Адами құндылықтарды насихаттап, ой салуға келгенде, көне ақиқаттарды көтін басына, басын көтіне жапсырып, «үйтіңдер-де-бүйтіңдер, отқа басын үйтіңдер» деп тікелей бұйыратын директивалар тәсіліне қарағанда, жеке өзім, Шығыс метафоралары мен астарлы әфсаналарын әсерлірек деп ойлаймын. Айтпағын алдын ала шайнап беретін Крылов пен Ла-Фонтаньның мысалдарын, әрине, есепке алмадым.
Биыл 81-лердің орда бұзар жасы. Иә, бізге енді «молодежный» билет сатпайды, үкіметтің де жастарға арналған бағдарламаларына ілікпейміз. Өйткені біз биыл отыздамыз. Орда бұзамыз! Орда бұзушылар қатарына бүгін Асылбеков Нұрғиса да қосылып жатыр. Құттықтап қоялық.
Інім дейтін Нұрғисам бүгін қайтадан құрдасым болып жатыр. Жұбайы Кәмшат екеуіне ұзақ өмір, үлкен махаббат, бақыт, денсаулық және сәттілік тілеймін.