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
6. Дополнительные параметры.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
7. Язык и ввод.
8. По умолчанию → «Аппаратура» дегенді сөнідреміз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
9. Тілді таңдаймыз. «Язык системый» сөндіріп, қажетті тілдерді таңдаймыз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
10. Келесі қадамда Настройки → Добавить аккаунт деп жәшік логинын жазу керек.
11. Поиск бетіне өтіп, Play Market-ке кіру үшін кез келген сөз жаза саламыз.
IT маманның кеңестері: Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
Ары қарай бәрі түсінікті).
Ескерте кететін жағдай: Бағдарламадан кіріп-шыққан сайын СЕГІЗІНШІ қадамды қайталап тұру қажет(((.
Бұл бағдарлама Android қосымшаларының мүмкіндіктерін зерттеуге, смартфоныңыз көтермейтін ойындар мен бағдарламаларды орнатып қолдануға ыңғайлы.
Әрі қарай

Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану

Смартфонды компьютердегі кез келген және басқа да смартфондардағы браузермен вебкамера ретінде қолдануға болады.
Сол кереметке қол жеткізу үшін бізге Google Play-дегі тамаша қосымша қажет:
Жүктеп алу: IP Webcam
IP WebCAM сіздің смартфонды желілік камераға айналдырады. Бастысы Wifi-дың сигналы жақсы болу керек. Қосымша ашылғанда ең бірінші көретініміз баптаулар. Менюдегі «настройки видео» деген бөлімде бейненің сапасын, өлшемін, фокусты, жарқылды, т.б. баптауға болады. Ал енді қосымшаны іс жүзінде көрейік.
Өз қалауыңызша бейненің сапасын баптап алуыңызға болады
1. Қосымшаны ашамыз.
2. Экранды төмен сырғытып, «Запустить» батырмасын басамыз.
Қосымша ашылып автоматты түрде видеокамераны іске қосқаннан кейін URL-адресті смартфонның экранына шығарады.
Ол әр телефонда әртүрлі болады.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Смартфонның бетінде көрсетіліп тұрған адресті (http://192.168.0.102:8080) кез келген браузердің адрес жолына жазамыз. Содан кейін смартфонда көріп тұрған бейне браузердің де бетіне шығады.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Тағы бір ыңғайлы етіп жасалғаны — смартфондағы IP WebCam-ға қажетті функцияларды тікелей браузерден басқаруға болатындығы.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Әрі қарай

"Фотоаулау": КИ қуған темір тұлпар

1937 жылдан бері бұл темір ат Алматы қаласының көшелерімен тынымсыз шапқылап жүр. Солардың бірін тым-тырыс жатқан түнгі көшеден таба аламыз ба?
.
Байқаудың шарты бойынша түнгі уақытта орындалатын бұл тапсырма бізді аса ойландыра қоймады. Өйткені бұл тапсырмадағы жыл Алматыны тек трамваймен ғана байланыстыратындығын білгенбіз. Оның үстіне Алматы көшелерімен тынымсыз шапқылап жүрген, түнде өзі тып-тыныш көшеде тұратын бұл темір «АТ» тек трамвай болуы мүмкін еді. Бірақ ойымыздың дұрыстығын нақтылау үшін біраз ғаламтор бетін ақтарып, 1937 жылы Алматы қаласында алғашқы таксидің пайда болғанын да білдік.

Білетін нәрсемізді біліп алғаннан кейін, өзіміздің «интуициямызға» сеніп, "Қой, онда тамақтанып алайық" деп өйткенде 4,30 сағат Angry bırds ойнаған Globus-қа жол тарттық
Блог - rakisheva: Фотоаулау: КИ қуған темір тұлпар
Әрі қарай

"Фотоаулау": Angry chicken :/

Иә, иә кеше көргендеріңіздей біз күні бойы Энгри Бердc ойнадық!

Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/

Барлығы былай басталды…

Әдеттегідей таңертеңгі тоғызда байқаудың ұйымдастырушыларынан тапсырма келді. Алдыңғы тапсырма оңай көрінгенімен. Кешегі тапсырма шұбатылып, шырматылып, шатасып, араласып-құраласып, қысқасы «черт» болып келді.
Әрі қарай

Tablet PC немесе Пернетақта

Бұл менің осындағы алғашқы постым¬(жазбам).Қателер үшін алдын ала кешірімімді сұрап алайын, айтпесе Сатыбалды бастаған Дөкейлер тышып кетуі мүмкін.

Көбінесе IT жаңалықтарына көп қарағандықтан болар, мамандығымызға байланысты да осы сала өзіне тартып тұрады.Қазір Mobility кезеңіғой не десекте. Сондықтанда болса керек Ақ Алма (Apple[ iOS])фирмасынан кейін Tablet әлеміне Әлемдік Брендтерде (Samsung [Android],Dell[Android],Motorola Mobility[Android],Toshiba[Android],Lenova[Android],ViewSonic[Android],HP[WebOS],RIM(BlackBerry) [BlackOS],Asus [Android,Windows OS],Amazon[Android] т.б)өз аттарын естірте бастады.
Танымалдық жағынан Ақ Алманы қазірше ешкім оза қоймас(2014-2015ке дейін).Ал қолданылған жүйе жағынан Google Inc фирмасының 2005 жылында сатып алған Android (Apache License/GPLv2) көпшіліктен әлде қайда ұзақ тұр.HP фирмасының WebOS құсыраны ,RIM фирмасының API жетіспеушілігі, Android пен iOS үшін тиімді бір кезең болып тұр.
Әрі қарай

MAO vs. Google немесе Android базасына көр қазып жатқандар

Өткен апталардың әлемдік аренадағы ең шулы жаңалығы сөзсіз, интернет-гигант Google компаниясының Microsoft, Apple, Oracle компанияларымен болған келеңсіздіктері болғанын білерсіздер! Бұл жөнінен ойларыңыз қалай? Бөлісе отырсаңыздар?!
*MAO — Microsoft, Apple, Oracle

Әрі қарай