Кальян – қауіпті кайф!!!

Қор-қор шегіп көңіл көтеретіндерге денсаулық сақтау мамандары осындай ескерту жасады. Кальян – темекіден 10 есе көп зиян келтіретін құмарлық. Тістің шіріп, тыныс алу жолдарына кері әсері бар. Тіпті ісік ауруларына да шалдықтырады екен. Тыңдап отырсаң қор-қор шеккендердің қасына отырудан да безініп кетесің. Бәленің ішінде не жоқ дейсің. Бензол, сафилакок деді ме. Әйтеуір бір түсінгенім – никотині темекіден 10 есеге көп.
Осы күнге дейін үндемей келген (бәлкім өздері де үрлеген шығар) денсаулық сақтаушылар аяқ астынан бүлінді. «Темекісіз Қазақстан» қозғалысының қозғауымен қолға алынған бастама атқарушы билік тарапынан бірден қолдау таба кеткен. Тіпті келер 2014 жылдан бастап қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы тиісті заңнамаға өзгеріс енгізбек. Әрине, бұл алпауыт компаниялар басқарған темекіге шектеу қоюға қарағанда оңай шаруа. Шағын кәсіпкерлер зардап шегетіні түсінікті.(Дер кезінде бөлісу керек пе еді). Түркия мен Ресей уже мұндай заңды қабылдап тастапты. Олардан қаламыз ба. Қалай болса да 1 жылдан соң түтіні будақтаған ортада отыра алмайтын сияқтымыз. Кальянқұмарлар үлгіріп шегіп-шегіп алыңдар. Айтпақшы, үйге сатып алсаңдар болады. Оған тыйым жоқ білуімше. Өзім ермек етпеген соң айтпай қалғандарым бар-ау.
Әрі қарай