ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
Әлеуметтік жарнама қоғамды өзгертуге бағытталған және қоғам ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын жарнама болып табылады. АҚШ пен Еуропада PSA (Public Service Announcement) термині ретінде қолданылады.
Тарихына үңілсек, пәленің бәрі бастау алатын АҚШ-та сонау 1906 жылы ААҰ-ның (Америка Азаматтық Ұйымы) [Ниагара сарқырамасын] сол кездегі энергетикалық компаниялардың келтіретін зиянынан қорғауды насихаттайтын жарнамасынан басталады. 1917 жылы АҚШ-та Жейміс Монтгомери Флектің «Әй, бала, америкалық әскерге өте-мөте қажетсің!» деп жазылған [плакаты] шығады. Бұл плакатта Сэм көке сол қолын беліне қойып, оң қолының саусағын «Әй, сен!» дегендей көрсетіп тұрды. Одан соң Кеңес өкіметінде де осыған ұқсас плакаттар шыға бастады: «Родина-мать зовет!» (Иракли Тоидзе).
1942 жылы АҚШ-та әлеуметтік жарнамалардың басты үйлестірушісі болып табылатын Жарнама кеңесі (adcouncil.org) құрылды. Алғашқы кезде кәрістермен соғысып жатқан жауынгерлерге хат жазуды; көлікте белбеуді тағуды; ормандады өрттен қорғауды жарнамалады. Кейіннен ғой қоғамдағы сауатсыздықты, балаларға зорлық жасаушыларға қатысты, ЖИТС-ке қарсылық секілді нәрселерді жарнамалаған болатын. 1993-2000 жылдар аралығында Клинтон әкімшілігі нашақорлықпен күресу жолында әлеуметтік жарнамаларға 1,8 млрд өздерінің долларын құртқан екен.
Ал Ұлыбританияда 1946 жылы әлеуметтік жарнамамен айналысатын «Ақпараттың Орталық кеңсесі» құрылған. Жылдық бюжеті 300 млн еуроны құраса, әлеуметтік жарнамаға жылына 195 млн еуро жұмсайды екен.
Ресейде 1993 жылы мемлекеттік емес Жарнама кеңесі құрылған болатын. Уақыт өте коммерциялық емес ұйымдар көбейген соң, 2008 жылы Мәскеуде әлеуметтік жарнаманы дамытумен айналысатын Одақ пайда болды. Ал 2011 жылы Мәскеуде осы әлеуметтік жарнаманың «қазан-ошағының» басында жүретін Комиссия құрылды.
Әлеуметтік жарнаманың халықаралық фестивалі бар IAA Responsibility Awards деп аталатын. Халықаралық Жарнама Қауымдастығымен 2008 жылы құрылған болатын. Фестиваль жыл сайын өтіп тұрады.
Жалпы, қазіргі таңдағы әлеуметтік роликтер осы әлеуметтік жарнамалардың қарқынды дамуымен пайда болды. Қысқаметражды фильмдер көбінесе деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, т.б. болып келеді. Қысқаметражды фильмдердің драматургиялық ерекшелігі – айтайын деген түпкі ойының дәлдігі мен ықшамдылығында. Сондықтан әлеуметтік роликтер қысқаметражды фильмдер қатарына жатпайды. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бүгінгі таңда әлеуметтік роликтерді қолында камерасы бар адамның да түсіре беруге мүмкіндігі көп.
Плакат – графиканың бір түрі, тұжырымды мәтіні бар көрнекі бейнеленген өнер шығармасы. Елімізде кешегі 60-жылдардан бастап дами бастады. С.Я.Сухов, Д.Н.Поляков, Ш.Кенжебаев, Г.М.Мамаев, М.Ержанов, В.А.Цветков, А.А.Юлдашев, А.Дүзелханов, К.А.Каметов деген кісілер осы өнердің басы-қасында жүріп, нанын тауып жеген.
Әрі қарай
Тарихына үңілсек, пәленің бәрі бастау алатын АҚШ-та сонау 1906 жылы ААҰ-ның (Америка Азаматтық Ұйымы) [Ниагара сарқырамасын] сол кездегі энергетикалық компаниялардың келтіретін зиянынан қорғауды насихаттайтын жарнамасынан басталады. 1917 жылы АҚШ-та Жейміс Монтгомери Флектің «Әй, бала, америкалық әскерге өте-мөте қажетсің!» деп жазылған [плакаты] шығады. Бұл плакатта Сэм көке сол қолын беліне қойып, оң қолының саусағын «Әй, сен!» дегендей көрсетіп тұрды. Одан соң Кеңес өкіметінде де осыған ұқсас плакаттар шыға бастады: «Родина-мать зовет!» (Иракли Тоидзе).
1942 жылы АҚШ-та әлеуметтік жарнамалардың басты үйлестірушісі болып табылатын Жарнама кеңесі (adcouncil.org) құрылды. Алғашқы кезде кәрістермен соғысып жатқан жауынгерлерге хат жазуды; көлікте белбеуді тағуды; ормандады өрттен қорғауды жарнамалады. Кейіннен ғой қоғамдағы сауатсыздықты, балаларға зорлық жасаушыларға қатысты, ЖИТС-ке қарсылық секілді нәрселерді жарнамалаған болатын. 1993-2000 жылдар аралығында Клинтон әкімшілігі нашақорлықпен күресу жолында әлеуметтік жарнамаларға 1,8 млрд өздерінің долларын құртқан екен.
Ал Ұлыбританияда 1946 жылы әлеуметтік жарнамамен айналысатын «Ақпараттың Орталық кеңсесі» құрылған. Жылдық бюжеті 300 млн еуроны құраса, әлеуметтік жарнамаға жылына 195 млн еуро жұмсайды екен.
Ресейде 1993 жылы мемлекеттік емес Жарнама кеңесі құрылған болатын. Уақыт өте коммерциялық емес ұйымдар көбейген соң, 2008 жылы Мәскеуде әлеуметтік жарнаманы дамытумен айналысатын Одақ пайда болды. Ал 2011 жылы Мәскеуде осы әлеуметтік жарнаманың «қазан-ошағының» басында жүретін Комиссия құрылды.
Әлеуметтік жарнаманың халықаралық фестивалі бар IAA Responsibility Awards деп аталатын. Халықаралық Жарнама Қауымдастығымен 2008 жылы құрылған болатын. Фестиваль жыл сайын өтіп тұрады.
Жалпы, қазіргі таңдағы әлеуметтік роликтер осы әлеуметтік жарнамалардың қарқынды дамуымен пайда болды. Қысқаметражды фильмдер көбінесе деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, т.б. болып келеді. Қысқаметражды фильмдердің драматургиялық ерекшелігі – айтайын деген түпкі ойының дәлдігі мен ықшамдылығында. Сондықтан әлеуметтік роликтер қысқаметражды фильмдер қатарына жатпайды. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бүгінгі таңда әлеуметтік роликтерді қолында камерасы бар адамның да түсіре беруге мүмкіндігі көп.
Қосымша:
Ниагара сарқырамасы Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7-10 см жылжуда. Козий аралымен екі бөлікке бөлінген: канадалық бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді.Плакат – графиканың бір түрі, тұжырымды мәтіні бар көрнекі бейнеленген өнер шығармасы. Елімізде кешегі 60-жылдардан бастап дами бастады. С.Я.Сухов, Д.Н.Поляков, Ш.Кенжебаев, Г.М.Мамаев, М.Ержанов, В.А.Цветков, А.А.Юлдашев, А.Дүзелханов, К.А.Каметов деген кісілер осы өнердің басы-қасында жүріп, нанын тауып жеген.