Қыстың алғашқы күнімен!

Жұмыстың маңында мына бір суретті түсіріп едім. Астанаға қыс әлдеқашан келіп үлгерді. Енді Жаңа Жылға тура отыз күн қалды. Біздегі корпоративка 15-не белгіленді. Ұлу боп киініп барсам ба екен

Әрі қарай

Холодец...

Рахо(Роха емес) атты жолдасыммен «Дозор» шекаралық нарядына шықтық. Бізге берілген шекаралық аймақтың 36 шақырымын 5-6 сағатта айналып шығуымыз керек. Шекараның ана басына және мына басына сол күні болғаныңды анықтайтын белгі жазып кетуің керек заң бойынша. Жаз мезгілінде борпылдақ топыраққа (КСП-контрольна следовая полоса,12 метр соқамен жыртып, малалап тастаған арнайы жолақ),қыста қардың бетіне жазып кетесің.
Әрі қарай

Із қалдыру. Өзіңнен кейін.

(31.44 Kb, 500x352)

Қар жауған. Кенеттен бұрқырады. Дайындықсыз едік. Боран ұйытқыды. Аппақ қылған. Төңіректі түгелдей. Жұмыстан қайтқам. Қолымда пакеттер. Нан-пан. Сойқан суық. Біреу тұр. Бейтаныс жан. Жалғыз-жарым. Есіктегісі – код. Жабық, демек. Сыртта ызғар. Есікті тепкілейді. Адамы жоқ. Қырсығы сол. Үйге кірдім. Жып-жылы. Тамаққа кірістім. Картопты аршыдым. Пиязды турадым. Етті еріттім. Тұз жоқ. Алу керек. Дүкенге беттедім.
Әрі қарай