Сылтау! Сылтау керек!

Жаппай өтпуск жайлаған кезең. Адамдарда «шабаданды көңіл-күй». Жұқпай қоймайды екен. Менің де «ауруым» басталды, бүгін тағы жұмысқа кешігіп келдім. Күндегі әдетімше аяғымның ұшымен басып келе жатсам, қарсы алдымнан отдел кадр бастығының шыға келмесі бар ма (1 ай бойы ешкімнің көзіне түспей жүрген ем) Өтірік жымиғансып, басымды изеп жанынан өте шықтым. Уффф! Қатардығы қызметкермін, фамилямды жатқа білмейтін шығар деп үміттенем.
Сәлемдесе кабинетке кіріп келсем Директордың өзі төрге жайғасыпты. «Таң атпай не істеп жүр, отырмай ма кабинетінде». Ішімнен.
Екі адам ғана жұмыс орнында. Бірнәрсе дейтінін ішім сезіп тұр  
-Ммм, 16 минөт… не болды?
Дәлелді сылтау ойлап табуға уақыт жетпейд…
-Ұйықтап қалыппын…
Қарсы столға көзім түсіп кетіп еді, коллегам шұқшиып бірнәрсе жазып отырғандай. Мм, түсінікті.
-Объяснительный жаз!
Бас шұлғудан басқа амал жоқ. Не жазам, а?! Қап, нем бар еді ашықауызданып…
2-3 парақты шимайладым. «Ұйықтап қалуыма байланысты» деп жазып көріп едім, біртүрлі… күліп алдым еріксіз) Ақыры «Уақытты тиімді пайдаланбауыма байланысты… енді қайталанбайды» деп жаздым.
Менен кейін елген әріптестерімнің сылтаулары:
1. ваннадан су кетті,
2. медсправкадан өтуге поликлиникаға бардым,
3. үйге қонақтар келіп еді, соларды шығарып салдым.
P/S. Құдай қаласа, 22 аптадан соң өтпуск. Оған дейін неше рет «ұсталар» екем?! Бауырлар, илана қалатындай сылтаулар мен мықтыыы аргумент айтындаршы.
Әрі қарай