Моңғолиядағы "Шұғыла" журналы


140 мың қазағы бар Моңғолия мемлекетінде қазақ әдебиеті белгілі бір деңгейде дамыған. Қазақтар шоғырлана орналасқан Баян-Өлгий аймағында 1940 жылы Моңғолия Жазушылар одағының аймақтық бөлімшесі ашылып, қазақ тіліндегі мерзімді газет-журналдар үздіксіз шығып тұратын болды.
1940 жылы Баян-Өлгий аймағы «Қазақ ұлттық аймағы» болып жарияланып, сол жылдан бастап «Жаңа өмір» газеті шыға бастады. Небәрі 33 мың тұрғыны бар бұл аймақтың рухани сұранысына бір газеттің жауап бере алмасы анық еді. Сондықтан, 1957 жылы шыққан «Жаңа талап» атты әдеби журнал 13 жыл өз оқырмандарын рухани нәрмен сусындатып тұрды. Бұл журналдың мәні мен маңызы туралы филология ғылымдарының кандидаты, журналист Есенгүл Кәпқызы былай деп жазады: «Әдебиет майданында қалам тербей бастаған жас талапкерлердің қай қайсысы да журнал сүзбесінен өтіп, таразысына тартылды. Шығармасы әдеби туындыға жарамды делінгендер әуелі журналда, сосын жеке кітап болып басылды.»
1970 жылы «Жаңа талап» журналының көлемі ұлғайтылып, «Шұғыла» журналы болып өзгертілді.
Әрі қарай