Малефисента: қанаты барлар түсінеді

Екі адамның бірі сапалы, әрі күшті фильмді ажырата алмайды.

Блог - BekzatIsambergenov: Малефисента: қанаты барлар түсінеді

Қанаты барлар түсінеді. Қанаты бар дегенде өзінің ерекшелігі бар екенін түсінетін адамдарды айтып жатырмын. Елестетіп көріңіздерші, сені индивидуал қылатын нәрседен айырылып қалдың. Әрбір адам индивидуал деуге болады, бірақ сонда да… Егерде жәй адамды алсақ, оның екі аяғы немесе екі қолын жұлып алсақ… Жарайды, фильмде әйел-пері, одан басқа ешкімде сондай қанат жоқ, сондықтан біз еркекті алайық, оның жыныстық мүшесін жұлып алайық (әрине мені кешіріңіз, бірақ мен Малефисентаның жағдайын соншалықты қиын көремін), оның өмірлік мәні жоғалатыны анық. Сондықтан, Малефисентаның орнында болсақ, біз жылауға мәжбүр боламыз. Мен осы фильмді үш рет көріп, үш ретте де жылап шықтым. Бұл фильм негізі – ертегі. Білуімше, ертегі – жарқын болашаққа үміт беретін әңгіме. Ал бұл фильм – сол үмітті үзіп тастап көрерменді жылататын фильм. Жәй ертегі болса да, оның түбі бар. Енді осы түбінде бір адамның шынайы оқиғасы жатыр. Әрине, ешкім ұшқан жоқ, ешкім махаббаттан қайғырып мыстанға айналған жоқ. Бірақ түбінде адамның тәжірибесінің қорытындысы жатыр.

Блог - BekzatIsambergenov: Малефисента: қанаты барлар түсінеді

Шарль Перро өзінің кешірімсіз қателігіне ренжіген әйелін, оның бетпақ болып кеткен түрін Малефисента арқылы көрсеткісі келген сияқты. Оны біз білмейміз. Бірақ, сол пері қараптан қарап мыстан болып кеткен жоқ. Ертегінің оригиналы, әрине, періні бірден мыстан қылып көрсетеді. Сондықтан да «Малефисента» фильмі бізге әр нәрсені басқа ракурстан көруге, әр жағдайдың түбін, себебін біліп алып, қорытынды шығаруға мүмкіндік беріп жатыр: бірден анау жаман, мынау жаман дей бермей.

Блог - BekzatIsambergenov: Малефисента: қанаты барлар түсінеді

Фильм басында үмітіңізді қайшымен қырқып тастаса да, соңында бізге кішкене ғана иненің тесігін жарып шыққан жарық сыйлайды. Ал енді осы Малефисентаның образындағы Анджелина Джолиге әнгіме жоқ! Базар жоқ! Бис! Бииииис!!! Әрине енді фильмнің сапасы осы образды дәл тапқан режиссер – Роберт Стромбергтің арқасы. Көрмеген адамдарды мен бар болмыссымен аяймын.

Блог - BekzatIsambergenov: Малефисента: қанаты барлар түсінеді

«Естеріңде болсын! Осы фильмді көрмесеңдер біржола мәңгілік ұйқыға кетесіңдер! Менің қарғысым бұлжымас әрі мәңгілік!» ©
Әрі қарай

Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсы үшін

Соғыс гүлдері / The flowers of War фильміне рецензия
Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Өз басым соғыс туралы фильмдерді ұнатпаймын. Ұнатпағанда эмоцианалды тұрғыдан ондай жанрдағы фильмдерді қарау мен үшін сондай ауыр. Сол себепті менен соғыс туралы қандай фильм көрдің деп сұрасаңыз эээ… ммм… деп қалуым ықтимал. Дегенмен, мына бір соғыс туралы фильмнен теріс айнала алмай кеттім. Негізі фильмді, сөздің шыны керек, соғыс туралы деп ойламадым. Сенесіз бе, тіпті, жеңіл комедиялы фильм деп те ойладым. Фильмнің сюжетін оқымаған едім, постеріне де назар салып қарамағанмын. Тек актерлік құрамына ғана көз жүгіртіппін.
Сонда басты рөлде қолында қос оскары бар, красавчег Кристиан Бейл ойнайтынын білдім. Фильм қандай болғанда да, жаман болмау керек деп шештім де, жүктеп алып, жайғасып қарадым. Әсерленгенім соншалық, уақыт тоқтап, 1937 жылдың 13 желтоқсанында болған Қытай-жапон соғысына тап болғандай болдым.
Фильм маған өте ұнады, әсерлендірді,әйтеуір биылдыққа бұдан артық әлі әсерлі дүниені қарамадым. Дей тұра, супер, қызықты деп те айтуға аузың бармайды екен. Соғыс көріністері, жапон солдаттарының хайуандығы, адам мүрделері, жарылыс, қан − мұндайды көре тұра «мәәә, қандай қызық!" дей алмасың анық.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Фильмнің сюжеті қытай-жапон соғысы кезінде болған шынайы оқиға желісімен түсірілген. Басты кейіпкер, америкалық табытшы Джон, қайтыс болған дін қызметшісін көму үшін, шіркеуге келеді. Сонда ол жасырынған шіркеу қыздары мен көрші көшенің жезөкшелерін көреді. Қыздарды жапондардың хайуандығынан құтқару мақсатында, ол өзін дін қызметішісі етіп көрседі.
Қысқа да нұсқа сюжеті осындай.
Сипаттамасына қарасаң, сондай бір барлық Голливуд киноларына сай банальды сюжет сияқты, иә? Сондай банальды сюжеттен фильмді кереметтей әсерлі еткен, ол – актерлер. Енді Кристиан Бейл оскарларды бекерге алып жатқан жоқ қой, оның талантына шүбә келтірмейміз. Ал қыздар ше? Қыздар жағына келсек, басты рөлдегі актриса Ни Ни үшін (оның өзіммен жасты екенін білгенімде, аздап шок болдым) бұл кино әлеміндегі алқашқы дебюті екен. Ом мане! Түріне, ойынына қарап, Қытай кинематографиясына еңбек сіңірген әртісі дерсің. Қалған қыздар да рөлдерін өте сәтті ойнап шыққан, бәрі орнымен, еш артық немесе кем нәрсе байқамадым.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Аа иә, айтпақшы, мен қалай фильм режиссері туралы айтпай отырмын? Ол деген Чжан Имоу ғой! Одан құсық туынды күтіп көр! Ол кім еді десеңіз, бұл кісі «Герой», «Дом летающих кинжалов» сынды әлемдік кинематографияның алтын қорына енген шедеврлердің режиссері. Байқап отқаныңыздай, бұл кісі фильмдерінде зұлымдық пен бірге сұлулық да қатар алып жүреді.

Қорытынды: Фильм соғыс драмасы. Мұнда соғыс атмосферасы өте жақсы берілген, қарап отырып, денең түршігеді. Фильм − ауыр, салмақты, қыздардың іс-әрекеттері ойландырады, әсерлендіреді, жігерлендіреді. Сондай режиссерімен, актерлік құрамымен, орнымен әрленген әуендерімен өте жоғары деңгейдегі жасалған фильм деп ойлаймын. Барлығына қарауға ұсынамын (әсіре қыз балдарға))).

10/10

Марапаттары:
Фильм 2012 жылы шет тіліндегі ең үздік фильм номинациясы бойынша «Алтын глобусты» жеңіп алды.
Актриса Ни Ни Азия киноакадемиясының «алғашқы дебют» номинациясын жеңіп алды.

Білесіз бе,
Фильм Гэлин Яньнның «Нанкиннен шыққан 13 гүл» атты романы бойынша түсірілді.
Басты рөлге Кристиан Бейлді Стивен Спилбергтің өзі ұсынған екен.
Қытай тарапынан «шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша 2012 жылы Оскарға ұсынылды.
Әрі қарай