Балгер арқылы күйеуге шығу мүмкін бе?

Блог - kaztube: Балгер арқылы күйеуге шығу мүмкін бе?

Өміріңізде бір рет болса да, балгер не көріпкелге барып көрдіңіз бе? Ол не деді? Алдымен сізді мақтады, иә? Мақтаған бәріне жағады. Сосын өзіңізден аз-аздап ақпарат ала бастайды да, оны өтірік араластыра отырып, өзіңізге қайта айтып береді. Сіз «рас, ей» деп қаласыз. Үйге барған соң айналаңыздағыларды баруға үгіттейсіз. Балгердің өтірікті айтқаны үшін ғана қалтасы қампая береді. Солай алданып жүргендер көп.
Блогер Эльвира Ерғалина қолына камерасы мен диктофонын алып, балгерлерге барып қайтты.
Мына сілтемеден көріңіздер.
Әрі қарай

Сасқан үйректің артқа сальто жасауы

Сатекең бал ашатындар жайлы жақсы жазып өтіпті. БАяғыда ағам екеуміз базардың маңында отырған құмалақшыға құмалақ аштырған болатынбыз. Қызық үшін. Ағам "қашан үйленетінін" анықтап әуре. Құмалақшы да құмалақтарын былай-былай ысырып,«екі жылдан кейін үйленесің» деген тәрізді әңгімелерін лақтырып жатқан болатын. Сол кезде ағам«Неге, өтірік айтып отырсыз? Менің үйленгеніме 3-4 жыл болған» демесі бар ма. анау да бір қу екен "Үйбай, мына құмалағым мына жерде тұр екен ғой, бәсе неге шатастым десем" деп бір құмалақты жанталасып басқа құмалақтарға қосып әуре)))
Енді айтарым, қазақта салған құмалағы дәл келетін құмалақшылар болған. Ол Алладан келген қасиет. Кәзіргі көшеге шығып кеткен балшылардың-емшілердің көбі психолог болып алған. Еркек көрсе «Бүйрегің, белің» ауырадымен бастап", әйел көрсе іш -құрылысың дұрыс емес деп шыға келеді. «Сенің тісің ауырады» деген емшіні кездестірмеппін.
Құмалақ салатын жерлері лас, жан-жағы босаған бөтелке, темекінің қорабы жатқан жерге Періште қайдан жуысын. Бұлар болса Періште хабар береді деп қояды.
Әрі қарай

Құмалақшыға барған кезім

Осыдан 1-2 жыл бұрын барып түсіргеніміз! Осы видео қайда деп іздеп жүрсем, кивиге кезінде салып үлгеріппін, соны бүгін таптым. Қысқасы, қызықты видеодан көріп, бағасын өздеріңіз берерсіздер!
Әрі қарай