Шыбынның дәрісі

Тоқсаныншы жылдардан да тірі шықтық қой.Zilola

Тоқсаныншы жылдар...Өліара… Біздің мектептік жылдарымыздың бастауы сол уақытпен тұспа-тұс екен. Бізге(біздің мектепте) ешқандай тәжірибелік класс аман жетпеді. Тіпті, қарапайым гербарий жасамаппыз да. Бұл-бұл ма, "қайықшыға жел қарсы" демекші бор тапшылығына кездестік. Тырнақтың басындай борды алты сабаққа жеткізетін мұғалімдер бар еді.sammita секілді старостылардың сумкасында жүретін түрлі-түсті борларда таусылды. AKY тәрізді тазалық секторлары бүкіл кластарды жағалап, мұғалімдерден бор сұрайтын замандар туды. Есікті аша бергенAKY типтестерге мұғалімдердің тряпка лақтырып жіберетін де кездері жиі ұшыраушы еді.Ізбеспен (әктас) жазып көрдік. Болмады.Мұғалімдер саусағын сілекейлеп алып тақтаға жазуды шығарды. Білімге деген құштарлығымыз артып, сілекей кепкенше жазып үлгеруге тырысатынбыз. Біздің осы күйімізді Құдай көріп, қытай құтқарды.Дәлірек айтсақ, қытайдың шыбынға қарсы шығарған дәрісі құтқарды. Бор тәрізді қанық жазбаса да ізбестен жақсы еді жарықтық. Тақтаға шығып бор жеп қоятындарға қатаң ескертулер жасалып отырушы еді сол бір замандарда…
Әрі қарай