"Қазақ елі" анимациялық фильмі



Мультфильмнің сюжеті — Қазақ хандығының құрылуы, Керей мен Жәнібектің билік құрып, Әбілхайыр хан ордасынан бөлініп шығуы турасында.

Балалардың қызығушылығын арттыру үшін батырлардың садақ ату, қылыштасу, атпен шабу, жауынгерлік өнердің түрлі тәсілдерін үйренуі кеңінен көрсетіледі. Ел басқаруда білімнің де маңызы зор екенін ұғындыру үшін Керей мен Жәнібек ханның Отырар қаласына аттануы, Отырар кітапханасын аралап, ғұлама ұстаздардан түрлі дәріс алып, елге оралғанда түрлі ерлігімен көзге түсе бастауы да сәтті ойластырылған.

Жобаның режиссері — Батырхан Дәуренбеков, көркемдік кеңесшісі — Дулат Исабеков, продюсері — Сәбит Әбдіқалықов, сценарий авторы — Сағаділдә Үсіпәлиев.
Әрі қарай

Туған жерден топырақ бұйырсын

«Жер сатылғалы жатыр» дегенді ойлап кетсем ұйқым бұзылады. «Мүмкін емес» деп сенгім келмейді. Бұл #ЖЕР атаның күшімен, ананың жасымен келді ғой. Әріге бармай-ақ бергі 86-жылғы жастардың көз жасы мен қыршын жандары ше?! «Арендаға ғана береміз ғой» деп жұбатады елді. Онда әйелдерің мен қыздарыңды арендаға беріп көрсеңдерші дегім келеді. Себебі «жер» тіпті жаннан да қымбат. Кезінде батырлар қойнындағы қатынын сұрағанға да көнгенмен ұлтарақтай жерге келгенде атқа қонды. Бұл дегеніміз болашақтың қамы үшін еді ғой. Ал, сол болашағы, ұрпағы жер үшін не бітіріп жүр?! Жақсы. Не бітіріп жүрміз?! Біздің алшаң басып жүргеніміз сооол ата-бабаның еңбегі. Солардың аманаты! Шіркін солар қазіргі «жер сатайық» деп дүние қуған намыссыз шенеунікті көрсе не істер еді? "Қазағым ұсақталып бітіпсің-ау" деп күлетіндей. Үйдегі жүрген кішкентайларға туған жердің қадірін түсіндірейік. Қандай қиыншылықпен келгенін білсін ұрпақ. Сонда ғана олар кейін жер мен елдің қамын ойлайтын болады. Ал егер түсінік бесіктен бастау алмаса "қазіргілер" сияқты сатайық деп отырады. Ондайлар халықтың қаһарына ұшырайды.

Жоооқ достар! Жан-жағымыздан анталап алпауыт Ресей мен қаптаған Қытай тұрғанда батылдығы мен ақылдығының арқасында шекарамызды белгілеп алған #Елбасы жерімізді жатқа таптата қоймас! Ондай қорқынышты түстің бетін аулақ қылсын! Жер қазақтікі! Оның мәселесін шешу бір-екі шенеуніктің қолында емес! Халық қалады ғой деп сендірген депутаттар да бұны жақсы түсінеді деп білемін.
Білгішсінгенім емес! Жәй ғана толғанысым, жеке пікірім!
Бәрі жақсы болады достар!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Баршаңызға туған жерден топырақ бұйырсын! Басқа не айта аламын…

Қазақтың сатылмасын жері ешқашан,
Жер үшін қан төгілді емес пе сан?
Келімсек, кірмелерге жер сатуды,
Өлсем де қолдамаймын мен ешқашан! © Балғынбек Имашев
Әрі қарай

Әннің де естісі бар

Жақында Әли Оқапов «БЕШ» атты бейнеклипімен жұртты шулатқан болатын. Сол бейнеклип ғаламторды жайлап кеткен соң, оның шығармашылығына қызығу танытып, қазақ тіліндегі бейнеклиптерімен таныстым. Барлығы тым жақсы, соның ішінде, әсіресе ұнағаны, «Алға» бейнеклипі. Әуені ырғақты, биі жақсы қойылған, сөзінің де мәні бар дер едім.


Ринго тобының «Толғау» бейнеклипінің шыққанына біраз болды, бірақ қараған сайын, қарай бергім келеді.


Ғалымжан Молданазардың "Қазақ жұрты" әні жуырда жарыққа шықты. Ғалымжан әдеттегідей ерекше.
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері және бүгінгі қазақ

ТӨРТІНШІ СӨЗ
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де — бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі — өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Осы жазылған қара сөздер осы уақытқа дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес. Осы сөздерде қазақ психологиясының негізі жатыр десем қателеспеспін. Өйткені мұндағы жазылған ой-пікірлер әр қазақтың басында бар нәрсе. Сондықтан мектептерде осы қара сөздерді оқытуды оны талқылауды арнайы бағдарлама жасаса екен. Біз қазір агент, түрік, корей сериалдары, т.б осындай толып жатқан дүниелерге оранып алып шыға алмай жатырмыз. Әр қазақ оқушысына осы Абай атамыздың қара сөздерін оқыту талап етілсе жақсы болар еді. Ал Сіз қалай ойлайсыз замандас............
Әрі қарай