«Қазақия-2015» блог-сапар байқауының екінші кезеңі басталды

Блог - asaubota: «Қазақия-2015» блог-сапар байқауының екінші кезеңі басталды
Жалпы «Қазақия-2015» блог-сапар байқауына қатысуға 50-ге жуық өтініш келіп түсті.
ІІ кезеңге 26 үміткер өтті.
Қайсыбір азаматтар бұл тізімге байқау талабына (әлеуметтік желідегі белсенділігі (о.і. 2000 дос) және сапалы пост жазумен (кем дегенде 2) өзінің қабілет-қарымын көрсету) тиісті дәрежеде сай келмеуіне байланысты ілікпей қалды. Сіздердің байқауға деген ынталарыңыз бен ниеттеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Ал кім де кім өзін осы тізімнен көрсе, сіздер үшін байқаудың жаңа шартын қабыл алыңыздар.
Бұл үміткерлер белгілі маршрут (12 станса) бойынша қазылар алқасына өз жол картасын – жоспарын ұсынуы тиіс. Дедлайн — 04.04.2015 ж. (Астана уақытымен) күндізгі 09:00-ге дейін.

Жоспарда үш графадан тұратын кестеде келесі ақпараттар міндетті түрде керек.
1. Станса атауы 2. Сол стансада жазатын, түсіретін, көрсететін нысандары мен адамдарының болжамды тізімі (кем дегенде 7 тақырып). 3. Болжамды форма (интервью, фото, инфографика, мәтіндік пост, видео, инфографика, т.т.)

Индивид жол картасын ұсыну – «бара көреміз», «пойыздан түсе сала селфилете саламыз», «достарым көмектеседі», т.т тәрізді дүниелердің алдын алу үшін көзделген. Әжептәуір уақытқа сапарға шығатын болғандықтан, біраз жерді бір сапар бойы көруге мүмкіндік болғандықтан, осындай талап. Және маңызды талап. Шешуші талап

Қуаныштарыңызбен бөлісіңіздер, 12 стансаны іздеп, дайындалыңыздар. Елді бірге таниық!

{Тізім әліпбилік (атына байланысты) ретпен}

1. Айжан Кульмуханбетова
2. Ақбота Мұсабекқызы
3. Алмас Алтай
4. Амалбек Өміртай
5. Амангүл Мадетханқызы
6. Асел Абилбекова
7. Әйгерім Бегімбет
8. Әйгерім Кеулімжай
9. Берік Сұлтан
10. Бижан Садибеков
11. Данияр Жаныс
12. Данияр Қанқожаев
13. Динар Нахыпбек
14. Нұрлыхан Қалқаманұлы
15. Керім Құрал
16. Мағзұмхан Аманбек
17.Мадина Әбдіқадырова (Реброва)
18. Марфуға Шапиян
19. Мейірман Сауранбеков
20. Нұрбек Бекбау
21. Нұрбол Ханағат
22. Нұрлыбек Рахманов
23. Көкбөрі Қазақұлы
24. Серікбол Хасан
25. Шолпан Санақбай
26. Эльвира Ергалина

ІІ кезеңге өткен үміткерлерге қатысты ақпарат:

1. Жолсапар жоспарын 04.04. 09:00-ге дейін ұсыну керек. Кешігу не жоспарды поштаға жібермеу байқаудан тыс қалуды білдіреді.
2. Жоспарларыңызды блогқа, ӘЖ-ге жариялаудың қажеті жоқ, оны қазылар алқасына ұсынасыз, жоспарға деген жауапкершілік, сапасы, зерттегеніңіздің, ақпарат қарағаныңыздың көрінуі ондыққа енудің жалғыз мүмкіндігі.
3. Жоспар — кәдімгі «сапарға барсам, мынаны жазғым келеді, мына кісіні түсіргім келеді» дегеннің кестеге түскен түрі.
3. Бүгін-ертең ӘЖ-де позитивті көңіл күйді жалғастыра түсеміз, ізденіске түсіп «жоқ» боп кетпеңіздер

Поштамыз — qazaqia2015@gmail.com
Әрі қарай

Менің туған ауылым – Томар ауылы

Қарға тамырлы қазақ болғандықтан әрқайсымыздың жүрегіміздің түкпірінде туған ауылға деген сағыныштың болатыны анық. Бәлкім сіздерде ондай сезім жоқ та болар. Өз басым ауылда туып-өскендіктен бе, әйтеуір қалаға келгелі қолым қалт еткенде туған еліме тайып отыруға құлшынып тұрамын. Бүгін сіздерге өз ауылым туралы біраз ақпарат беріп өтейін. Неге «Томарлық» деп сұрағандарға беретін жауабым да бар.

Томар ауылы
Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы
Қарқаралы ауданына қарасты елді мекен. Іргетасы 1965 жылы қаланған. Ағымдағы жылдың тамыз айында 50 жылдық мерейтойы тойланғалы отыр. Әуелі Прогрес колхозының орталығы болады. Кеңес үкіметінің дүркіреп тұрған шағында біздің ауыл да біршама дамып, аудан, облыс деңгейінде экономикасы ең дамыған, болашағы зор елді-мекендер қатарына кірген. Барлық ауылдар жекешеленіп, колхоз бен совхоздар таратылып жатқанда «Прогрес» кейіннен «Томар» кеңшары сақталып қалды. Бертінге дейін таратылмай жұмыс істеп тұрды. Бұл ауыл халқының ауызбірлігінің жоғары болғандығының айғағы еді. Алайда нарық өз дегеніне көндірмей қоймады. Ағайын арасына алауыздық еніп, шайтанның азғыруымен бір тұтас «Томар» кеншары бірнеше ұсақ шаруа қожалықтарына ыдырап кетті. Нәтижесінде жеке шыққандардың көбісі жұмыстарын жүргізе алмай, тақырға отырды. Бұл ауылдың әлеуеті үшін үлкен соққы болып тиген еді. Бірақ, аброй болғанда ел есін жиып алды. Қазір, біртіндеп дамып келеді. Ауыл халқының негізгі күн көріс көзі мал өсіру. Егіншілік жақсы дамымаған. Арқаның кең жазығында орналасқандықтан жылқы және қой малдарын ұстауға ыңғайлы. Томар ауылы аудан орталығы болып саналатын Қарқаралы қаласынан 136 км қашықтықта орналасқан. Қарағанды облысының шығыс шекарасында тұр. Егер Томар ауылынан әрі қарай дала жолымен 90 км жүретін болсаңыз Шығыс Қазақстан облысынан бірақ шығасыз.
Ауылда қазір шамамен алғанда 150-200 үй бар. Бұрын селолық округтың орталығы болған еді. Біздің ауылға қосымша үш ауыл (Айғыржал, Тоқылдақ, Ошан) қараған. Қазір ол ауылдардың халқы қалаға қоныс аударып, өлі қала бейнесіне түсіп тұр. Аталмыш елді-мекендерде тек жаз айында ғана тіршілік нышанын байқауға болады. Алты ай қыс қолдағы малын ауыл іргесіне қамап ұстаған ағайын, жаз шығып жер кеңігенде жайлауға сол өңірлерге шығып кетеді. Бұлардан бөлек Томар ауылына 28 мал фермасы қарайды. Таза мал өсірумен шұғылданып жүрген кейбір отбасылар қолдарындағы мал-мүлкімен бірге тау-тастың арасын паналайды. Мұның өзіндік тиімді тұстары бар. Біріншіден ауыл айналасы таза, екіншіден жеке бағылғандықтан малдың күйі де жақсы болады және өсімі де жоғарылайды.

Табиғаты
Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы
Табиғаты ерекше сұлу деп айта алмаймын. Сарыарқаның ұсақ шоқыларының арасындағы жазықта орналасқан. Басқа ауылдардан бір ерекшелігі қыс ерте басталып, кеш аяқталады. Көршілес ауыл Бақты елді-мекенінде қара жер көрініп, жұрт малдарын өріске шығарып жатқанда біздің жақта қалың қардың мұрты да бұзылмай тұра береді. Бірақ, солтүстігімізде сұлулығы Қарқаралы, Кент, Көкшетау сұлулығынан артық болмаса кем түспейтін Темірші тауы орналасқан. Көлігі бар адамға 30 минуттық жер. Жаз айларында сол таудың бөктеріне барып, табиғат аясында демалып қайтуға болады. Темірші тауының тағы бір ерекшелігі жан баспаған мекен болуында. Мәселен, Көкшетау мен Қарқаралыға бара қалсаңыз шашылып жатқан қоқыс атаулыдан және тастағы шимай шатпақтардан көз ашпай қаласыз. Себебі жұрттың бәрі сол өлкеге демалуға барады. Қайтарда қоқыстарын тастап, шашып кетеді. Ал біздің елді-мекендегі тау алыста орналасқандықтан көп ешкім келе бермейді. Сондықтан өзінің табиғи сұлулығын сақтап қалған.

Суреттер сөйлесін

1. Томар ауылының 3000 метр биіктіктен түсірілген суреті. <uСуретті мұқият қарасаңыз, төменгі жағындағы «coogle» деген жазудың жанындағы үйлердің ішінде бір үй сарымен белгіленіп, «Томар» деп жазылып тұр. Мен сол үйде туып, 2011 жылға дейін тұрғанмын. Сабаққа жаяу барып-келу қиямет-қайым еді. Әсіресе қыс айында.

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

2. Ауыл көрінісі. Шілде айында

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

3. Ауыл көрінісі. Ақпан айы

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

4. Жылқы кезек. Қарай айғыр.

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

5. Сол бұзау іздеп келе жатқанбыз

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

6. 11-жылдық ауыл мектебі. Құрылысы кеңес одағы тұсында басталып, аяқсыз қалған. Тек 2000 жылы қайта қолға алынып, 2002-2003 оқу жылында пайдалануға берілді.

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

P/S: Байқағандарыңыздай ауылымның басқа елді-мекендерден анау айтқандай айырмашылықтары жоқ. Бірақ, мен үшін қашан да ыстық. Барлық ғаламдағы ең сұлу, ең көркем жер осы. Ата-бабаларымның сүйегі қалған киелі өңір. Мектепті аяқтап, үлкен қалаға қарай қанат қаққанда туған елімнің мақтанышы боламын. Қайда жүрсем атын шығарамын деп серт берген болатынбыз. Сондықтан лақап атымды «Томарлық» деп қойдым. Білмегендер біле жүрсін дегенімғой. )))
Әрі қарай

Әлеуметтік желі блогерлеріне арналған жарыс: «Қазақия-2015»

Блог - asaubota: Әлеуметтік желі блогерлеріне арналған жарыс: «Қазақия-2015»

«Қазақия-2015» блог-cапар шарттары

Бұл не байқау?
«Қазақия-2015» бұл – 14 тәулікте Қазақстанның 8 облысы мен республикалық маңызы бар қаласын, 12 стансасын темір жол бойымен басып өтетін блог-байқау.
«Қазақия-2015» бұл – 1 000 000 теңгелік жүлде қоры бар, сапалы интернет-контент жасай алатын, әлеуметтік желі белсенділерінің бірегей сайысы

Байқаудың мақсаты не?
Байқаудың мақсаты – әлеуметтік желі белсенділерінің көзімен Қазақстанды ең алдымен өзіміз үшін жаңа қырынан таныту, қазақ тілді интернет кеңістікті (әлеуметтік желі) сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру.

Қашан болады?
Байқау іріктеу кезеңдерін қоса алғанда, 26 наурыз бен 25 сәуір аралығында өтеді. Блог-сапардың өзі 10 сәуір мен 24 сәуір аралығында өтеді.

Кім қатыса алады?
Байқауға әлеуметтік желіде (оның ішінде Фейсбукта) белсенді, тұрақты пост жазушы (кем дегенде аптасына 1 пост), сапалы контент қалыптастыра алатын кез келген азамат қатыса алады.
Байқау тілі – қазақ тілі.

Қалай іріктеледі?
Қатысуға ниет білдірген интернет-белсендінің кем дегенде 2000 интернет-досы болуы тиіс. Әрбір үміткер өз парақшасында осы ақпаратпен бөліседі және «Қазақия-2015» байқауының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған жаңалықтарды бөлісіп, таратуы тиіс.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезең – интернеттегі іріктеу (26-31 наурыз, 2015)
Байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтар qazaqia2015@gmail.com поштасына: аты-жөні, туған күні, жылы, әлеуметтік желідегі профиліне сілтеме және байланыс құралдары (телефон) туралы ақпаратты жолдайды.
Және іріктеу мақсатында қатысуға үміткерлерге келесі бағыттар бойынша 2 пост (фото, бейне, мәтін) жазу сынағы беріледі.
1. «Көктемгі позитив»
2. «Өзіңнен баста!»
3. «Менің жерім»
4. «Ата-анама құрмет»
5. «Отбасым – Отаным»

Ұйымдастыру тобы өтініш білдіргендердің ішінен байқау шарттарына сәйкестігі мен интернеттегі белсенділігі мен тартымдылық индексіне қарап, 50 адамды іріктеп келесі кезеңге өткізеді. Бұл тізім ресми парақшаларда жарияланады.

Келесі кезең – арнайы байқаудың қазылар алқасы осы елуліктен блог-сапарға аттанатын ондықты (12-13 адамға дейін болуы мүмкін) анықтайды.
Бұл ондыққа ілігу үшін әрбір қатысушы сапар бойынша өзінің болжамды жоспарын ұсынуы тиіс. Жоспарда маршрутқа сәйкес стансалардың атауы мен ол жерде өзі жазатын посты, түсіретін фото-видеосының тақырыбы мен кейіпкері, формасына байланысты ақпарат болуы керек. (5 сәуірге дейін, 2015)

Үшінші кезең – блог сапар (10-24 сәуір, 2015 )
Блог сапарға аттанатын топқа қосылған байқау қатысушылары – пойызбен жолсапарға шығады. Байқау қатысушыларының еңбегі интернеттегі жазбасының тартымдылық индексі (пост, перепост, like, комментарий) ескеріле отырып, қазылар алқасының қорытынды шешімімен анықталады. Сапар маршруты мен нақты байқаудың ережелері және байқаудың қазылар алқасының құрамы қосымша жарияланады.

Жоба демеушісі – Altel 4 G GSM компаниясы
Қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныс-өтініштеріңіз бойынша: qazaqia2015@gmail.com, +7 701 958 59 45
Әрі қарай