20 жас ғалымға шәкіртақы тағайындалады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 20 жас ғалымға шәкіртақы тағайындайды. Айына 1 мың АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы төлейді. Ғалымдар: мұнай, химия, электроника, телекоммуникация сияқты салаларда инновациялық ізденіс жүргізеді. Осылайша, әл-ауқат қоры отандық ғалымдардың ғылыми жаңалығын өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. Өйткені, бүгінде ғылым мен өндірісте байланыс жоқ. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов: «Екі сала екі бөлек ғұмыр кешіп жатыр», — дейді. Отандық ғалымдарда жаңалық жоқ емес, бар, тек оларды өндіріске енгізуге ниетті зауыттар жоқ. Зауыттарға нақты жоба қажет. Ал ғалымдарда ойлап тапқанын сынап көретін зертхана жоқ. Осы түйткілді шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» алдағы жарты жылда инновациялық жобаларды жүзеге асырудың жүйесін дайындап шығарады.
Әрі қарай