Шекспир пьесалары Болливудта

Блог - Nodar: Шекспир пьесалары Болливудта

Мен бір мынандай ойға келдім.

Егер ел дамыған ел болса, олардың кино нарығында махаббаттан басқа, саясат, өнер, тарих пен философиялық мәселерге дақын фильмдер болады. Егер ел дамушы әлде дамымаған болса, махаббат тақырыбыкино нарығындағы фильмдердің 99%-ын құрайды. Мысалы, біздің елді той, келін-ене сынды тұрмыстық тақырыптар жақсы өтеді. Бұл жамандау, менсінбеу емес. Жай ғана факт. Деңгейіміз.

Үндістандық сериалдар мен фильмдердің басым дені тұрмыс тақырыбынан аспайды. Алайда, сапасына келсек, бұрынғы «бай-кедей», махаббат тақырыптарынан басқа, адамның эмоциясына ойнайтын арзан фильмдерден бөлек Болливудта жыл сайын 2-5 тым тәуір фильмдер шығады. Мысалы, Болливудта Шекспирдің атақты пьесалары баяғыда-ақ экрандалған. Және қалай-қалай экрандалған. Өте мықты, пьесаның желісінде, өз орталарына бейімділген нұсқада. Сол баяғыша әні мен биі бар, бірақ одан фильмдерінің құндылығы жоғалмайды.

Боливуд фильмдерінің фанаты ретінде Сіздерге де қысқаша мағлұмат бере кетейін.
Әрі қарай

Болар іс болды...

«Аноним»


Толық көріп шықсаңыздар осы кинода бірдеңе бар. Сөздің құдіреті туралы. Шекспир. Ел алдында кіршіксіз өнердің әлеуеті любой әскеріңнен биік екенін көрсетеді.

Болар іс болды. Жаңаөзендегі жағдайды 86-дағы жағдаймен салыстырып жатыр. Арандатушылық дейді. 86 жылғы жағдайдың арты қайырлы болып, Азаттық алып берген болатын. Ал мынау жағдайдың арты не болар екен? Тек қайырлы болғай!
Әрі қарай

Шекспир: Қорқамын

Шекспирдің осы бір өлеңін қазақша іздеп көрген едім, таба алмадым. Аударылған нұсқасы болса бөліссеңіздер екен. Ал егер жоқ болса, ұйқастан хабары бар мүшелеріміз түзетсе екен деген тілек бар менде  
Әрі қарай