«Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»

Блог - Aya: «Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»Әлқисса, қара түс. Қазақы танымда қара түстің мағынасы жүз құбылады. Кейде қорқыныш, кейде мұң, кейде қайғы, кейде қасірет, ал кейде қасиет. «Қара тұту», «қара жүрек», «қара жамылу», «қаралы көш», «қара қазан», «қара шаңырақ», «қара жер» сияқты ұғымдар соның айғағы. Сондықтан да қара түстен кейде қорықсақ, кейде жұбаныш табамыз.

«Ақ гүлді көрдім, қызыл гүл тердім, ал мұны,
Көргенім осы, жабырқап кетті жан мұңы.
Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға,
Гүлдің де сірә, болады екен ғой тағдыры...»


Ұйыған сүттей әдемі сурет емес пе?! Естіген болсаңыздар қара қызғалдақ (черный тюльпан) деген гүл болады. Әгәраки, сыйлыққа осындай көмірдей қара гүл алар болсаңыз мағынасы «тұрақтылық», «жанпидалық» дегенді ұқтырады екен. Гүлтанушылар «Сенімен бірге өлуге де дайынмын» дегенді білдіретіндігін айтады. Қара түс пен қара гүлді неге байланыстырып отырмыз? Бүгін біз әңгімемізде салған әні мен лүпілдеген нәзік сезімге толы лирикалық поэзиясы арқылы көпшіліктің жүрегінен орын алған Табылды Досымовтың «Қара гүл» әні туралы сөз қозғамақпыз.

Блог - Aya: «Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»Нақышы ерекше Табылдының әндерінде мәдениеттанушы Әуезхан Қодар айтпақшы «еуропалық интеллектуализм» бар. Бітісі бөлек шығармаларының ырғағы құлақ үйренген әлдебір жаттанды әуеннен ада тосын музыка. Сондай-ақ, көкірегіңде жатталып қалатын сыршыл, өрнекті суреттермен нақышталған тұтас дүние. Сондай шығармаларының бірі бардтың өзі сүйіп орындайтын «Қара гүл» әні.
— Табылды Досымовтың қазаққа кең тараған хит әндері студент шағында жазылған. Ол – 1980 жылдардың орта шені болатын, — дейді бардтың курстас досы, журналист Арман Сқабылұлы.

Осы бір әуезді әннің шығу тарихын білу үшін белгілі ақын, "Қара гүл" әнінің сөзін жазған Жанат Әскербекқызынан сыр суыртпақтап көрдік. Апамыз бізге оңай ақтарыла қоймады. Тіпті бұл танымал өлеңін қалай, қандай сәтте жазғаны есіне түспей қалған-мыс. Сендірмеді, сене алмадым. Осыған қарап әннің шығу тарихында үлкендердің арасында жатқан әлдебір құпия бар болар деп түйдім.

Блог - Aya: «Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»««Қара гүл» өлеңі енді бойжеткен 16-17 жасымда жазылған. Қандай жағдайда жазылғаны есімде қалмапты. Десе де қазақ танымындағы қара түс үнемі тұспалдап жеткізіледі. Қыздың бойжеткен тұсы – қауыз жарған гүлдің өміріндей ғана сәт. Өсіп шығады, қауыз жарады, солады. Сол аралықта бойжеткеннің басынан небір тағдыр өтуі мүмкін, қалтарыс-бұлтарысқа толы болады ғой. Ал әннің шығу тарихына келер болсақ, қандай жағдайдан туғанынан өзім хабарсыздау екенмін.Табылды менен кейін оқуға түсті ғой. Бұл мәтін қолына қалай түскенінен бейхабармын. Алғаш Табылды өзі гитарасымен орындап берген еді. Алайда жас болғандықтан әнге көп мән бере қоймадым. Тіпті бұл әнді қалың жұртшылыққа танымал болады деп еш ойламадым. Кейінірек мәдениеттанушы Әуезхан Қодар осы әнді орысшаға аудартықызып жүргенін естідім, кейінгі тағдыры қалай болғанынан хабарым жоқ екен. Өмірде Табылдымен етжақын араластық деп айта алмаймын, шығармашылық сыйластықта болдық».

Қош дедік те, ән тарихын сезімтал лириктің бірге оқыған жолдастары мен курстастарынан сұрауға бекіндік.

Серік Жанболат, журналист, ақынның курстас досы: «Табылдының сол кезеңдерде үлкен махаббаты болды, ғұмыр бойы ғашық болып өтті. Ол қазіргі күні Өскеменде тұрады. Сол махаббат мұңына арнап шығарылған ән деп ойлаймын. Бірақ нақты емес. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын. Бүгінгі күні бұл әннің шығу тарихы белгісіз болып отыр».

Арман Сқабылұлы, тележурналист, ақынның курстас досы: «Мен Табылдымен бірге оқыдым, бір бөлмеде тұрдық. Шығармашылық сәттерінің көбінен хабарым бар, көп әні менің көз алдымда дүниеге келді. Бірақ осы «Қара гүл» әніне келгенде кібіртіктеп қаламыз, тархын білмейді екенмін. Табылдының «Қара гүлден» де мықты, рухты әндері көп. Алайда сазгердің өзі осы әнді ауызынан тастамай айтты. Автордың өзі өте қатты жақсы көрген ән еді».

… Иә, ақын Табылды өзі айтқандай махаббат қай заманда да ескірмейді екен. Ертеректе баспасөз бетіне берген бір сұхбатында ағамыз махаббат туралы әндері жайлы сауал қойған тілшіге былай дейді:
«Өнердің ар жақ тірегі махаббаттан тұрады ғой, операң да, балетің де, поэзияң да сезімнен туындайды. Ал қызға ғашық болмайтын жігітті мен дұрыс жігіт деп ойламаймын. Текті жігітті ғашық қылатын ару алдыңда тұрса неге ғашық болмасқа?! Неге оған сезіміңді әнмен, жырмен білдірмеске?!1986-87 жылдары әкем зейнетке шығатын болып тиісті орындар жаңа үй салып берген еді. Сол үйдің қора-қопсысын жөндемек болып ауылға кетіп қалды. Жаңа үйде шифонерден басқа ешқандай дүние болған жоқ, жаңғырып өлең айтсаң әдемі естілетін. Айна алдында отырып алып ән айту менің әдетім-тін. Сол үйдің ішінде «Қара гүл», «Сәйгүлік», Ұнатамын мен сені» деген үш әнді жаздым». Осылай қысқа қайырған ақынның өзі махаббаты мен «жүрегінің бөлшегіне» айналған арулар туралы жылы жауып қояды.

****

«Мына гүл менің мұңымды жаяр жаршы ма,
Сығалар мұңың, қансыра, жүрек, қансыра!
… Көз орынында көз емес, кейде қарасаң,
Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»


Тағдырлы ақынның әндеріне эстетикалық көркемдік, нәзіктік тән. Біз бүгін әуенде төгілген ғұмыр мен тағдырдың шығу тарихының үддесіне жете алмадық, білемін. Жалпы, ақынның сыршыл, тәтті мұң жатқан лирикалық махаббат әндеріне шабыт сыйлаған, арқау болған арулардың өмір жолы көмескі тартып жатады. «Шайыр біткендер шырмалып шырмауық-мұңға, Жұтады сосын қайғыны шарапқа қосып…» деген. Ендеше, Табылдының «Ұнатамын мен сені», «Күнікей қыз», «Ақ дидарың-ай», «Тәтті мұң» тәрізді әндеріне арқау болған махаббаты туралы әңгіме бөлек дастанның жүгі. Бірақ Белинский айтатын «поэзия — бақшадағы раушан гүлінің тікенін алып тастап, жұпар иісі мен сұлулығын жырлау» құдіреті бардтың қай әніне болмасын тән қасиет болып келеді. Осыны місе тұтамыз.

Төменде ән авторы Табылды Досымовтың орындауындағы жүктеме. Сөзін жазған Жанат Әскербекқызы. Мархаббат :)

Әрі қарай

Тарих жайлы жазба

Тарих... Бұл сөздің синонимін өтіп кеткен оқиға, естеліктер деп тани беруге бола ма? Әйтпесе, ол не енді? Сасыған сары тісінің арасынан жартылай қазақша, жартылай аидша, шала түсінікті естеліктерін там-тұмдап мылжалап отыратын шалдардікі де бір тарих қой. Көзілдірігін көтергіштеп, ескі университеттің не мұрағаттың жаңа ғимараттарында шетіне хатшы қыздың кофесі тиген сарғыш қағаздардан тарихтың ақтаңдақтарын іздеп, эспрессоның тамшысын Ахметтің қанына балап жүріп жазған диссерлары да тарих. Өй, қойшы соны…
Жә, тарихтағы біреулерді батыр, біреулерді ез қылған суреттеулерді айтам… Сонсоң, өздеріне өздері жаңалық ашып, жоқ нәрседен бар нәрсе тауып, бір байланыс, символизм көріп...
Әрі қарай

Бұл Мыңбала қай мың бала?



Кино атауы мың бала
Күткеніміз тым болмаса жүз бала
Киноға түскені он бала
Кино әуені бір бала.

Barsa

Жо-жоооқ… Бұл постта «Көшпенділерден ілгері, көңілдегіден кейін» (© Қисық) фильмді мақтап тұрғам жоқ. Тек қазақтағы сандарды айтылу ерекшелігін айтқым келіп отыр. Менің білуімше атам қазақта сандарды бөлшегіне дейін айтпаған. Көп сөзінің орнына мың, қырық т.б. сөздер қолданған. Мәселеңки, "Қырымның қырық батыры" жырын білесіздер ғой?! Ол жерде отыз тоғыз, қырықыншы батыр емес, мұнда қырық саны — көп деген мағынада қолданылған. "Қырықтың бірі қыдыр" дейді. Мұнда да №37 адам Қыдыр болады деген сөз емес, көптің бірі Қыдыр деген мағынада. «Мыңбаладағы» Мыңды да бұл жерде осындай мағынада айтып отыр. Одан бөлек, түстерге қатысты да осындай сөздер бар. Көне түркіде, солтүстікті — қара түспен, батысты — сарымен, оңтүстікті — ақпен, шығысты — мұтып қалдым  Қаратау тауының түпкі мағынасы солтүстіктегі тау. Алтын орда, Ақ ордалар осыған байланысты айтылған.
Әрі қарай

Қара түс (қара киім туралы)

Кез-келген бутикке кіргенде қара түске секіре берме.
Әсіресе, Шымкенттік жігіттер, сендерге арнайы айтып отырмын!
Batyr (Жігіттерге мода/жетінші абзац)


Қара түс. Құпияға толы бұл түс баз біреулерге ұнамауы мүмкін әрине. Бірақ маған емес. Неге?
1) Жылуды жақсы сақтайды. Шымкенттің +40 ыстығынан Ацсотононың +20-сы көктемнің алғашқы күндеріндей-ақ. Жаз бойы 2-рет қана терлейсің.
2) Түнде тығылып қалу оңай. Қызылды-жасылды киіммен тығылып көрш.
3) Ең бастысы — пибіқарынды жасыруда таптырмас түс. Былайша айтқанда сымбатты қылып көрсетеді.
Дәлел??! Пожалыстаңыз:



(Екеуінің де размері бір. Қара түс ақ (светлый) фонда визуально кішкентай болып көрінеді. Бешірній көйлектердің қара түсті болуы да осы себептен).

4) Қара түс осы жаз маусымында қазақшаға аударылған "Қара киімділер 3" фильмінен соң актуальді түске айналады деп күтілуде.
Әрі қарай

Аты жок, заты бар такырып! /Сіп-сівежі/

Баягы да бір Әннас-пәннас бопты. Әлгі Әннас кездесу жиын өткізуден жалықпайтын жамантүрлі екен. Соңғы кезі көп-кезікпей, төсек тартып жатырмын деп жатып алыпты тырайып. Кекіретін де халі жоқ, ерекше бір күйге еніп, жүйені жақсы ұғып, өзінің технично трактатарын жазуға көшкен екен кешке таман тымырсық емес каминьні алдында. Сигаралардың түрін шегіп болып, қатындардың түбін тауып болып тек қана қол жетпес биікке көтерілмекші ойын жүзеге асыруға жұмыстаныпты. Жұмыстанып жүргенін бір көрінісі әлгісі — Еурапаның Қаржы РЕЗеврті экономикалық тұрғысын ұстайтын пәлен болғысы келгені. Пәлен болуға да шамасы болған. Бола алмай қалды. Пах Қандай ғажап құбылыс. Оқуы-тоқуы тамаша!!! МҒУ — Мәскеу Ғылымдыжесткооқытатын Университетінің заңы жағын тамаша оқығаны сонша, Ұлы Британ Халқының Оксфорд, Менбридж деген оқығың келсе оқы* деген орындарының Эжет орталығына барып отырып кетуді жүн көріпті. Бітіре сала шауыпты, туылған тұсы Ресейге емес Қазақтың Қара даласына қарай адымдаған, адымдап келіп асығы алшысынан арине түседі! Көп жылдар қыратынын қырып жыратынын жырып үлгереді. Көп қырғаны сонша қаптап кеткен. Бұл Пәле — Израйлдьдіктердің қасиетті топырағынан болып жүр екен*
Әрі қарай