Divoom iTour-20. Ықшам колонка, сапалы дауыс!

Бүгінгі таңда, мултимедияға қондырғылар қаптап жатыр. Бірі аудио, бірі видео. Бірі сапалы, екіншісі жоқ. Бірі арзан, басқасы қымбат. Қайсысы жақсы? Арзан және сапалы акустикалық өнім таңдауға болады ма? Табиғатта немесе далада тыңдауға арналған қай өнім дұрыс? Дәл осы сұрақтарға бүгін жауап тапқан секілдімін. Divoom iTour-20 акустикалық жүйесі біздің сұрағымыздың жауабы болмақ. Divoom iTour, кіп-кішкентай болса да, дауысы өте сапалы және тұнық естіледі. Бірінші ұстаған кезде күмәнім болды. Бұл секілді өнім, өзінің өлшемдері бойынша, жоғары сапа және дауыс беруге күші жетпейді деп ойладым. Бірақ мен қателестім. «Қателескенім жақсы болды» — деп қуанып қалдым. Кіріспені созбай, бірден шолуға көшейін. Әрі қарай, төменде, суреттер арқылы толығырақ таныстырайын.

by Toiguliyev Alisher for Smartshow

Divoom iTour-20 Сипаттамасы


Әрі қарай

Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Қазір Қазақстан Республикасында 3G интернет қызметін көрсететін компаниялар көп. "Қайсысын таңдаймын? Қайсысы жақсы?" — деген сұрақтар да қаптап кетті. 3G модемдер жайлы ойлап жатқан кезде, бас қалаларымызға 4G да келді. Ол әрине Altel 4g. Ал бүгінгі мақала Altelдің Алматы қаласының әр жеріндегі жылдымдықтарын салыстыру туралы болмақ. Модем туралы қайталап жазбаяқ қояйын. Ол ақпараттың барлығын «Смартшоу» редакторы Рустам Ниязов және Роман Антонов өзінің мақалаларында жазған болатын. Ол мақаларды мына жерде, мына жерде және мына жерде оқи аласыздар.

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Жылдамдық шынымен 40 Мбит/сек-ке жетеді ме? Әлде кезекті алдану ма? Міне осының барлығын тексеру үшін Алматы қаласының негізгі нүктелерін өзім аралап шықтым. Төменде мекен жай және сол жердегі Интернет жылдамдығын жазып отырамын.

Әрі қарай

Кітап оқығанға қай ридер ыңғайлы?

Заман өзгерді. Халық оқуды азайтып жатыр. Бірі уақыт жоқ, екіншісі керек емес деген сылтаулармен кітап оқудан бас тартып жатыр. Бірақ кітап оқу әрқашан керек болды және болашақта да керек болады. Оның себептерін қазір талқылап жазбаяқ қояйын. Ол өзі жеке үлкен тақырып және тақырыбымыз басқа бағытта болып тұр. Қазір далада 21 ғасыр, сол себепті кітапханамыз өзгерді. Қазір бәрі электронды түрге ауысып жатыр. Енді біз тақырыбымда: "қандай электронды кітап таңдаған дұрыс болар?" — деген сұрақты ашып талқылаймын. Және сатып алар кезде неге назар аударған дұрыс екенін қарастырамын.



I Экран

a) Экран қандай технологияда жасалғаны өте маңызды. Біздің таңдауымызға 2 түрі келіп тұр; а) Жидкокристалды (аудармасы қандай екенін тегі білмей қойдым ) және ә) Электронды қағаз.

Әрі қарай

Алматыда HTC - дің фирмалық дүкені ашылады!

HTC компаниясы 18 қаңтар күні (яғни ертең) Қазақстандағы ең алғаш фирмалық дүкені ашылады деп жариялады! Фирмалық орталықтың ашылуы Алматыға қалай әсер етуі мүмкін? Бірінші әрине бағаға әсер етуі мүмкін. Фирмалық орталық болғандықтан бағасы төмен болуы тиіс. Ал қызмет көрсету орталығының болуы сатып алушыларға ыңғай жасар еді. Енді сенімсіз, бұзылса қайда жөндетем деген сұрақтар азаятын болады. Ал бағалары қалай болатыны жайлы әзірге ақпарат жоқ.

Мәскеу қаласындағы ХТС орталығы

Әрі қарай