Четвергандрей фон-Марковик : "Ақтөс" феномені
Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.
Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.
Кент халқы да қарап жатпай, бастықтарының бір ауыз сөзін жерге тастамады. Белсенділік танытты. Үйінде аш қалған баласы жылап, «тойып» алған күйеуі қақсап отырса да мектеп мұғалімдері мен медицина қызметкерлері бір ауыздан қалмай келді.