ҚАЗАҚҚА ҚАЙЫР ХАН ЖАҚЫН БА, ӘЛДЕ ШЫҢҒЫС ХАН БА?!


Ентелеп келген жаудың ентігін бес ай бойы қаланың сыртында, бір ай бойы қамалдың ішінде басқан, монғолдармен өліспей-беріспейтін шайқастың ең жоғары жанкештілігін көрсеткен Отырардың билеушісі Қайыр ханның ерлігі заманында алысқа тараған. Ағыны күшті су толқынындай толықсып келген монғолдың ең таңдаулы жасақтарын басқарған Шағатай мен Үгедей нояндарының қолы Сырдария өзенінің жағасындағы ұлы Отырар қаласының қақпасының алдында бес ай дәрменсіздік көрсетіп, толқыған күш кейін ысырылды. Намыстың көкжалын ауыздықтаған монғолдар үсті-үстіне тас және от атқыш қаруларын қолданып, қамалдың дуалдарын бұзуға, қайыспас қазақ ұландарының жігерін құм етуге ұмтылғанымен, алты ай бойы жеңіске жете алмады.
Әрі қарай